Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 4424 2 пікір 15 Қыркүйек, 2017 сағат 09:36

Біртүрлі бата

Біздің қоғамнан қорқып кетесің... Ананы естіп, мынаны естіп, есіңнен де танып қала жаздайсың. Мұндай кезде ақ жаулықты әжелер немерелерінің таңдайларын көтеріп жатушы еді ғой? Мен де сіздердің таңдайларыңызды көтерейін. Аа.. Ауыздарыңызды ашыңыздаршы? Жарайды, сіздерге біртүрлі бата берейін, қолдарыңызды жайыңыздар:

– Ия, Алла, құдай балаларын балконнан лақтырғандардан сақтасын, қылмыс әлемінде басшыларына тақ тұрғандардан сақтасын, әйелін тепкілеп, атпен сүйрегендерден сақтасын, нашақорлыққа салынып, болашағы күйрегендерден сақтасын! Ертіс өзенінен басына пакет кигізілген әйелдің мәйіті табылмасын, тергеуден зәрәзәп болғандар прокуратура алдында тірідей отқа жағылмасын, қатыгез ата-анасы балаларын өлтіріп, тоңазытқышқа салмасын, жастар жабайыдай төбелесіп, бастарын жармасын, күйеуі әйелін 22 жерінен пышақтамасын, ондай маньяк бауырларын құшақтамасын, ия Алла, Сириядағы соғыстан сақтасын, дініміздегі жат қоқыстан сақтасын, Мьянмадағы халықты малша бауыздаулардан сақтасын, қысқасы, жер бетіндегі жауыздардан сақтасын! Ойымыз осып түсер қылыш болсын, мына заман лайым, тыныш болсын! Әумин!

Мұхтар ШЕРІМ

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1070
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 965
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 712
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 814