Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 4601 5 пікір 6 Қыркүйек, 2017 сағат 10:56

Абайдың ғаламат гуманизмін жалпыұлттық кредо етіп ұстану керек

Мьянмадағы мұсылман дініндегі рохинджа азшылығына қатысты этноцидке (иə, иə, жаппай жазып жатқандай геноцид емес, этноцид деп есептер ем, себебі қырғын рохинджа аталатын этникалық азшылыққа қатысты) байланысты бізге түйер қорытынды, алар сабақ қандай болуы керек?!

Ол - діни экстремизм, нацизм, сепаратизм, ксенофобия, антисемитизм деген кеселдерге ұрынбау.

Ол - үлкен ойын алаңында жүріп жатқан ақпараттық соғыста фактчекингке, тек қана фактчекинг пен парасатқа жүгіну.

Ол - өзгенің (басқа ұлттар мен халықтар, христиан, будда, салафит, не иеговашылар, бахаилар т.б. кете береді) де қадір-қасиетін, ар-ұждан бостандығын, өмір сүру құқын құрметтеу.

Ол - " Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына, малың түгіл."- деген ұлы Абайдың ғаламат гуманизмін жалпыұлттық кредо етіп ұстану.

Сонда ғана бізге бұндай тағылық келмесі анық!

Оған сенім кəміл!

Уайыс Ерсайынұлы

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір