Жексенбі, 28 Сәуір 2024
3713 0 пікір 20 Шілде, 2017 сағат 08:17

Тәжікстанда коррупциямен күресуші экс-шенеуніктердің соты жабық өтіп жатыр

Сәрсенбі күні Тәжікстанның Жоғарғы сотында коррупцияға қарсы күрес мекемесінің бұрынғы он шенеунігіне қатысты сот отырысы жабық өтті. Айыпталушылар арасында тек ғана коррупцияға қарсы күрес агенттігінің шенеуніктері емес, бас прокуратура, кеден қызметінің бұрынғы лауазымды азаматтары да бар.

Белгілі болғандай, сот отырысы екі залда қатар өтіп жатыр.

Сотқа тек адвокаттарды ғана кіргізген. Сотталушылардың туыстары мен БАҚ өкілдерін залға кіргізбеді.

Айыпталушылар ішінде коррупцияға қарсы күрес агенттігі директорының бұрынғы орынбасары Давлатбек Хайрзод пен тергеу басқармасының басшысы Фируз Холмуродзода бар. Бұл іске қатысты сотталушылардың бәрі ірі көлемде пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталып отыр.

Abai.kz

0 пікір