Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
4554 0 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 09:22

Қажылыққа бара жатқан адам есірткімен ұсталды

Самарқанд әуежайының кеден қызметкерлері Меккеге, қажылыққа бара жатқан адамды есірткімен ұстаған. Бұл жөнінде Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитеті хабарлайды.

Кеден комитетінің қызметкерлері тексеру барысында Шамши Ахроров деген өзбек азаматынан 72 грамм апиын мен 6 мыңға жуық АҚШ доллары және өзге елдің валютасын тәркілеген. Ер азамат есірткіні таба нанның арасына жасырған екен.

Сауд Арабия елдерінің заңына сәйкес, осы аумақта есірткі, контрабандамен ұсталған азаматтар өлім жазасына кесіледі.

Бұл фактіге қатысты прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1540
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1410
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1157
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1163