Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2612 0 пікір 4 Маусым, 2009 сағат 15:22

Жоғарғы жалақы алған МЖЗҚ-ның экс-басшысы есептеу комитеттінің ұсынысымен қызметінен босатылды - депутат

Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының (МЖЗҚ) бұрынғы төрағасы Алғазы Сәкенов есептеу комитеттінің ұсынысымен үлкен жалақы алғаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Виктор Рогалев хабарлады.

«Бұл туралы мәжілістің кешегі алқалы отырысында есептеу комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев айтқан», - деп түсіндірді ол. 

Депутат жинақтаушы зейнетақы қорының жаңадан тағайындалған төрағасына қандай айлық жалақы тағайындалатынын қадағалаймын деп сендірді.

«МЖЗҚ топ-менеджерлерінің айлық жалақылары қайта қаралатыны сөзсіз. Қаржы министрі бізге, МЖЗҚ жалақылық қорын қайта қарау туралы Ұлттық банк алдына мәселе қоятынын жеткізді. Бірақ жалақы мөлшері қандай болатыны маған әзірге белгісіз. Бәлкім, ахуалды қадағалап отыру үшін депутаттық сауал жасау керек шығар. Барлық зейнеткерлер 15-20 мың теңге зейнетақы алып отырғанда, қалайша  МЖЗҚ топ-менеджерлерінің осы алып отырған миллиондары олардың қолдарын күйдірмейтіні маған түсініксіз?!», - дейді ол.

Бұл ретте мәжлисмен, қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қор кімге тиесілі екенін білу үшін тағы бір депутаттық сауал жасамақшы ниеті барлығын қосып айтты.

«Маған МЖЗҚ неге жеке меншік кәсіпорын екені қызық болып тұр. Жарғылық құжаттарда қор акционерлік қоғам деп көрсетілген. Онда мемлекеттің де үлесі бар, ал қалған акциялар кімге тиесілі екені белгісіз», - деп қортындылады В. Рогалев.

Алдын хабарланғандай, 3 маусымда ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлерінің айлық жалақылары мен сыйақыларының мөлшеріне ашу білдірген.

Есеп комитетінің мәліметтеріне сүйене отырып мәжісімен Виктор Рогалевтың айтуынша, МЖЗҚ төрағасының жалақысы айына 1 млн теңге де, ал оның орынбасарының жалақысы 856 мың теңге.

Ол, МЖЗҚ-да әкімшілік шығындардың артуы өз кезегінде «таза кірісті азайтып, соның салдарынан республикалық бюджетке салық түрінде 1 млрд теңге түспей қалды» деп тұжырымдаған.

Өз кезегінде, ҚР қаржы министірі Болат Жәмішев, бұл айыптауларға жауап ретінде, МЖЗҚ басшыларының жалақылары «басқа да зейнетақылық қорларда бар орташа жалақы мөлшерінен аспайды», деп айтты.  

Ол қор активтерін Ұлттық банк басқаратынын, ал ҚҚА зейнетақы қорларының басшылары өздеріне алатын комиссиондық соманы бақылайтынын еске салды.

Алғазы Сәкенов «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - «МЖЗҚ» АҚ бас директорлығына акционерлер шешімімен 2006 жылы 1 тамызда тағайындалған. Алдын А. Сәкенов ҚР Ұлттық банкінде алтынвалюта резервтері мен Ұлттық банк акивтерінің басқармасында, сонымен қатар ҚазМұнайГаз-да шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорты мәселесі саласында жұмыс істеген.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2193
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2581
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2502
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1680