Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Қауіп еткеннен айтамын 26994 22 пікір 29 Тамыз, 2017 сағат 11:03

Маңғыстауда xалықтың толқуы мүмкін

"Ауруын жасырған өледі" деген мақал бар. Қазақтың дауылпаз ақыны Мұрат Мөңкеұлы: "Мен қауіп еткеннен айтамын" депті ғой. Мен де қауіп еткеннен, сол қауіптің алдын алу үшін жазып отырмын.
Келер жылы Маңғыстауда xалықтың толқуы болуы әбден мүмкін...
Оған басты себеп - жұмыссыздық!

Қазір біздің қоғам жұмыссыздықты жасырып отыр. "Өзін-өзі асыраушы", "қазақ жалқау", "жастар еріншек" деген сылтаулар көбейіп барады. Жастарды сондайға үйреткен өзіміз емес пе?

Қазір Маңғыстау мұнайшыларын 5/50 деген бағдарлама мен жұмыстан шығарып жатыр. Жастар 5 жылғы жалақысының 50 пайызын алғанға мәз болып, жұмыстан кетуде. Қазір қолдарына 5-8 миллион алғанға қуанған жастар жұмыстан өз еркімен бас тартуда.

Бұл ақшаны олар бір жылға да жеткізбей құртады. Бұл бағдарлама келер жылы жұмыссыздықтың деңгейін 2,3 есеге көбейтеді.

Өзге аймақтармен салыстырғанда Маңғыстауда тамақ, киім, тұтыну бұйымдары өте қымбат. Осы және басқа да түрлі әлеуметтік қиындықтар жинала келіп, xалықтың жаппай наразылығына ұласуы ықтимал. Бұл қауіптің алдын алмасақ ертең кеш қаламыз. Сол кезде тек салдармен ғана күресетін боламыз. Әрине мен елдің тыныштығын, амандығын ойлағасын жазып отырмын. Ақылдасайық, талқылайық, ауруымызды жасырмайық, ағайын!

Қашанғы той-тойлаймыз? ЭКСПО да жақында аяқталады. Жаз да өтіп барады...

Жәнібек Қожық

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1766
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1742
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1465
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1376