Жұма, 10 Мамыр 2024
Билік 4435 1 пікір 19 Қыркүйек, 2017 сағат 14:08

Аудармашыларға арналған 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтпек

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы түрлі салалардағы аудармашы мамандарға арналған 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өтбек, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Курстың тақырыбы: Салалық аударма және құжаттар тілі

Курста аударма ісі бойынша мынадай мәселелер талқыланады:

  • қазіргі таңдағы салалық аудармаларды сауатты аудару;
  • аударма жасаудың тиімді жолдары;
  • аударманың баламалығы;
  • салалық аудармада терминдердің бірізділігін сақтау

мәселесі;

  • ісқағаздарды жүргізуде тілдік норманы сақтауды қалыптастыру, құжаттар дайындауда нормативтік талаптарға сай дұрыс жазу ережесін сақтауға дағдыландыру.

Курсқа қатысып аударма саласы бойынша, іс жүргізудегі біліктілігіңізді арттырыңыз! Курстың ұйымдастырылуына (өткізілу форматына, лекторға) байланысты талап-тілектеріңіз болса, tilortalyk@mail.ru электрондық мекенжайына хат жолдауыңызға болады.

Курсты тәжірибелі сала мамандары, ғалымдар жүргізеді.

Курс – ақылы.

Өткізілетін уақыты: 25-27 қазан

Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран 7А

Толық ақпарат алу үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар:

8 (7172) 40 83 67, 8 707 518 10 18,                 8 747 501 31 91

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1871
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1919
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1611
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1476