Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2260 0 пікір 26 Қараша, 2010 сағат 10:10

Екі ағылшынды Борат туралы әзілі үшін соққыға жыққан қазақстандық студент 750 фунт стерлинг төлейтін болды - БАҚ

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Ұлыбританияда Борат туралы әзіліне ашуланған қазақстандық студент екі адамға шабуыл жасағаны үшін 750  фунт стерлинг төлеп және 200 сағаттық тегін жұмысқа салынатын болды. Бұл туралы британияның басылымдарына сілтемелеп, «Экспрес К» газеті жазады.

«Exeter University-дің 20 жасар Алмат С. Деген студенті түнгі клубта достарымен бірге виски ішіп отырып, біреулер Борат туралы дөрекі түсініктеме айтып отырғанын естіген. Даладағы бейнебақылау камералары Алматтың бір ағылшынды құшақтап алып, жерге атып ұрғанын түсіріп алыпты. Достары оны тоқтатпашы болғанына қарамай ол такси аялдамасындағы екінші ер азаматқа шабуылдап, оны да бұталардың арасына лақтырып жіберіп және теуіп те үлгерген», - деп жазады БАҚ.

Зардап шегушілердің біреуі, тергеу мәліметтерінше тәртіп бұзушыға кездейсоқ ілігіп, басынан жарақат алып, және үш саусағы сынған азамат - дәл сол университеттің студенті – Марк Херзог болып шығыпты.

Мәліметте айтылғандай, судья айыпталушыны 200 сағаттық тегін жұмысқа салып және оған Рождество Христовоға дейін коменданттық сағат жариялапты. Одан басқа Алмат зардап шегушіге моральдық шығын ретінде 750 фунт стерлинг, сондай-ақ сот шығындарына 85 фунт төлеуі тиіс.

«Сотта Алмат өте сирек ішетінін, бірақ сол кеште 10-шақты рюмка виски ішкенін айтыпты. «Мен ішкен кезде есімнен айрыламын, - деді ол сотта. - Мен оған сенбеймін, мен тізгінімді жоғалтқан болармын».

Өз кезегінде, қазақстандық студенттің адвокаты Линда Ходжсон өзінің клиенті істеген ісіне қатты өкініш білдіретінін жеткізген.

Бұл оқиға Ұлыбританияның қай қаласында және қашан орын алғандығы айтылмайды.

0 пікір