Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 5478 1 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 09:39

Күн сайын ата-аналар жиналысы...

Сабақ басталған күннен бастап мектебімізде күн сайын ата-аналар жиналысы. Бірінші сыныптар бастап, сосын екінші, үшінші, бесінші... тоғызыншы деп жалғасты.

Биылғы ата-аналар жиналысында қолымызға келісім-шарт ұстатты. Мектеп тәртібі, оқушының, мұғалімнің, ата-ананың міндеттері көрсетілген. Мектептің ішкі құжаты, былайша айтқанда. Сол құжат бойынша, балалар мектеп формасын киюі керек, дене шынықтыру киімдері де нормаға сай болуы керек, оқушы қыздар 2-3 сантиметрден биік аяқ киім кимеуі керек, тағысын тағы.

Кейде әркім-әркім өз құқығын алға тартып, осындай кішігірім тәртіпке бағынғысы келмей жатады ғой. Негізі, сол дұрыс емес деп ойлаймын. Тәртіп болмаса, ештеңе болмайды. Иә, заң бойынша, барлық бала орта білім алуға міндетті. Бірақ, соны алға тартып, әркім ойына келгенін істесе, оның түбі жақсы болмайды.

Жұлдыз Әбділда

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір