Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2410 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 14:30

Бек Датұлы. Санаймыз деп сан соқтырыпты

Шортан деуге келмейтін, шабақ деуге болмайтын тағы бірнеше шенеунік қаржы полициясының қармағына түсті. Олар  - ҚР Статистика агентігі басшысының білдей орынбасарлары.
Биыл халық санағын өткізуге қыруар қаржы, нақтылап айтқанда 1 млрд. 144 млн. теңге бөлінген. Санаққа қатысып, санатта болуды жаппай жарнамалап, науқанды «у-шусыз өткізіп жіберуге» сол соманың төрттен бірі ғана жұмсалыпты. Өңгесі Стаиистикалық агенттіктің басшылары мен жеке фирмалардың өңешінен өтіп кетсе керек. «Биені бүгімен, түйені түгімен» жұтқыштар 800 млн. теңгені жымқырған. Халықты емес, қалтасына түсетін тиынды санаған қулар - Баянов пен Меңдібаев ақша қымқыру үшін жеке фирмалардың сойылын соғып, жалған кәсіпорындар құрыпты. ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас-жемқорлықпен күрес агентігінің арнайы өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, бұлармен бірге «КИІК фирмасы» ЖШС-нің бас директоры Нысанов пен құрылтайшысы Тұржанов та тұтқындалған.
Қазынаның қаржысын аш кенедей сорып үйренген шенеуніктер темір торға тобымен қамалса да таң қалмайтын болдық қой. Мәселен, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Есіл экологиялық департаментінің басшысы Әбдінұр Батаев та тұтынға алынғалы бірнеше күн болды. Ол зиянды қалдықтар туралы құжаттың қисық тұсын «түзетіп жіберуге» 160 мың теңге сұрап, параға «қарық болып» жатқанда қолға түсті.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1926
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2067
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1722
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1523