Жұма, 26 Сәуір 2024
3748 0 пікір 6 Қазан, 2017 сағат 09:15

Түркияда соққыға жығылған қырғыз әйелін еліне қайтару мәселесі қаралып жатыр

Түркияда екі полицейдің қырғыз азаматын соққыға жыққанына байланысты Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі пікір білдірді.

«Қазіргі уақытта екі түрік полицейі тергеу ісі аясында қызметтерінен уақытша шеттелді», - делінген сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

5 қазанда Түркиядағы қырғыз елшілігі Аланияның қауіпсіздік басқармасына хабарласқан. Ондағы қызметкер консулға болған оқиғаны растаған.

Жәбірленуші қазіргі уақытта медициналық және психологиялық көмек алып жатыр екен. Тергеу ісі аяқталғаннан кейін, жәбірленушіні отанына жіберу туралы шешім қаралады.

Түркияның Алания қаласында екі полицей қырғыз әйелін соққыға жыққан. Оны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған. Ал жергілікті полиция басшысы БАҚ-қа берген сұхбатында 40 жастағы қырғыз әйелінің психикалық ауытқушылығы бар деген.

Abai.kz

0 пікір