Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2317 0 пікір 4 Маусым, 2009 сағат 09:56

“Абай.kz” ақпараттық порталының алғашқы республикалық интернет-конференциясы!

Берік аға! Сіз Алтынбек Сәрсенбайұлының қарамағында көп жыл бойы қызмет еттіңіз. Сол кісі туралы қызық, тосын жағдайлар есіңізде қалды ма?
Бақыт, Алматы қаласы

Берік Әбдіғалиев: Ол кісі дәл менің бүгінгі жасымда-ақ бүкіл елге өзінің данышпандық ойларымен танымал болды. Біз ол кісінің алдында өзімізді бала сезінетін едік. Әлі күнге дейін сондай сезімдемін. Бұл кісі тірі болса, менің бүгінгі жүріс-тұрысыма, айтқан сөздеріме, пікірлеріме не дер екен деген ой мені жиі мазалайды. Алтынбек аға мені жақын тартып, қызықты ойларын айтатын. Жақсы тәрбие көрсетті. Өзі өте қарапайым жан-тұғын.
Алтекең ұсақ-түйек іспен айналыспайтын. Ауқымды істерді, ірі-ірі жобаларды қолға алатын. Ол кісі бізді ырың-жырың сөзден, бәтуасыз істен жоғары болуға тәрбиеледі. Сол кісіден жұққан болар, мен қолға алған жобаларымды бүгінгі күнмен емес, ертеңгі күн өлшемімен қарағым келіп тұрады. Қолға алған істің ертеңгі нәтижесін бағамдаймын. Сол сияқты бүгінгі мәселе тілде емес, ұлт рухында. Қазақ рухы күшейсе, тіл ертең-ақ өздігінен дамиды. Намысты қазақ өзі ғана емес, өзгелерді де қазақша сөйлететін болады. Сондықтан рухымызды оятайық.

 

 

Берік мырза!
Отыздан асқан орда бұзар жастасыз. Өзіңізді немен жұбата аласыз? Немен мақтанасыз? Нені ар тұтасыз? Неден жиіркенесіз? Неге ынтықсыз?

Қарағандылық Жарқын есімді бауырыңыз

Берік аға! Сіз Алтынбек Сәрсенбайұлының қарамағында көп жыл бойы қызмет еттіңіз. Сол кісі туралы қызық, тосын жағдайлар есіңізде қалды ма?
Бақыт, Алматы қаласы

Берік Әбдіғалиев: Ол кісі дәл менің бүгінгі жасымда-ақ бүкіл елге өзінің данышпандық ойларымен танымал болды. Біз ол кісінің алдында өзімізді бала сезінетін едік. Әлі күнге дейін сондай сезімдемін. Бұл кісі тірі болса, менің бүгінгі жүріс-тұрысыма, айтқан сөздеріме, пікірлеріме не дер екен деген ой мені жиі мазалайды. Алтынбек аға мені жақын тартып, қызықты ойларын айтатын. Жақсы тәрбие көрсетті. Өзі өте қарапайым жан-тұғын.
Алтекең ұсақ-түйек іспен айналыспайтын. Ауқымды істерді, ірі-ірі жобаларды қолға алатын. Ол кісі бізді ырың-жырың сөзден, бәтуасыз істен жоғары болуға тәрбиеледі. Сол кісіден жұққан болар, мен қолға алған жобаларымды бүгінгі күнмен емес, ертеңгі күн өлшемімен қарағым келіп тұрады. Қолға алған істің ертеңгі нәтижесін бағамдаймын. Сол сияқты бүгінгі мәселе тілде емес, ұлт рухында. Қазақ рухы күшейсе, тіл ертең-ақ өздігінен дамиды. Намысты қазақ өзі ғана емес, өзгелерді де қазақша сөйлететін болады. Сондықтан рухымызды оятайық.

 

 

Берік мырза!
Отыздан асқан орда бұзар жастасыз. Өзіңізді немен жұбата аласыз? Немен мақтанасыз? Нені ар тұтасыз? Неден жиіркенесіз? Неге ынтықсыз?

Қарағандылық Жарқын есімді бауырыңыз

 

 

Берік Әбдіғалиев: Бұл сұрақ маған ұнап отыр. Қырыққа жақындап қалдым. Бұл өмірде көңілім толмайтын нәрселер аз емес. 29 жасымда Теміртау қаласы әкімінің орынбасары болып барғанымда, 26 жасымда ҚР Президенті жанындағы стратегиялық институт директорының орынбасары болып барғанымда, басқа ғылыми болсын, әкімшілік болсын, қызметтерге барғанымда әйтеуір адаспай жүргенімді іштей сезіндім. Ал бүгін менің көңіл-күйім ол кездегідей емес. Қазір мен қажетті нәрсемен айналысып жүрген жоқ секілдімін. Менің қолымнан басқа да дүниелер келеді. Сол қалаған жолымды таңдауым керек сияқты. Мені өткен өмірім біраз дүниеге көз жеткізді. Мен қиындықты да, жақсылықты да көрдім. Жеке өмірім, қызметім, тіпті қоғамдық өмірім болсын, ащы мен тәттіні қатар таттым. Мен әрқашан өзімді ақиқат іздеп жүрген адам ретінде сезінемін. Ғылыммен айналысқанымда біраз нәтижеге жеткендей болдым. Қызметтен де нәтиже аз болған жоқ сияқты. Бұларға қанағаттанбай жергілікті жерге – Теміртауға кеттім. Ол жақтан көп тәжірибе жинадым. Оған да қанағаттанбай оппозициялық партияға бардым. «Ақ жол» партиясының орталық аппаратында жұмыс істедім. Көп нәрсе үйрендім. Ол да аз болған сияқты. Ғылыммен айналысып, университетте сабақ бердім. Оған да «тоймай» әдейі жұмыссыз болдым. Жиған, терген ойларымды тиянақтап қайта пысықтағым келді. Архивке кірдім, мұражайда болдым. Тарихпен, шежіремен айналыстым. Сосын тағдыр мені қайтадан қоғамдық жұмысқа әкелді. «Алтынбек Сәрсенбайұлы қорына» директор болып бардым. Сосын Мемлекеттік тілді дамыту қорына келдім. Сонда да көңілім бірдеңеге толмайды да тұрады. Бұрын мен шағын-шағын жобалар атқарғаныма қанағат тұтатынмын. Күнделікті жұмысқа тиянақты болдым. Үлкен мақсат, зор мұрат жоқ еді. Ал қазір немен айналысу керек екенін білемін. Ақиқатқа жақындап қалған сияқтымын. Өмір өте қысқа, қателескім келмейді. Болмашы дүниемен уақытымды шығындағым келмейді.
Ал мақтанатын нәрсем алда болатын шығар. Қазір мақтанатын ештеңем жоқ.
Ежелгі гректер, тіпті біздің өз ата-бабаларымыз да ел үшін болатын шайқаста өлуді армандаған. Аруақ, аруақ деп аруақ шақырып жауға шабуында үлкен мән жатыр. Батырдың аруақ деп айқайлауы бірінші, аруақ қолдасын дейтін болар, екінші, өзінің де өлерін білетін сияқты. Ертең кейінгі ұрпақ өзінің атын ұран қылып жауға шабатынын қалайтын болар. Бұл – ұлт үшін құрбан болу. Қазір майдан даласында, яғни, елге қызмет ету, ұлт жолында құрбан болу қағидасы жойылды. Мысалы, Алтынбек Сәрсенбайұлы ұлт жолында құрбан болды. Күрес жолында мерт болған жандардың есіме мәңгі қалады. Кешегі қазақтар «Қабанбай! Наурызбай!» деп ұрандаса, дәп қазір мен «Алтынбек! Алтынбек!» деп ұрандағым келеді...

Екіжүзділіктен жиіркенемін. Бала кезден тарихқа ынтығып өстім. Қолым қалт етсе, тарихи кітаптар оқимын, тіпті уақытым болып жатса, тарихи жерлерді аралағанды жаным сүйеді.

Бұйыртса, ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткелі отырмыз. Оған төрағалық етудің де өзіндік талаптары мен үлкен жауапкершілігі бар емес пе? Біз соған қаншалықты дайынбыз?

 

 

Берік Әбдіғалиев: Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болуын күнделікті іс-шаралардың бірі ретінде қарастыруымыз керек еді. Өкінішке қарай біз бұл мәселені тым дабырайтып насихаттап жібергенбіз. ЕҚЫҰ-ға төраға болу өркениетті елдерде сыртқы істер министрлерінің хаттама негізінде атқарыла салатын іс-шарасы ретінде көрсетіледі. Ал бізде Қазақстан Еуропаны басқаратындай баяндаймыз. Ондай мүмкіндік бізде жоқ, тіпті құзырымыз да жетпейді оған. Сондықтан ЕҚЫҰ-ға төраға болуға біз дайынбыз. Ақыры мүшесі екенбіз, неге төраға болуға дайын емеспіз? Әрине дайынбыз. Егер біздің заңдарымыз олардың талабына сай келмесе, бізді мүшеліктен алып тастасын.

 

 

Ұлттық мүддемізді алдыңғы орынға шығару үшін ұлт жанашырларына не кедергі?

 

 

Берік Әбдіғалиев: Біріншіден, бірлік жоқ. Ұлт үшін күрес жүргізудің дәстүрі мен мәдениеті үзіліп қалған. Әлі күнге дейін қазақ ұлтының дамуына бағытталған тұғырнамамыз жасалмаған. Ғылыми және концептуалды тұрғыда нақты қадам жасай алмай отырмыз. «Қазақ доктринасы», «Қазақ миссиясы» деген тақырыптар толықтай ауқымды пікір-таластың өзегіне айналмай келеді. Қазақ ұлтының дамуына қатысты ғылыми көзқарас та жетіспей жатыр. Ғылым да ұлттың дамуына толықтай өзінің жемісін бере алмай отыр. Билік жүйелерінде ұлтшылдар кемшін. Тым құрығанда, халық сайлаған парламентте ұлттың мүддесін көздеп, сойылын соғатын ұлтшылдар көптеп болу керек. Ал бүгінгі күндері ұлтқа жаны ашитын екі-үш-ақ министр бар шығар.

Тілдердің үштұғырлығы онсыз да еңсесін көтере алмай отырған мемлекеттік тілді жаншып тастамай ма?.. Тіл жанашыры ретінде айтыңызшы, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тұрғысында ауыз толтырып айтарлықтай қандай еңселі шаруалар енсерілуде?

 

 

Берік Әбдіғалиев: Үштұғырлы тіл деген де – ұран. Бұл туралы нақты концепция немесе бағдарлама жоқ. Егер қоғамның қазақ тіліне деген қызығушылығы орыс және ағылшын тіліндегідей болса, онда үштұғырлы тіл саясатын қолдауға болады. Ал егер қазақ тілін орыс пен ағылшын тілі деңгейіне жеткізу үшін осы саясатты ұстанып отырса, неге құптамасқа?!
Билік пен қоғам жаппай қазақша сөйлемей, тілге миллиардтап ақша бөле бергеннен ешқандай нәтиже шықпайды. Әуелі әр қазақ ана тілін құрметтеп, бір-бірімен қазақша сөйлесуі керек. Содан кейін өзгелермен осы тілде тілдесу қажет. Осылай жалпы қоғамның негізгі қарым-қатынас тілі қазақ тілі болсын! Бұл жерде билік те бейтарап қаламас. Тілге деген талапты күшейтуі керек. Тіл комитеті Мәдениет емес, Білім және ғылым министрлігінің құзырында болуы керек секілді. Тіл комитеті балабақша мен мектептерде жүйелі түрде жұмыс жүргізуін қалыптастырса. Кез келген мектептің түлектері қазақша судай біліп шығуы керек. Балабақшадан тіл сындырып шыққан бала мектепте қиналмай үйреніп кетеді. Жоғары оқу орындарында да қазақ тілі арнайы пән ретінде оқытылса, бүгінгідей «қазақ тілін қалай дамытамыз?» деп қиналмайтын боламыз.

 

 

Қазақ жұртының етек-жеңін жинап, өзіне-өзі келуі ұзаққа созылып бара жатқан тәрізді. Болмысымыз бен менталитетіміз сыртқы ықпалды күшке төтеп бере ала ма? Жаһанданудың жұмырына жұтылып кетіп жүрмейміз бе?

 

 

Берік Әбдіғалиев: Жаһанданудың қазақ болмысана тигізер кері әсері бары анық. Алайда мен батыстық жаһанданудан гөрі орысшылдықтың бізге қаупі күшті екенін айтқым келеді. Ресей ақпаратының тасқыны жыл сайын күшейіп барады. Себебі Ресей телеөнімдері адам баласын қызықтыра алады. Бүгін қызықтап қараған адамның ертең ресейшіл, орысшыл болып шықпауына кім кепіл? Қазақ мультфильміне сусап отырған балаларымызға мұның қауіпі күшті екенін ұмытпайық. Әрине, бүгін тасқындай келіп жатқан ақпаратқа тоқтам қоя алмаймыз. Сондықтан олардан асып түсетін қызықты ұлттық жобалар жасайық. Адамгершілік, адалдық тақырыбындағы шетелдік балалар фильмдерін өте жоғары деңгейде қазақшаға аударайық. Бұл бірінші жолы атқарылатын іс болсын. Сосын міндетті түрде ұлттық мултьфилмьдерімізді жасайық. Олар бәсекеге сай болсын! Осылар арқылы ұлтшылдықты дамытуымыз керек. Біз неге Алаш арыстарын, қазақ батырларын дәріптеп жүрміз? Кенесары сынды батырлар ұлттың жол таппай қиналған шағында темірқазық болары анық. Қазақстанға әр уақытта әр көршіден қауіп болуы мүмкін. Ұлтымыз тәуелсіздік үшін күреске дайын болу үшін ұлт азаттағы жолында құрбан болған батырларымыз бен ұлы күрестерімізді жиі насихаттауымыз қажет.

 

 

«Мың өліп, мың тірілген қазақ» жұртының мың бірінші мәрте өлуге хақысы жоқ. Ендеше, бұл жолда қандай мақсаттарды жүзеге асыруға тиіспіз?

 

Берік Әбдіғалиев: Бұл сұраққа да жауап бердім деп ойлаймын. Енді өлмес үшін ұлт азаттығы үшін болған күрестерді насихаттаудан жалықпайық. Біліктілігімізді көтерейік. Ресей телеарналарын тоқтатқаннан, газеттерін тәркілеуден баянды нәтиже шықпайды.

 

Сауалдарды жолдаған республикалық «Нұр Астана» апталығының тілшісі Ләззат Кемелбаева

 

«Қазақ альманағы» атты жаңа журналдың тұсауын кескен екенсіздер, құтты болсын! Ғұмыры ұзақ, арқалар жүгі ауыр болсын дей отырып, Берік мырза, менің осы журналға қатысты өзіңізге айтар бұйымтайым бар, соны жеткізейін.
Жоғарыдағы журналдың алғашқы саны шықты деген соң екі өкпемді қолыма ұстай сала жаңа басылымды іздеуге шыққан едім, таптым әйтеуір. Алайда, алып ұшқан көңіл журналдың алғашқы бетін ашып қалғанда су сепкендей басылды. Неге дейсіз ғой, айтайын. Осынау «Қазақ альманағы» деп айқайлаған журналдың ішінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап, Ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза және Берік Әбдіғали мырза өзіңіз ойларыңызды орысша жеткізіпсіздер. Мұны қалай түсінбек керек? Елдегі және алыс-жақын шетелдердегі орыс тіліне шорқақ қандастарымыз журналдағы дүниелермен қалай танысады? Әлде бұл басылым орыс тілінде ғана шүлдірлейтін «шала қазақтарға» (биліктегі) арналған ба? Өздеріңіз мемлекеттік тілді дамытудың құлағын ұстап отырып бұлай істегендеріңіз ыңғайсыздау деп ойламайсыздар ма? Әлде, Президент Әкімшілігінде Елбасының, министрлердің сөздерін аударатын маман табылмады ма? Олай болса бізге хабарласуыңызға болады, қазақ тілінің жарқын келешегі үшін қолымыздан келгенше көмектесуге әзірміз. Рахмет!

Сәлеммен «Қазақстан» апталығының журналисі Серік ҚАРАБАС

 

Берік Әбдіғалиев: Бұл материалдар әдейі орыс тілінде жарияланып отыр. Елбасының қазақ мәселесі туралы орыстілді ағайынға арнап айтқан сөздерін саналы түрде альманахтың алғашқы санында жариялап отырмыз. Неге? Бүгін қазақтың деңгейі қандай? Болашақта кім боламыз? Басқаларды қалай қазақ қыламыз? Осындай сауалдарды қазақтарға ғана емес, орыстілді қауымға да жеткізу керек. Біз қазақ мәселесін, қазақ тілінің жай-күйін тек қазақтарға қазақша айтқан жеткіліксіз. Керісінше, қазақша білмейтіндерге түсіндіруіміз керек. Түбі қазақ тілі салтанат құратынын соларға насихаттайық. Олар да түсінсін, қазақша үйренуге ұмтылсын. Бір-бірімізге осы мәселені қазақша айта берсек не өнеді?! Бұл өз-өзімізге қарап құр жылау сияқты. Сондықтан біз арнайы түрде қазақылықты орысша насихаттайтын жоба бастап отырмыз. «Қазақ альманағы» – соның бір ғана көрінісі. Қазақтың мүддесін жан-тәнімен көздейтін дүниелерді орыс тілінде жариялайтын боламыз. Қазақ рухын, қазақ мүддесін орысша насихаттауымыз қажет. Тіпті болашақта ондай материалдарды ағылшын, тіпті қытай тіліне де аударғымыз келеді. Біздің қазақшылдығымызды, ұлтшылдығымызды өзгелер де өз аузымыздан естісін. Серік, егер сіз әлгі материалдарды оқып, авторлардың қазаққа қарсы екенін білсеңіз, онда әңгіме басқа. Мәселе қазақты сүюді қай тілде білдіруде емес. Альманах шала қазақтарға да, орыстарға да арналған. Қазақ тілінің қажеттелігін орыс тілінде насихаттау нәтижелірек болып тұр. Қазақы жобаларға орыстілді қауым қарсылық білдіреді. Сондықтан біз алдын ала орыстілді қауымға қазақ тілінің қажеттілігін орысша ұғындырып алайық.

Берік аға! Сәлеметсіз бе!
Ренжімесеңіз мынадай сұрақ қойып көрейін.
Сіз оппозияда болдыңыз. Бүгін биліктесіз. Бәзбіреулер сізді принципін сатты, қайтадан билікке жүгінді деп жатқан жоқ па? Оған не деп жауап бересіз?

 

 

Берік Әбдіғалиев: Мен оппозицияда саясаткер ретінде болғамын жоқ. Сайлау штабында қызметкер ретінде болдым. Ол жерде жүріп үлкен саясатпен айналысқан емеспін. 2004 жылы «Ақ жол» партиясындағы жұмысымнан кеткен соң белсенді түрде өз ой-пікірлерімді БАҚ арқылы білдіре бастадым. Яғни, тәуелсіз сарапшы болуға тырыстым. Билікті де, оппозицияны да сынадым. Әсіресе билікті көбірек сынға алдым.  Әрине, оппозицияда болдым, оларды қолдадым. 2003-2004 жылдар, расымен, саяси романтикалық кезең болды. Мен «Ақ жол» партиясын қазақ ұлтының дамуы жолындағы тың жоба деп санадым. Жас қазақтарды – Сәрсенбайұлы, Әбілов, Жандосов және Байменовтерді қазақтың дамуы үшін альтернативті жоба ұсына алған саяси күш деп бағамдаймын. «Ақ жол» әу баста оппозициялық партия болған жоқ, елбасының қолдауымен қанат қаққан альтернативті саяси күш болды. Сол уақытта «Ақ жол» Алаш Орданың жаңғырған мұрагері іспетті көрінді. Сондықтан қатты қызығушылықпен қызмет еттім. Төрт төрағадан да тәлім алдым. Көп дүние үйрендім. Мұны әлі күнге дейін мақтан етемін. Әр жерде, әр уақытта «Ақ жолда» қызмет еткенімді мақтанышпен айтып жүремін. Сол кездегі сөздерімнен бүгін де тайқыған емеспін. Оны көзі қарақты оқырманның өзі де біледі деп ойлаймын. Ал бүгін мен саясаттан шаршадым. Қызықтырмағаннан кейін шаршаймын. «Ақ жолдың» екіге бөлінуі менің жеке басымды да дағдарысқа тіреді. Осыдан кейін екі жаққа да (оппозицияға да,билікке де) бармай университетке кеттім. Осы жерден ең дұрыс жұмыс – ұлтқа қызмет ету керек екенін түсіндім. Дәл осы ұлтқа қызмет ету арқылы билік пен оппозицияға баға беруге болады екен. 2005 жылдан бері осы жолмен келе жатырмын деп ойлаймын. Екі жақпен де тең сөйлесемін. Ешкімді алдаған жоқпын. Екі жақтан да мені айыптауды сезініп тұрған жоқпын. Бетім ашық, жүзім жарқын. Тіл төңірегінде үлкен жоба бастадым. Бұл жоба іске аспаса, осы жерде жұмыс істеу-істемеуім екіталай.

 

Жалпы алғанда екі жақты да жақсы білесіз. Әрқайсысының артықшылығы мен кемшілігін таратып бере аласыз ба? Бес артықшылығы, бес кемшілігі деп.
Данияр, Алматы

 

 

Берік Әбдіғалиев: Билікте жұмыс істеген адам, шын мәнінде, көп нәрсені үйренеді. Бірінші, кәсібилік. «Ақ жол» партиясының бір артықшылығы, билікте істеген азаматтардың кәсібилігі үнемі сезіліп тұратын. Билікті қанша жерден сынға алсақ та, олардың арасында кәсіби біліктілігі өте жоғары азаматтар көп. Шынайы жобалар туындап жатса, оны іс жүзіне асыруға мүмкіндік табылады. Бұл да – биліктің бір артықшылығы. Кемшілігі туралы айтсақ, жауапгершілік аз. Тіпті мүлдем жауапгершілігі жоқ жандар жүр билікте. Жауапгершілік болмаған соң қаржы қымқыру да белең алады. Екінші, билікте бюрократизм күшті. Қағазбастылық қатты дамыған. Көп мәселе қағаз деңгейінде қалып жатады. Ал оппозицияның артықшылығы, шынайылылық бар. Қысқасы, жанашырлықпен жұмыс істейсің. Екінші артықшылығы, ол жерге тек шынайы мүддеге біріккен достар жиналады. Ал кемшілігі, ол жақта эммоция басымдау. Ішінара популизм бар. Демогогия да қылаң беріп жатады. Екінші кемшілігі, жеке бастың амбициясы жеңіп кетіп жатады.

 

(Жалғасын ертең оқисыздар)

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1928
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2081
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1729
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1524