Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2864 0 пікір 3 Желтоқсан, 2010 сағат 06:28

Қазақстан ИКҰ-ға төрағалығы қызметінде Шығыс пен Батысты жақындастырады, деп уәде берді Назарбаев

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету тәжірибесі бар Қазақстан 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына  (ИКҰ) төрағалық ету кезінде Шығыс пен Батысты жақындастырмақ ниетте, деді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Діни иерархтардың келіссөздер үстелінің басына отырып, осы тақырыпта ашық диалог жүргізетін кез келді. Неге иудейлер бір кезде Христосты өлтірді десе де, христиан мен иудаизм діндері ортақ тіл таба алды? Неліктен ислам мен христиан діндері ортақ тіл таба алмайды? Біздің мүмкіндігіміз бар, мен діни ұйым болып табылатын ИКҰ шеңберінде ислам және христиан әлемдерінің лидерлері осындай диалог бастауы үшін тырысатын боламын», - деді ол жұма күні ЕҚЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша өткен брифингте журналистің сұрағына жауап бере отырып.

Мемлекет басшысы диалог алаңы ретінде Астананы, нақты айтқанда, әлемдік және дәстүрлі діндер съезін ұсынды.

Н. Назарбаев Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы 2011 жылдың маусымында басталатынын, ал наурыз айында осы Ұйымға мүше елдердің басшыларының саммиті өтетінін және оған өзі қатысатынын айтты.

«Қазіргі конфессияаралық және мәдениетаралық келіспеушіліктердің екіжақты мәні бар деп ойлаймын. Және кейбіреулері өркениеттердің қақтығысынан болып отыр дейді. Мен олай ойламаймын. Бұл фатальды жағдай емес, өйткені христиан, ислам, иудаизм бір діннің тармақтарына жатады. Бір де бір қасиетті кітапта кісі өлтіру, лаңкестік немесе тағы осындай бірдеңе насихатталмайды. Олар біздің әлемге келіспеушілік үшін емес,  бейбітшілік құру үшін берілген», - деді президент.

0 пікір