Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Билік 4372 11 пікір 17 Тамыз, 2017 сағат 10:39

С.Байғожин. Пласидо Домингомен бір сахнада қатар тұрудың өзі үлкен абырой

Жақында ғана әлемдегі ең беделді, жоғары деңгейдегі вокалдық конкурс елімізде тұңғыш рет өткізілді. Опера өнерін сүйіп тыңдайтын тыңдармандар үшін бұл ерекше оқиғаға айналды. Мұндай ауқымды, әлем мойындаған өнер сайысы мен үшін де әріптестерім үшін де өзіндік тәжірибе болды, - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин.

- Опера майталманы Пласидо Домингоны бетпе бет көріп, онымен сұхбаттасып, бір сахнада қатар тұрудың өзі біз үшін үлкен абырой, жетістік. Мұндай конкурс қазақ мәдениетінің, қазақ өнерінің, опера саласының беделін көтеріп тастады. Әлемнің түкпір түкпірінен жиналған опера әншілері Қазақстанға келіп, Астананың келбетіне таңқалып кетті. Сонымен қатар, айтулы іс-шараға біздің тараптан ешқандай шығын шықпаған, барлық қаржы тұрғысынан қамтамасыз етуді "Опералияның" демеушісі Rolex швейцарлық сағат компаниясы мойнына алған. Бұл да опера өнеріне деген жанышырлық деп білемін.

Euronews телеарнасы біздің "Опералия" туралы трансляция циклдарын көрсете бастады. Әлемдік аренада алдыңғы орында келе жатқан телеарнаға шығуымыздың өзі айтулы оқиға. Операны сүйіп тыңдайтын тыңдармандар біздің операдағы жетістіктермен хабардар болып жатқанына қуаныштымын. Осындай ауқымды мәдени іс-шаралар мемлекетіміздің имиджін көтеріп, Қазақстанға келуші қонақтар санын көбейтіп жатыр, - дейді «Астана Опера» театрының солисті Сүндет Байғожин.

Abai.kz

11 пікір