Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Бірлік 3947 0 пікір 22 Тамыз, 2017 сағат 12:02

«Бір шаңырақ астында» фестивалі аясында чуваш этномәдени бірлестігі өнер көрсетті

Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ЭКСПО-2017 көрмесіне арнап өткізіп жатқан жазғы фестивальдің аясында, демалыс күндері чуваш этномәдени бірлестігі өз өнерін көрсетті. Облысқа танымал «Сеспель» чуваш фольклорлық ансамблі халық әндері мен билерін орындады. Қалалық саябаққа жиналған тұрғындар чуваш халқының мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен және салт-дәстүрлерімен танысты.

«Бүгін  біз чуваш халқының  мәдениеті күнін тойлауда. Біз дайындаған бағдарламада чуваш тілінде ғана емес, орыс та, қазақ тілінде әндері бар, себебі біз Қазақстанда өмір сүреміз, сондықтан мемлекеттік тілді білуі тиіспіз. Өздерінің дәстүрлерді сақтай отырып, мереке үшін әзірленген көрермендерге ұлттық бәліштерді дәмін татуға болады», -  дейді чуваш бірлестіктің төрағасы Елена Ивановна Сафронова. Соған қоса, орталықтың ұйымдастырушысы, Чуваш елінен келген сыйлы қонақ, Чуваш ұлттық конгресінің мүшесі, профессор, философия ғылымдарының докторы, Федотов Василий Артемьевич құттықтау сөз сөйледі.  Ол осы шараның маңыздылығын атап, 20 жыл бұрын бірлестігінің бірінші бастамаларын айттып, орталығының мүшелеріне және шығармашылық ұжымдарына өркендеуін және табыс тіледі.

Іс-шара шеңберінде көрермендер арасында сұрақтар қойылып, викториналар өткізілді. Бұл ойындар арқасында барлық қонақтар чуваш халқының тарихы,  ұлттық тағамдар мен дәстүрлері туралы көп мағлұмат алды. Ең белсенді қатысушылар сыйлықтарымен марапатталды.

Чуваш этномәдени бірлестігінің мәдениеті күніне арналған мерекелік бағдарламасы ұлттық әсерлі биімен аяқталды.

Мақсат Айтпаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1702
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1662
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1392
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1321