Жексенбі, 28 Сәуір 2024
4533 1 пікір 22 Қыркүйек, 2017 сағат 10:25

Өзбекстанда газ өңдеу зауыты өртенді

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы Мубарек газ өңдеу заутының өндіріс цехында жарылыс болды. Қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, тағы бір жұмысшы ауруханаға түсті.

Куәгерлер берген мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандар мен жараланған адам осы зауытта жұмыс істеген. Олар цехта монтаждау-жөндеу жұмыстарын жүргізген. Зауытта жарылыс себебін анықтауға арналған үкімет комиссиясы құрылды.

Жұмысшылардың бірінің хабарлауынша, жарылысқа техникалық қауіпсіздіктің сақталмауы себеп болуы мүмкін.

"Цехта пропан-бутан алатын құрылғы жарылған. Бұл құрылғының басшысы, слесарь және оператор сол жерде жан тапсырды. Тағы бір жұмысшы газбен уланып, ауруханаға түсті", - деді ол.

Abai.kz

1 пікір