Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2027 0 пікір 4 Маусым, 2009 сағат 16:06

Сыртқы қарыздары қайта құрылымданған соң «БТА банк» кішірейе түседі – Дунаев

Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ – Сыртқы қарыздары қайта құрылымданған соң «БТА банк» кішірейіп, бұрынғыдан да тиімді болады. «БТА банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаев «Время» газетіне сұхбат бергенде осындай пікір білдірді. Сұхбат газеттің бейсенбі күнгі санында жарық көрді.

«Банктің акционерлері мен менеджментінде банктің сыртқы міндеттемелерін және несиелік портфелін қайта құрылымдауға байланысты жоспары бар. Әрине, бұл банктің көлемін шамадан тыс үлкейтілгеннен елдің ішкі экономикасына бағытталған тиімді көлемге дейін кішірейтуге алып келуі мүмкін», - деді ол.

Ол атап көрсеткендей, «банк активтерінің құнсыздану деңгейі айтарлықтай және реттеушінің пессимитік болжамынан да асып түсті». «Дегенмен, оларды басқаруға болады», - деп мәлім етті банкир.

«БТА банк» бүгін көрсетіп отырған шығындар - шын мәнінде банктің өткен жылдағы шығындары.

«Аудиттің қорытындысында анық көрсетілгендей, банктің шығындары БТА-ға мемлекет келгенге дейін пайда болды. Бұл шығындар – банктің бұрынғы басшылығы жүргізген қызметтің тікелей нәтижесі… Бұл шығындардың басым бөлігі - іс жүзінде «түсініксіз» үшінші тұлғалардың пайдасына берілген банктің құнды қағаздарының құнсыздануының нәтижесі; банктің бұрынғы басшылығымен байланысы бар компанияларға берілген несиелердің құнсыздануынан; осындай несиелер бойынша құқық орнатушы құжаттардың жоқ болуынан немесе жоғалып кетуінен; ескерілмеген кепілдерден; кепілдерді қасақана шығарудан немесе алмастырудан болды», - деді А.Дунаев.

«БТА банк» Қазақстан банк жүйесінің көшбасшыларының бірі болып табылады. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар-наурызында «БТА банктің» активтері 3,8 трлн теңгені құрады, жеке капиталы - 367,3 млрд теңгені құрады. 2009 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, банк 257 млрд теңге көлемінде шығын көрді. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарапайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланған болатын. 2009 жылдың 18 наурызында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның иелігіндегі акциялардың көлемі 75,1% болды. 2009 жылдың 20 сәуірінде банк кредиторларға негізгі қарыз бойынша төлемдерді уақытша тоқтататынын жариялады. ҰӘҚ банктің акциялар пакетін ресейлік Сбербанкке сату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2184
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2494
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679