Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
6129 1 пікір 25 Шілде, 2017 сағат 09:57

Оба індеті табылуына байланысты Ресей Қазақстанмен шекараны жапты

Ресейдің Новосібір облысының билігі айдың басында көрші Омбы облысынан доңыздардың африкалық обасы табылғаннан кейін Қазақстанмен карантин аймағын енгізетінін мәлімдеді.

Омбы облысының бірнеше аймағында өлген жануарлардың обаны жұқтырғанын анықтаған. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, облысқа төтенше жағдай енгізілген. Өткен аптаның соңында Новосібір облысының билігі аймақта обаның таралып кетпеуіне жол бермеу үшін, алдын алу шараларын барынша күшейткендерін мәлімдеген.

«Омбы облысымен ғана емес, Қазақстанмен де карантин аймағын енгізуді жоспарлап отырмыз», - деген Новосібір билігі.

Бүгінгі күні Омбы облысында екі мыңға жуық шошқаны және 100 тонна етті жойған.

Abai.kz

1 пікір