Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4576 0 пікір 4 Маусым, 2009 сағат 06:58

Нұрлан Әлімжан, актер, әнші-композитор: Қазақтың алақанында ұстайтын еркесі болғым келеді

– «Ағайынды» фильмінен кейін сіз туралы көп айтыла бастады. Қай жерде оқыдыңыз? Қай жердің тумасысыз?
– Көкшетау өңіріненмін. №3 Мәлік Ғабдуллин атындағы гуманитарлық саланы тереңдетіп оқытатын мектепті тәмамдадым. Кейін 2001-2005 жылдар аралығында Те¬мірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыдым.Марқұм Жайлау Жабағин, Амангелді Сембин, Айдос Бектеміров, Жанат Хаджиев сияқты марқасқа ағаларымнан дәріс алдым. 2003 жылы оқуымды бітірмей жатып мені Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрына «Қыз Жібек пен Төлеген» қойылымына басты рөлге, Төлегенді сомдауға шақырды. Сол театр¬да мен 6 жыл қызмет еттім. 2 ай болды, өз өтінішіммен сол театрдан рұқсат сұрап жұмыстан шықтым. Ол театрға оралмаймын деген ниеттен туған жоқ, осы өнердің басқа тармағына, яғни кино мен эстрадаға көбірек көңілім ауған соң, бағытты өзгерттім.
– Нұрлан, қазір байқасақ, ата-аналар балаларының тағдырын өздері күштеп шешіп жатқан сияқты әсерге бө¬ленесің. Бір баланы ата-анасы бағыттап, мақсатты түрде жоспарлап, өнер жолына дайындайды. Енді бірі ешкімнің бағыт-бағдарынсыз өнерге ішкі түйсікпен, әр жерде бір адасып жүр. Сіз осылардың қайсысына жатасыз?

– «Ағайынды» фильмінен кейін сіз туралы көп айтыла бастады. Қай жерде оқыдыңыз? Қай жердің тумасысыз?
– Көкшетау өңіріненмін. №3 Мәлік Ғабдуллин атындағы гуманитарлық саланы тереңдетіп оқытатын мектепті тәмамдадым. Кейін 2001-2005 жылдар аралығында Те¬мірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыдым.Марқұм Жайлау Жабағин, Амангелді Сембин, Айдос Бектеміров, Жанат Хаджиев сияқты марқасқа ағаларымнан дәріс алдым. 2003 жылы оқуымды бітірмей жатып мені Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрына «Қыз Жібек пен Төлеген» қойылымына басты рөлге, Төлегенді сомдауға шақырды. Сол театр¬да мен 6 жыл қызмет еттім. 2 ай болды, өз өтінішіммен сол театрдан рұқсат сұрап жұмыстан шықтым. Ол театрға оралмаймын деген ниеттен туған жоқ, осы өнердің басқа тармағына, яғни кино мен эстрадаға көбірек көңілім ауған соң, бағытты өзгерттім.
– Нұрлан, қазір байқасақ, ата-аналар балаларының тағдырын өздері күштеп шешіп жатқан сияқты әсерге бө¬ленесің. Бір баланы ата-анасы бағыттап, мақсатты түрде жоспарлап, өнер жолына дайындайды. Енді бірі ешкімнің бағыт-бағдарынсыз өнерге ішкі түйсікпен, әр жерде бір адасып жүр. Сіз осылардың қайсысына жатасыз?
– Бала кезімде анамнан: «Ме¬нен жақсы актер шыға ма?» деп сұрай береді екенмін. Бұл сұрақты қойғанда алты жас шамасында болсам ке¬рек. Шынын айту керек, ол кез¬де біз Митхун Чакра¬бор¬ти¬лерге еліктеп өстік. «Спрут» фильміндегі комис¬сар Катаниге еліктедік, Ален Де¬лонға ұқсауға тырыстық.
Сонда анам: «Сенен жақ¬сы актер ақылды болсаң ғана шы¬ғады. Мықты актер бол¬ғың келсе, алдымен ой-өрі¬сің¬ді дамыт» деп жауап қа¬йыр¬ға¬ны әлі күнге есімде.
– Әңгіменің басында Аман¬гелді Сембинді айтып қал¬дыңыз. Бұл жайында ке¬зінде Жанарбек Әшім¬жан¬ның көпшілікті таңғал¬дыр¬ған жақсы мақаласы «Жас Алашта» жарияланған еді. Ұс¬¬тазыңыз жайлы не айта алବсыз? Қанша айтқанмен Итବлияның Ла-Скаласында оп嬬ра айтқан жалғыз қазақ қой.
– Ол – тарихтан орнын ойып тұрып алатын үлкен тұл¬ға. Кезінде бағаланбаған. Ақ¬жарқын, құшағы кең адам еді. Ең бастысы, текті адам еді. Көп студенттер Амангелді Сем¬биннің класында оқы¬ғы¬сы келді. Бірақ бағым жанып, Амангелді ағаның пейілі тү¬сіп, сол талантты ұстаздан во¬кал¬дан сабақ алдым. Фор¬тепианода ойнағанда қара тер¬ге түсетін. Өйткені жан дү¬ниесімен музыкаға кіріп ке¬те¬тін. Кейбіреулер оны көз үшін ой¬нап отыр деп ойлайтын. Жоқ, ол сол дайындық сабақ¬та¬рында музыканы жанын жеп ойнайтын. Әрі сабақ ара¬сында сырласып, ашық әңгіме ұйым¬дастыруға да уақыт та¬ба¬тын. Ол кезде жеке тік¬ұшақ¬пен елбасылары ғана ұша¬тын. Сол заманда оны Қонаев Мәс¬кеуде оқып жүрген кезінде ән айттыру үшін жеке тік¬ұшақ¬пен алдыртады екен. Өнер¬дегі биік деңгейі оны сон¬дай мәртебеге дейін көтерді. Мен сол Амангелдінің соңғы шә¬кірттерінің бірі болып қал¬дым.
– Сіз бірнеше өнерді қатар алып жүргіңіз келеді. Кино ак¬терісіз, театрда ойнайсыз, те¬лежүргізуші болдыңыз, ән са¬ласыз, сазгерлігіңіз де бар, ат¬бегілікпен айналысасыз. Спор¬тпен айналысуға да у¬а¬қыт табасыз. Бірақ қазір өзі сө¬зін де, әнін де, музыкасын да жазатын, әрі соның бей¬не¬кли¬піндегі рөлді өзі сом¬дай¬тын¬дарға халық сенім¬сіз¬дік¬пен қарайды.
– Мен де сол сенімсіздікпен қа¬райтындардың қатарын¬да¬мын. «Екі кеменің құйрығын ұс¬таған суға кетеді». Мен үшін театр және киноактер¬лі¬гім және тележүргізушілік қа¬бі¬летім алдыңғы қатарда тұ¬рады. Ал сазгерлігіме сенімді емес¬пін. Осы уақытқа дейін 60 ән жаздым. Оның қандай екенін уақыт көрсете жа¬тар. Бірақ мен сөзге өте үл¬кен мән беремін. Жаза алатын ақын¬дармен ғана жұмыс іс¬теймін. Өзім ақынның баласы бол¬ғаннан кейін әннің бағы¬ның ашылуы алдымен сөзіне бай¬ланысты екенін жақсы тү¬сінемін. Не жасасам да, сапа¬лы дүние жасағым келіп, ба¬рым¬ды саламын. Өйткені қа¬зір сапасыз дүниенің толассыз ле¬гі халықты әбден шаршатып болды. Қазір ақшалы топ бір туын¬дысын өмірге тез әкеліп, тез экранға шығаратыны сон¬дай, «айым-ай, күнім-ай» де¬ген сапасыз, мағынасыз мә¬тіндер қаптап кетті. Ал мен мү¬йізі қарағайдай үлкен ұстаз¬дар¬дан тәлім алғандықтан, олар¬ды осындай туын¬ды¬лар¬мен жерге қаратқым келмейді. Аман¬гелді ағамыз ма¬ған Да¬мин¬¬го Пласидо, Лучано Па¬варотти, Энрико Карузо¬лар¬дың операда айтқан пар¬тия¬ларын үйреткен. Ол сонда маған ар¬тында өнерде қалып бара жат¬қан мұрагер ретінде қара¬ғандай.
– Сонда опералық шы¬ғар¬ма¬ларды да орындайтын бо¬лып тұрсыз ғой.
– Иә, орындаймын. Опе¬ра¬лық-классикалық шығарма¬лар¬ды ғана емес, қазақтың дәс¬түрлі әндерін де орында¬й¬мын. Бірақ бұларды үлкен сах¬на¬ға алып шыққан жоқпын. Ме¬нің үлкен сахнаға алып шық¬¬қаным – эстрадалық жанр, оның ішінде билеп тұ¬рып айтатын попса. Попсаны жа¬ңа бір деңгейге көтергім ке¬леді.
– Нұрлан, Қазақстанда ән¬ші де, сазгер де, тіпті теле¬жүр¬гізуші болуға да қол жет¬кізуге болады. Бірақ киноак¬тер болу оңай емес. Бұл баққа ма, сыртқы келбетке ме, әлде та¬лантқа байланысты ма?
– Қазақ «бақ шаба ма, бап ша¬ба ма?» дейді. Мен адамға актер болу үшін бақ та, бап та керек дер едім. Кино¬лар¬дың сынынан өтіп жатқаным ба¬ғымның жанғаны болар. Өйт¬кені менен де әдемі, менен де талантты, менен де бабы келіскен актерлар бар. Бірақ р嬬жиссерлар мені таңдап ал¬ды. Ол – бірінші Алланың бұ鬬ры¬ғы мен бақтың жан¬ға¬ны. Ен¬ді сол жан¬ған бақты ұс¬тап тұ¬ру деген бар. Бір кино¬мен тоқ¬тап қа¬луға да болады. А묬ғаш¬қы ки¬ноға бағым жа¬нып ілік¬сем, қал¬ған киноларға ба¬бым ке¬ліс¬кен соң іліккен шы¬ғар¬мын. Жүй¬рікті жү¬гір¬тіп жа¬рат¬са, біз¬ді өнер сах¬на¬сында пі¬сіріп жа¬ратады.
– Бап деген не сіз үшін?
– Бап деген – үнемі кітап оқу, спорт¬пен айналысу, үнемі өне¬ріңді шыңдау, қарайып қал¬мау. Қарапайым спортты ала¬йын, егер мен түсіру ала¬ңында жү¬гіре алмай жатсам, ен¬тігіп ат¬қа міне алмай жат¬сам, жек¬пе-жек көрсете ал¬май жатсам еш¬кім мені ки¬но¬ға шақырмас еді.
– Жалпы, телевидениеде кей¬бір адамды камера жақсы кө¬¬реді, кейбірін мүлде жа¬рат¬¬пай¬ды деген түсінік бар. Бұл ки¬нокамераға да байла¬ныс¬¬ты. Сіз камераны сезі¬не¬сіз бе?
– Мен камераны көр¬мей¬мін, мен оны сеземін. Мен ка¬м嬬рамен доспын, оны жақсы кө¬¬ремін. Камера да өзін жақсы кө¬р¬ген адамды сезеді.
– Әркімнің алдына қой¬ған мақсаты, шығам деген биі¬гі болады. Сіздің мақ¬са¬тыңыз Қазақстанды мо¬йын¬дату ма, әлде ТМД-лық ау¬қым¬ға кө¬терілу ме, жоқ Гол¬ли¬вудты ба¬ғындырғыңыз ке¬ле ме?
– Өте әдемі сұрақ. Менің ба¬сыма миллион ой келеді. Бі¬рақ үнемі айналып келіп оты¬ратын бір ойлар болады. Ол – осы сіз айтып отырған мә¬селе. Менің бірінші арманым – қазақтың алақанында ұс¬тайтын еркесі болғым келеді. Екінші арманым – Ресейді мо¬йындату. Егер осы арманым орын¬¬далса, расымен, Гол¬ли¬ву䬬қа кеткім келеді. Бред Питт өзінің жұлдызды рөл¬дерін 35-40 жасында сом¬даған. Ме¬нің жасым 25-те. 35 жасқа де¬йін өз арманыма қол жет¬кізгім ке¬леді.
– Шетелде түсуде мүм¬кіндік берілсе, қандай ак¬тер¬лар¬мен бірге ойнағанды қа¬лар едіңіз?
– Сергей Безруков, Кон¬стан¬тин Хабенский, Андрей Пବнин, Екатерина Гусе¬ва¬лар¬ды ерекше құр¬¬меттеймін. Олар түскен ки¬но¬ны міндетті түрде көремін, жаз¬ған ма¬қа¬лаларын жібермей оқимын. Олар¬ды көрмесем де бұрын¬нан танитын адамдарымдай са¬ғынамын. Ал шетелдік ак¬тер¬¬лардан Бред Питт, Том Круз, Анжелина Джоли, Ни¬коль Кидман ұнай¬ды. Міне, осы актерлармен бір¬ге ой¬нағым келеді. Заман ағы¬мы жыл¬дам бара жат¬қан¬дық¬тан, күндердің күнінде менің қия¬лым шындыққа айналып жат¬са, таңғалуға болмайды. Қа¬зақтың киноиндус¬трия¬сы¬ның ша¬рықтап дамитынына мен, не¬ге екенін, кереметтей се¬не¬мін. Голливудтық жұлдыз¬дар мен қазақтар әлі сапы¬ры¬лы¬сып киноға бірге түсіп жү¬ретін күн алыс емес.
– Сізді көпшілік «Аға¬йын¬ды» фильмі арқылы та¬ныды. Жалпы, осы фильмге тү¬сіру барысында ерекше есте қал¬ған эпизодты айтып бе¬рі¬ңізші.
– Есіңізде болса, кинода ме¬нің әкем емханаға түсіп қа¬лып, екі дүниенің ортасында жа¬тады. Мен сол жерде әкем¬нен жасаған тентектіктерімді ке¬шіруін өтініп, ағыл-тегіл жы¬ла¬уым керек. Мен бұл фильм¬де 3 ұлдың ішінде бұзық, спорт¬смен ұлды сомдадым. Өзім осы фильмге байқаудан өт¬кенде жылайтын эпизодты сом¬дау арқылы өткенмін. Тү¬сірілім болатын күні мен таң¬ғы сағат жетіде тұрдым. Со¬дан таңғы төрт жарымға дейін жүр¬дік. Бір рет те тізе бүкпей тү¬сірілім алаңында болдық. Өйт¬кені Қаскелеңнің ем¬ха¬насын екі-үш-ақ күнге жалға ал¬ғанбыз. Емханаға көлік апа¬тына ұшырап қан-қан болып тү¬сіп жатқан жаралы адам¬дар¬мен жағаласып жүріп киноға тү¬стік. 21-22 сағат бо¬йы бетімізден грим сүртілген жоқ. Әрі шілде, күн ыстық бол¬ған¬дықтан, әбден қалжы¬ра¬дық. Түнгі төрт жарым бол¬ғанда мен енді ұйықтайтын шы¬ғармыз деп ойладым. Сөйт¬¬сем режиссеріміз Ахан Сବтаев: «Нұрлан, түсірілімді жал¬ғастырамыз» дейді. Мен: «Қа¬лайша, мен түсе алмай¬мын, бет-аузым ісіп кеткен, 30 адам¬нан тұратын команда ұйықтап отыр. Емханада өлі ты¬ныштық. Әкемнің рөлін сом¬дайтып актер да (Айдос Бек¬теміров) алаңсыз ұйқыға кет¬кен. Сценарий бойынша бә¬рі келіп тұр, түн, өлі тыныш¬тық, әкесін күзеткен ұлы. Енді жы¬лау ғана қалды. Бірақ кө¬зімнен жас шықпайды. Көзім ашық тұр дегенің болмаса, ағ¬зам ұйықтап отыр. Бір уа¬қытта Ақан Сатаев ноутбугін әкел¬ді де, бір музыканы қосып, «мынаны тыңда» деді. Тың¬дасам, ол Бекболат Тілеуханов ай¬татын «Япурай» әні екен. Осы ән дәл сол сәтте менің кө¬ңіл-күйімді дөп басты. Жү¬регімді дір еткізді. Ұйқым шай¬дай ашылды. Мен бір уа¬қытта тоқтай алмай еңкілдеп жы¬ладым. Ахан отыра қалып ко¬мандасына: «Түсіріңдер!» деп белгі беріп үлгерді. Бір дубль¬мен ешқандай қайта¬лау¬сыз осы эпизодты түсіріп ал¬дық. Осының өзі-ақ режис¬сер¬дің көрегендігі шығар. Ол сол жерде өзінің сөзінің емес, му¬¬зыканың өтімділігін, музы¬ка¬ға ерекше жа¬ным елжіреп тұ¬ратынын түсінді.
– Киноға түсу үшін біл¬мейтін нәрсеңді білемін деп жан¬кештілік танытқан ке¬зі¬ңіз бол¬ды ма?
– Болды. Неге болмасын. Осы «Ағайынды» фильміне тү¬сетін кезде «мотоцикл ай¬дай¬сың ба?» дегенде «ай¬дай¬мын» деп айта бердім. Шын мә¬нініде, мен оны айдай ал¬майтынмын. Мұндай әрекетке ба¬руым – менің бұл фильмге ерек¬ше түскім келгендігінен бол¬ды. «Ананы білесің бе?» де¬се, «білемін», «мынаны біле¬сің бе?» десе, «білемін» деп айта бер¬ге¬нім есімде. Мото¬цикл¬ді қалай жүргізетінін бі¬летін адам¬дар¬дан сұрап үйренген бол¬дым. Бірақ бәрібір айдау ма¬шығым жоқ. Фильм баста¬ла салған кез¬де ағасын шы¬ға¬рып салуға бар¬ғанда мото¬цикл ауда¬ры¬лып қала жаз¬дайтын эпизод бар. Бірақ ол сце¬нарий бойын¬ша емес, ме¬нің көлікті дұрыс жүр¬гізе ал¬мағандығымнан бол¬ды. Бірақ ре¬жиссерге осы нұ¬сқа ұнап, оны кесіп тас¬та¬май алып қал¬ды.
– Киноға түсу алаң¬да¬рын¬¬дағы тағы қандай оқиға есің¬¬ізде қалды?
– Бірде кезекті фильмді тү¬сі¬руге ауылға бардық. Жаз ме第гілінде қысқы көріністерді тү¬¬сіру керек болды. Біз тере¬з嬬нің бәрін қырау қылып, қол¬дан қыс жасап қойдық. Кө¬рі¬ністе гәп жоқ. Бірақ түсі¬рілім бас¬тала салысымен менің ке¬се¬ме, одан кейін қарияның бе¬тіне қайта-қайта маса қо¬нады. Бәріміз жабылып әлгі ма¬саны қуып әуре-сарсаңға түстік те қал¬дық. Сол көрініс, сол оқиға әлі күнге есімнен кет¬пейді. Ки¬ноның мұндай да қы¬зықтары бо¬лып тұрады.
– Кинодағы кем¬ші¬лік¬те¬рі¬ңізді көріп, әттеген-ай де¬ген кез¬д¬еріңіз болды ма?
– Бо¬лат Шәріптің «Күнә» де¬ген филь¬мінде жағымсыз Әзім¬бай¬дың рөлін сомда¬ған¬мын. Бұл – ме¬нің кинодағы де¬бю¬тім. Ерек¬ше махаббатпен ой¬надым. Бірақ көріп отырып, әт¬теген-ай, мына жерін басқа¬лай ой¬науға болар еді дейтін жер¬лері бар. Ал «Бақсы» филь¬мінде өзім¬нің бір сатыға өс¬кенімді байқап, ки¬нода ой¬нау¬дан ерек¬ше ләз¬зат алдым. Бұл фильмде де мен жа¬ғым¬сыз рөл¬де ойнап, Ас¬қардың бей¬не¬сін жасап шық¬тым. Асқар дү¬ниені тек өзі¬мен ғана өл¬шеп, «мен», «мен» деген түсі¬нікпен өмір сү¬ріп жатқан адам. «Бер¬сең қо¬лың¬нан, бер¬месең жо¬лыңнан тар¬тып ала¬мын» деген пи¬ғыл¬мен әрекет етеді. Көке¬сіне сенгендігі сондай, ешнәрсе оны тоқ¬тата алмайды. За¬ма¬на¬уи фильм. Әрі, шынын айту ке¬рек, үлкен ауқымда түсіріл¬ген фильм. Оны халық әлі кө¬ріп үл¬герген жоқ. Көргенде дүм¬пуі біраз жерге барады деп ой¬лай¬мын.
– «Ән мен анаша» деген фильм¬нің сце¬на¬рийін сіздің әкеңіз жазған, ол туралы не айтар едіңіз?
– Иә, рас. Оның сце¬на¬рийін де менің әкем Баянғали Әлімжан жазған әрі осы фильм¬нің режиссері де өзі бол¬ды. Бұл фильмде мен Саян де¬ген композитор жігіттің рө¬лінде ойнаймын. Жай ғана қа¬ра¬пайым өмір шындығын көр¬сететін, жылы әсер қалды¬ра¬тын фильм.
– Қанша жарнамалық ро¬лик¬ке түстіңіз?
– 27 жарнамалық роликке тү¬сіппін. Санынан шатасуым да мүмкін. Режиссерлер нені қо¬сып қалса да Нұрлан шы¬ғады, бұл актердің бейнесі қай¬та-қайта әр жерден шыға бер¬ген соң, адамды жалық¬ты¬рады деп ойлауы мүмкін. Олай емес. Шынтуайтына кел¬генде, тек өнері жалық¬ты¬руға лайық, сол деңгейден аса ал¬майтындар ғана жалық¬ты¬ра¬ды. Мысалы, Сергей Без¬руков жүз жарнама ролигіне түс¬се де біз көре беруден жа¬лықпаймыз ғой. Бүкіл кинода Панин ойнаса мен жалықпай отырып азаннан кешке дейін кө¬ре берер едім. Бірақ мұның бәрі менің негізгі мақсатым емес. Оның болашақта қыс¬қа¬ратынын мен іштей білемін. Өйт¬кені мен күрделі әрі шы¬найы дүние жасағым келеді. Ол–кино.
– Кинода тағы да қандай рөл¬дерді сомдағыңыз келеді?
– Тарихи ірі тұлғаларды сом¬дағым келеді. Соның бірі – Кенесары батыр.
– Сіздің тағы бір қы¬ры¬ңыз – сазгерлік, сіз ең бі¬рінші, сөзге қарап музыка жа¬за¬сыз ба, әлде музыкасын жବзып, содан кейін барып мә¬тін іздейсіз бе?
– Ең бірінші мен өлеңді ұна¬тамын. Сөзіне қараймын. Со¬дан кейін барып музыка туа¬ды. Көбіне әкем ақын бол¬ған¬дықтан, оның өлеңдеріне му¬зыка жаздым. Осы уақыт¬қа дейін ортақ 6 туындымыз бар. «Ғажайып күй» әнін қазір «Азия» тобы орындап жүр. Осы әннің сөзі әкемдікі, әнін мен жаздым. Айгүл Иман¬бае¬ва¬мен «Кеңістік» деген әнді дуэт болып орындаймыз. «Ба¬ғың¬ды бағала», «Сағындым ата-әжемді» деген әндерді орын¬дап жүргенімді өздеріңіз бі¬лесіздер. Бұл да – біздің ор¬тақ туын¬дымыз. Мен Олжас Сү¬¬л¬ей¬менов ағамыздың да сөзіне ән жаздым. Исраил Са¬пар¬баев, Қайрат Ағаберген деген ақын¬дармен жұмыс жа¬сай¬мын. Тіпті арғы ғасыр¬лар¬дан ке¬ле жатқан Шығыс ша¬йыры Омар Хаямның да сөзі¬не ән жа¬зып жүрмін.
– Өнердің осынша са¬ла¬сын қатар алып жүру үшін уа¬қытты шебер үйлестіре білу керек. Сіз уақытты қа¬лай үнемдеп, жұмысыңызды қа¬лай ұйымдастырасыз?
– Ұялы телефонымда күн¬де¬лікті қандай шаруаларды бі¬тіру керектігі жоспарланып жа¬зылып тұрады. Жоспар 3-4 айға дейін алдын ала құ¬рылып қояды. Соның бәріне үл¬геруге тырысамын. Және уә¬де берген жеріме кешікпей ба¬руға дағдыланғанмын. Мы¬салы, «Көшпенділер» филь¬мі¬не түскенде түсірілім кей¬де таң¬ғы төртке белгіленді. Аме¬ри¬калықтар тура төртте тү¬сі¬рілім алаңында тұрады. Ал қа¬зақтар созылып сағат ал¬ты¬да жаңадан бір-бірлеп жи¬на¬ла бастайды. Біздің қа¬зақ¬тардың жұмыс істеу тәр¬тібі мен мінезінен олар шаршап кет¬¬ті. Өйткені біздің халық ту¬ра уақытпен жүруге дағды¬лан¬¬баған.
– Әңгімеңізге көп рақмет!

 

 

Сұхбаттасқан Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ, «Айқын» апта. 04.06.09

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1937
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2134
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1771
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533