Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
4221 0 пікір 4 Тамыз, 2017 сағат 09:50

Ислам партиясы мен "Группа 24" тобы мүшелерінің туыстары тергеуге алынады

Тәжікстанның бас прокуроры тыйым салынған Исламның өркендеуі партиясы мен "Группа 24" ұйымы мүшелерінің туыстары қуғын көріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Олардың белсенділеріне қарсы қозғалған қылмыстық іске байланысты туыстары мен туғандары тергеуге алынады. Бірақ оларға ешқандай қысым көрсетілмейді"- деп мәлімдеді Юсуф Рахмон бейсенбі күні Душанбеде өткізген баспасөз мәслихаты кезінде.

Өткен айда Тәжікстанда тыйым салынған исламның өркендеуі партиясының белсенділері елдегі туыстарына қысым жасалып жатқанын мәлімдеген. Шетелде қашып жүрген партияның жетекшілері Германияның Дортмунд қаласында бас қосқан болатын.

Бұрын парламентте мүшелері болған ислам партиясын тәжік билігі 2015 жылдың күзінде қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, елде бүлік жасамақшы болды деген Абдухалим Назарзодаға көмектесті деп айыптайды. Ал "Группа 24" ұйымы Тәжікстанда террористік ұйымдардың тізіміне енгізілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар