Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Анық-қанығы 6946 11 пікір 17 Шілде, 2017 сағат 15:46

Қандастардың құқығының бұзылуына жол бермеу керек

Қытайдың Шынжаң өлкесіндегі қазақтардың жергілікті әкімшіліктен түрлі қысым көріп жатқаны соңғы кездері халықаралық баспасөзде жиі айтыла бастады. Жуырда өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында германиялық қазақ Өмірхан Алтын Президент Назарбаевқа Қытайдағы қазақтардың қиын жағдайға тап болғаны жайында айтқан болатын. Президент Назарбаев өзінің бұл істен хабарсыз екенін жеткізіп, ҚР СІМ мен елшілік арқылы нақтылы жағдайды анықтап, тиісті деңгейде көңіл аударуға уәде берген еді. Өкінішке орай Қытай жағынанан ондағы қазақтарды қудалау, жазалау тиылмай тұр.

Қазақстандық БАҚ жазғандай: қытай ұлтшылдары жүз мыңдаған адамның қолын жиып, ұлттық автономиялы бес регионның статусын жоюды сұрап, «кейбір автономиялық өлкелердегі аз ұлттардың үлес салмағы сол жердегі қытайлардың санынан әлдеқайда аздығына қарамастан, оларға саяси және мәдени-әлеуметтік үлкен жеңілдіктер қарастырылуы ұлы державаға айналуы тиіс Қытайдың дамуына кедергі болып отыр» деп санайтын көрінеді.

Құрметті қоғам белсенділері! Қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен саяси ағымдардың атынан Қытай елшілігіне, Қытай мемлекеті басшылығына мәлімдеме жазылуы тиіс. Құжатта Қытай билігі тарапынан ондағы ұлт диаспораларына, соның ішінде қазақтарға негізсіз қысым көрсетіліп, түрлі жазалауға ұшырап, адам құқықтары аяққа басылып жатқанын көрсетіп, Бас Ассамблеяның 1948 жылғы 10 желтоқсандағы қабылданған "Адам Құқықтарының Жалпыға Бірдей Декларациясы" (2-бап, 5-бап, 18-бап, 28-бап), және 1996 жылдың 16 желтоқсандағы қабылданған "Экономикалық, Әлеуметтік және Мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт" (ІІ-бөлім 2-бап, 1-2-3 тармақ, ІІІ-бөлім 12-бап, 27-бап) баптарының өрескел бұзылып жатқанын жария етуіміз керек.

Құжат ҚР елшілігіне, СІМ-не, Қазақстандағы "Қытай елшілігіне", Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне, "БҰҰ"-на жіберілсін!

Бұлай үнсіз отыра беруімізге болмайды!

Барлық қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды, жекелеген азаматтарды, журналистер қауымын осыған қосылуға шақырамын!

Қосымша Қазақстандық және қытайдағы консулдық мекемелер мен елшіліктердің реквизиттерін беріп отырмын.
17.07.2017. С.Н.Қ.

Байланыстар

Мекен-жай: No.9, Sanlitun Dongliujie, Chaoyang District, Beijing, China ,100600
Телефон: +86 (010) 653-24-189,+86 (010)653-26-182
Факс: +86 (010) 653-24-433
Электрондық пошта: pekin@mfa.kz , kazembassy@sina.com
Ресми веб-сайт: http://www.mfa.gov.kz/beijing
ҚР-дың ҚХР-дағы консулдық мекемелері
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің Консулдық бөлімі
Мекен-жай: 9, Dong 6 Jie, San Li Tun, Beijing, China 100600
Телефон: 653-22-636, 653-29-177 (коммутатор)
Факс: 653-20-636
E-mail: bj-konsul@mail.ru
Ресми веб-сайт: http://www.mfa.gov.kz/beijing
Гонконг қаласындағы (ҚХР) ҚР Бас консулдығы
Мекен-жай: Unit 3106, 31st floor, West Tower, Shun Tak Center, 200 Connaught Road Central, Sheung Wan, Hong Kong
Телефон: (+852) 254-83-841
Факс: (+852) 254-88-361
E-mail: office@consul-kazakhstan.org.hk; honghong@mfa.kz; visa@consul-kazakhstan.org.hk
Шанхай қаласындағы (ҚХР) ҚР Бас консулдығы
Мекен-жай: Loushanguan 85A, 200336 Shanghai, building «Orient International Plaza», 1005-1006
Телефон: (+8621) 627-538-78, 627-528-38, 627-554-83
Факс: (+8621) 627-573-00
E-mail: kazconsulshanghai@yahoo.com;shanghai@mfa.kzkzconsulshanghai@mail.ru, office@kzconsulshangai.org
Үрімші қаласындағы (ҚХР) ҚР СІМ Төлқұжат-виза қызметі
Мекен-жай: 216, Kunming Road, Урумчи
Телефон: (+86991) 381-58-57, 383-61-56, +381-58-79
Факс: (+86991) 382-12-03
E-mail: pvs_urumqi@yandex.ru
Қосылған : 19.06.2017, 15:35, Өзгертілген : 19.06.2017, 15:35

Елшілік туралы
Нұрышев Шахрат Шәкизатұлы
Төтенше және Өкілетті Елші
Қытай Халық Республикасындағы ҚР Елшілігі, Пекин қаласы
Телефон: +86 (010) 653-24-189,+86 (010)653-26-182
Факс: +86 (010) 653-24-433
Электрондық пошта: pekin@mfa.kz , kazembassy@sina.com
Ресми веб-сайт: http://www.mfa.gov.kz/beijing
Мекен-жай: No.9, Sanlitun Dongliujie, Chaoyang District, Beijing, China ,100600
Консулдық бөлімі:
Телефон: 653-22-636, 653-29-177 (коммутатор)
Факс: : 653-20-636
E-mail: bj-konsul@mail.ru

Нұрлыбай Қошманұлы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар