Жексенбі, 28 Сәуір 2024
3931 0 пікір 16 Тамыз, 2017 сағат 08:37

Ресейде көз жұмған тәжік баланың ісі Страсбургке жолданбақшы

Петербург полициясы бөлімінде қаза тапқан бес айлық Умарали Назаровтың ата-анасының адвокаттары Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағым әзірлеп жатыр.

Бұл жөнінде адвокат Ольга Цейтлина мәлімдеді. Таяуда ғана Санкт-Петербург соты баланың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің тоқтатылуын заңды деп тапқан.

Тәжік баласы Умарали Назаров 2015 жылдың 13 қазанында Петербург ауруханасында көз жұмған. Бірер сағат бұрын миграциялық полиция өкілдері заңды бұзды деп ұсталған ата-анасынан сәбиді тартып алған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Умаралидің өліміне инфекция (цитомегаловирус) себеп болған.

Адвокат Ольга Цейтлина полиция өкілдері баланы анасы Зарина Юнусовадан тартып алып, заңды өрескел бұзды деп есептейді.

Abai.kz

0 пікір