Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
EXPO - 2017 3460 0 пікір 3 Тамыз, 2017 сағат 17:37

Көрме аясында медициналық көмек те көрсетіліп жатыр

Мамандандырылған халықаралық «ЭКСПО-207» көрмесін өткізу алдында сапалы медициналық көмек көрсету бойынша жедел штаб құрылып, көрме аумағында 6 медициналық пункт және орталық орналасқан. «Көрменің өтуі кезінде 4 506 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 3862 қазақстандық, 647 шетелдік азамат бар. Жарақат алған 556 адам, уланған —134 адам, қан айналымы жүйесіндегі ауруға қатысты — 420 адам, хирургиялық патологиямен — 134, акушерлік-гинекологиялық патологиямен, жүктілікті қоса алғанда — 116 адам медициналық көмекке жүгінген. Аллергия, жәндіктердің шағып алуы, күн өту, ыстық көтерілу жағдайлары бойынша 3 149 адам дәрігерлерге келген», — деді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры Санияр Айтекенов.

Көрмені өткізу кезінде осы уақытқа дейін барлығы 861 адам эвакуацияланған, оның 161-і ауруханаларға жатқызылған. «Айта кетерлігі, ауыр халде бірде-бір адам тіркелген жоқ, соңы қайғымен аяқталған жағдайлар болған жоқ», – деп атап өтті ол. Көрме қонақтарының денсаулығын қадағалау үшін 1 335 медициналық жедел көмек көрсету көлігі жұмылдырылған. Көрме кезіндегі жалпы қалалық шараларда 222 кезекшілік жүргізілді. Бұдан бөлек, тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және қаланың инфрақұрылым нысандарын барлық бейнебақылау жүйесі біріктірілген Ахуал орталығы құрылды.

Еске салайық, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі осы жылы 10 маусымда басталған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1669