Сенбі, 4 Мамыр 2024
4853 3 пікір 14 Шілде, 2017 сағат 09:37

Сот Дадаевты саясаткер Немцовтың өліміне қатысты іс бойынша 20 жылға соттады

Мәскеу округы әскери соты бейсенбі күні Шешенстан ІІМ "Север" батальонының бұрынғы жауынгері Заур Дадаевты оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың өліміне кінәлі деп танып, оны қатаң режимдегі түрмеге 20 жылға қамау туралы үкім шығарды.

Дадев пен тағы бір сотталушы Тамерлан Эскерхановтың әскери атақтары мен ордендері жойылды. Эскерханов 14 жылға сотталды.

Анзор мен Шадид Губашевтер 19 және 16 жыл алды. Хамзат Бахаев 11 қамауда отырады.

Сотталушылардың барлығына айыппұл салынды.

Прокурор Дадаевты өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Кремльге жақын маңдағы көпірде атып кеткен.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1204
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1095
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 834
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 973