Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4261 1 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 14:20

САҒАТ

Күнделік жаз¬байтын қазақы салақтығымызға қанша өкінсек те, сол күннен бастап орнын толтыра беруге болатын осы олқылықты әрі қарай тағы жалғастыра береміз. Оны айтып отырған себебім, кеше өзімізбен қатар жүрген Сағат Әшімбаев туралы осы естелікті бұдан бес-алты жыл бұрын жазып тастамақшы болып, ойымды пісіріп, енді қолға қалам алуға әне кірісем, міне кірісем деп жүргенде, күнделікті күйбеңнің бітпейтін бір шаруалары кимелеп, кешіге бердім. Бүгін есім¬дегілерді қағазға түсірейін десем, содан бері де біраз жәйттердің жадымда кө¬мескілене бастағанын се¬зіп, тағы да өзімді өзім жаз¬ғырып отырған жағдайым бар.
Енді тіпті арыдан бастауға тура келеді.
Бүгін бастан өткен бір оқиғаның кейін басқа бір оқиғаға себеп болатынын байқамай қаламыз.
1986 жылы Жапонияға туристік мақсатпен сапар¬лап қайтатын жолдама қолыма тиді. Кеңес өкіме¬тінің кезінде бұл бір сирек сәті түсетін шаруа еді. Же¬ме-жемге келгенде кеже¬гем кейін тартып, сонау қиыр шығысқа барғым келмей қалды. Сол кезде ден¬саулығымның сыр бе¬ріп жүргені де себеп болса керек. Екінің бірінің қо¬лына түсе бермейтін сирек жолдаманы бірінші қолқа салған кісіге – профессор Асқар Тоқпановқа бере салдым.

Күнделік жаз¬байтын қазақы салақтығымызға қанша өкінсек те, сол күннен бастап орнын толтыра беруге болатын осы олқылықты әрі қарай тағы жалғастыра береміз. Оны айтып отырған себебім, кеше өзімізбен қатар жүрген Сағат Әшімбаев туралы осы естелікті бұдан бес-алты жыл бұрын жазып тастамақшы болып, ойымды пісіріп, енді қолға қалам алуға әне кірісем, міне кірісем деп жүргенде, күнделікті күйбеңнің бітпейтін бір шаруалары кимелеп, кешіге бердім. Бүгін есім¬дегілерді қағазға түсірейін десем, содан бері де біраз жәйттердің жадымда кө¬мескілене бастағанын се¬зіп, тағы да өзімді өзім жаз¬ғырып отырған жағдайым бар.
Енді тіпті арыдан бастауға тура келеді.
Бүгін бастан өткен бір оқиғаның кейін басқа бір оқиғаға себеп болатынын байқамай қаламыз.
1986 жылы Жапонияға туристік мақсатпен сапар¬лап қайтатын жолдама қолыма тиді. Кеңес өкіме¬тінің кезінде бұл бір сирек сәті түсетін шаруа еді. Же¬ме-жемге келгенде кеже¬гем кейін тартып, сонау қиыр шығысқа барғым келмей қалды. Сол кезде ден¬саулығымның сыр бе¬ріп жүргені де себеп болса керек. Екінің бірінің қо¬лына түсе бермейтін сирек жолдаманы бірінші қолқа салған кісіге – профессор Асқар Тоқпановқа бере салдым.
Жапонияға жолым түспегені мектепте оқитын үш балама батыпты. Олардың сыныптастарының бірінің әкесі ана шетелге, бірінің әкесі мына шетелге ба¬рып келген. Олар әңгіме тиегін ағыт¬қан¬да, ауылдан Алматыға енді келген менің ба¬лаларым, айтарға әңгіме таппай, қамы¬ғып қалады екен. Бұл да – қорлық. Шет¬елге шығаратын келесі жолдаманы ой¬лан¬бастан аламын деп жүргенде, маған Ку¬баға барып қайтуға ұсыныс жасады. Жа¬понияны жырақсынып жүргенде, Ку¬баға тап болдым. Балаларымның көңілін қимай, мұхиттың арғы жағына, бостан¬дық аралына аттанып кете бардым. Бұл 1986 жылдың 16 желтоқсаны болатын.
Келер жылдың 3 қаңтары күні Алматыға қайтып келсем, елімізде талай оқиғалар болып үлгеріпті. Алаңдағы ереуілдің бел ортасында жүрген үлкен балам түгілі, Желтоқсан көтерілісінің хабарын жиырма күн кешігіп естіген мені де ұлтшылдардың тізіміне қосып, тергеуге алды. Өзімнен ештеңе шықпайтынын білген соң, менен Сағат Әшімбаев туралы “компромат” алуға тырысты. “С.Әшімбаевтың осылай деуі мүмкін бе, осылай істеуі мүмкін бе?” деген қияли сұрақтарын қадап сұрайды. Желтоқсан көтерілісінің эпицентріндегі кеңсеміздің терезесінен бүкіл айуандықты көзімен көріп отырған, қазақтың арман-аңсары десе басын бәйгеге ойланбай тігетін Сағат Әшімбаевтан шынында бәрін күтуге болатын еді. Ол ұлттың мүддесі үшін отқа түсіп кетуден тайын¬байтын бір пәруана көбелек еді ғой. (Осы жерде өзім үнемі таңғалатын мына бір жайды айта кеткім келеді. Желтоқсан көтерілісі кезінде көзге түсіп қалып, жаза тартқан кейбір қандастарымыз жайшы¬лықта Желтоқсанның батырымыз деп кеудесін соғады да іле-шала жазықсыз жапа шегіп едім деп, ақталғысы келіп, ізденіп жүреді. Қисын қайда? Екінің бірі емес пе?!) Қазақтың қарадомалақ балаларының итке таланғанын көзімен көрген Сағат Әшімбаев бұғып қалмай¬тын ерлердің сойынан еді ғой!
Біз студент болған 1968-1972 жыл¬да¬ры Алматының жоғары оқу орында¬рында, әсіресе, КазПИ мен КазГУ-дің мехма¬тында әдеби басқосулар жиі өтетін де, сондай жиындарда суырылып шығып өлең оқитын Кеңшілік, Жарасқандармен жағаласып мінбеге көтеріліп, алқынып сөйлеп тұратын студент Сағат Әшімбаев мен қатарлылардың көбінің есінде қалған болуы керек. Екпіндеп сөйлейтін. Уысында умаждалып тұратын кепкасы да жадымда.
1982 жылы Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін үздік бітіріп, жыл соңында Қазақ теледи¬да¬рының Жастар хабарлары бас редакция¬сына бас редактор болып келдім. Жастарға арналған “Жүректен қозғайық” деген жаңа телехабарды басқаруға лайықты ойы ұшқыр, тілі шешен жүргізуші іздей бастағанда, есіме баяғы екпіндеп сөйлейтін Сағат орала кетті. Іздестірсек, авторлық қоғамды (ВААП) басқарып отыр екен. Қазіргі “Хабар” агенттігі орналасқан, салпыншақты ғимараттың ең үстіңгі қабатының оң жақ бұрышындағы шеткі кабинетте Сәкең¬мен бірге “Жүректен қозғайықтың” неше түрлі жобасын талқылап, талай кешті бірге өткіздік. Ақылдасуға да, кейін ха¬бар¬ды өткізуге де Лұқпан Сыдықов, Әбдімәлік Нысанбаев, Бақтажар Мекі¬шев, Күләш Ақжолтаева секілді біраз ой¬лы жандар белсене қатысты. Ауыл ша¬руа¬шылығы және зоотехникалық-мал¬дәрігерлік институтта өткен сол жастар хабары өз кезінде елге кеңінен танымал болды. Ұлт мүддесі, қазақ жастарының мұрат-мақсаты туралы озық ойлар, батыл пайымдаулар ортаға түсті. Соның бәріне қозғау салатын тележүргізуші Сағат Әшімбаев еді.
Телерадиокомитет төрағасының орын¬басарының босаған орнына кім келеді деп бал ашып жүргенімізде, аяқ астынан, ешкім ойламаған жерден Сағат Әшімбаев сол қызметке келе қалды. Жоғарыдағы бас¬шылар Сәкеңді – Сағатты әкеліп ұжы쬬ға таныстырып кеткен соң, түстен кей¬ін жаңа бастығымыз менің кабинетіме кі¬ріп келді. Мен әдеби-драмалық хабар¬лар Бас редакциясын басқарушы едім. Оңашада қуанышымызды бөлісіп болған соң:
– Менің осы жоғары қызметке ке¬луіме тележүргізушілігім сылтау болды. Ал тележүргізуші болуыма себеп болған сенсің. Енді тізе қосып, бірге жұмыс істейік. Өзің білесің, мен теледидардың ішкі құпияларынан бейхабар адаммын. Жұмысты неден бастауым керек? – деп Сәкең сұрақты төтесінен қойды.
Ол жылдары Қазақ теледидарының директоры – көп жыл телерадио сала¬сында қызмет істеген, қу¬лығына құрық бойламайтын Изя Эйнехович Фи¬дель деген кісі. Қазақша хабар¬лардың жалпы көлемі 30-35 пайыздан аспайды. Асырмайды. Әр редакцияны басқаратын Сәңгерей Тәжіғұлов, Кеңес Дүйсекеев, Қажы Қорғанов, тағы бірер жігіт, дирекцияның мүшесі ретінде жиналыс сайын Фидельмен, оның сойылын соғатын партком Светлана Татенкомен шайқасамыз да жатамыз. Техниканың құлағын ұстаған мамандардың көбісі – сол екеуінің сойылын соғатындар. Тізеге салса да, алдаса да солардың сөзі өтеді. Қазақ тіліндегі әр хабар үшін, олардың түсі¬рілуі, құрастырылуы, эфирге қойылуы үшін көзге көрін¬бейтін майдан жүріп жатады. Сәкең¬нің жұ¬мысты неден бастасам екен деген өзімсінген сауалына:
– Телетехно¬ло¬гия¬¬¬ны зерт¬теуден, үйренуден баста¬ған жөн шығар. Кез кел¬ген бейнеинженер, ішкі жұмыс¬тың қи¬тұр¬қы¬сын білмеген жан¬ды алдап кете бе¬реді. Қазақша ха¬бар¬лардың соры қай¬найтыны содан, – деп ағымнан жары¬лып, хабарды студияда пысықтау, түсіру, құрастыру кезіндегі қиянаттардың жайын айтып, өз тіліміздегі телехабарлардың жолын кеңітудің амалдарын айта бастадым. Менің сөзім оған жақпады. Неге жақпа¬ғанын әлі күнге анық түсінбеймін. Жанарын бір нүктеге қадап, түйіліп отырып қалатыны болушы еді. Сөйтті. Сірә, Орталық Коми¬теттен алып келген тапсырмаларымен менің көзқарасым қабыспады-ау деп шамалаймын. От пен судың арасында қапылып жүрген маған жаңа басшының қазақ тіліндегі хабарларға оң қабағы керек еді. Менің сөзімді жаратпаған Сәкең орнынан тұрып жүре берді де, сол бетімен бірер ай менен бойын аулақ ұстады. Бір күні, кешке жақын, тағы да оңаша әңгімеге шақырды да:
– Сенікі дұрыс екен. Мынау бір жବ¬¬сы¬рын соғыс жүріп жатқан жер ғой. Ақыл¬да¬сып тұрайық, – деп мәміле айтты. Осыдан бастап өле-өлгенше Сәкеңмен сыйлас, сырлас болдық десем, артық айтқандық емес шығар.
Өздерінің қызмет кабинеттерін Мәскеу¬дің Кремліндей күзеттіріп, жан тынышты¬ғын қызғыштай қоритын кейінгі басшылар¬дай емес, Сағат Әшімбаевтың есігі өз қарамағындағыларға айқара ашық болатын. Қабылдау бөлмесінде сарылып отырмаушы едік. Оған кез келген уақытта кіріп барып, шығармашылық жұмыстың ұсақ-түйек мәселелерін айта беруге болатын. Қиялы да жүйрік, ойы да шапшаң Сәкең аяқ астынан жаңа идеялар туындатып, шұғыл тапсыр¬малар беріп, оны жүзеге асырғанша тыным таптырмайтын. Кезінде қазақ қауымына кеңінен танымал болған “Қарыз бен парыз” бағдарламасы да осылайша шұғыл шешімін тапқан іс еді. Әрине, оған дейін де өзі жеке ойланып-толғанып, санасында пісіріп алған болуы керек. Жобаның соңғы ширатылуына мені шақырып, ақылға қосты да, хабардың бірнеше атын алдыма жайып салып:
– Таңдашы, – деді.
Мен “Қарыз бен парыз” деген нұсқаны таңдадым. Қасындағы ғалымдардың бірі қарыз бен парыз деген ұғымдардың ұқсастығын айтып келе жатыр еді, Сәкең оның сөзін бөліп тастап:
– Бітті. Осыған тоқтаймыз! – деп кесіп айтты. Қазақ қоғамындағы түрлі түйінді мәселелерді батыл сөз етіп, ойға қозғау салған осы жоба Сағат Әшімбаевтың өз қандастарынан қаншалықты озып кеткенін, ұлт болашағының қамын қандай жоғары деңгейде ойлай алатынын, сол ұлы мұраттар үшін басын бәйгеге де тіге алатынын қапысыз дәлелдеді. “Қарыз бен парыз” бағдарламасы пішіні жөнінен көне болып көрінгенімен, онда телетехнологияның бар¬ша мүмкіндіктері, қосымша компоненттері аз пайдаланылғанымен, Сәкеңнің озық ойы, парасатты пайымдаулары арқылы қоғамдық пікірдің көшін бастады. Ғасыр басындағы Алаш қозғалысының идеялары осында жаңаша мазмұн таба отырып, тынысы таянып қалған тәуелсіздіктің басты ұстанымдары да еріксіз тілге оралып жатты. Сағатты ұлт көсемдерінің қатарына қосқан осы ұлтжандылық оның ұлан-ғайыр білімінен, ізденістерінен бастау алушы еді.
Сәкең шын мәнісінде білімпаз, көп оқитын кісі еді. Ол кітапханасы бай адам¬дарды құрмет тұтатын. Кітабы көп қалам¬гердің әдеби дарынының тапшылығына да кешіріммен қарайтын. Сондай бір ортақол ақынды ол кісінің көңілі үшін дәріптеп телехабар дайындағанымыз ұмытылмай есте қалды. Сәкең өзіне қажет кітаптың соңына шырақ алып түсетін. 90-шы жылы Мәскеудің “Мысль” баспасынан Фридрих Ницшенің қос томдығы шықты деп естіп, қанша аласұрғанымен, Алматыдан қолына түсіре алмады. Бір күні:
– Ницшенің бірнеше данасы сенің Жезқаз¬ғаныңа бөлініп кетіпті. Қалайда қолға түсіруің керек, – деп қиғылық салды.
Жезқазғандағы кітап саудасының бастығы – облыстық МАИ-дың бастығы Гилленің әйелі екен. Атын ұмыттым. Ұзын сөздің қысқасы, біреулер арқылы Гиллеге шығып, ол әйеліне айтып, Ницшенің қос томдығының екі данасын олжаладық. Сәкең әйелі ұл тапқандай қуанды. Сол кездегі ақшамен 60 рубльге алынған неміс философынан Сәкеңнің не тапқаны өзіне аян, ал менің Ницше мұрасына әлі күнге тісім батпай жүргенін несіне жасырайын.
Жаңылмасам, 89-шы жылдың басында арқалы ақын Кеңшілік Мырзабеков кенеттен қайтыс болды. Бұл күтпеген қаза оның досы Сағатқа да, Кеңшілікпен университет дәрісханасында бірге отырған, ұялас күшіктей інісі маған да қатты батты. Марқұмды туысқандары өз топырағы – Торғайға апарып жерлемекші болды да, бірақ Алматының ауа райы жолды кесіп, ұшақ ұзақ уақыт еру болды. Мен:
Сенің жолың кешеден кесілуде,
Жатсың үнсіз табыттың бесігінде.
Жібергісі келмей ме Алматының,
Самолеті Торғайдың кешігуде, – деп баста¬ла¬тын өлең жазып, Сағатқа оқып бердім. Қатты тебіренген Сәкең:
– Кеңшіліктің замандас достарын телестудияға жинап, досымызды еске алайық. Елге көңіл айтайық. Қата¬ры¬мыздың сирей бастағаны осы болар. Өзі¬мізді бір түгендеп алайық, – деп бастама көтерді. Сол күні жасы қырықтың ар жақ-бер жа¬ғындағы оншақты әдебиетші Қазақ теледидарының эфиріне шығып, Кеңшілікпен қоштасу сөзін айттық. Хабарды Сағат Әшімбаевтың өзі жүргізді. Толқып сөйледі. Біздің қатарымызға да шеңгелін сала бастаған сұм ажалдың дауасыздығына назаланды. Сол күні Сәкеңнің қасында қаздай тізіліп отырған қатарларының Жарасқан Әбдірашев, Тынышбай Рахимов секілді бір тобы бақилық болып кеткелі де біраз жыл өтті. Қайтып оралмайтын сапарды Сәкеңнің өзі бастағанын өкінішпен еске аламыз.
Орталық Комитеттің хатшысы Өзбек¬әлі Жәнібеков ағамыз Сағатқа көп қолдау көрсетті. Кейде қызбалықпен алды-артын аңдамай, от басып қала беретін Сәкеңді беделді басшы қанатының астына алып жүретінін жиі аңғарушы едік. Бір қызығы Өзағаң кейбір оңаша жолығысуларға лауазым биігінде отырған Сағатпен бірге оның қарамағындағы көп бас редак¬тордың бірі мені де қосатын. Мұндай жүздесулерде көбіне әдебиет пен өнерді, тарих пен археологияны, рухани мұраны насихаттаудың кезекті шаралары сөз болатын. Жеңіл әзілдер де айтылушы еді. Сондай бір сенбідегі кездесудің соңына таман Өзекең:
– Осы екеуіңде үй-күй жоқ па? – деп тыңнан қалжың бастады.
– Неге жоқ болсын...
– Ендеше осындай кең уақытта хатшыны үйлеріңе шақырып, ас-су беріп жібермейсіңдер ме?
Әзіл болса да, шын болса да, бұл күт¬пе¬ген ұсыныстан Сәкең екеуіміз басымызды ала қаштық. Жәнібеков секілді мәртебелі кісіні аяқ астынан үйге алып бару менің ақылыма сыймайтын шаруа еді. Достық даңғылының жоғары жағында тұратын Сәкеңнің үйінен бір рет шай ішкенім болмаса, ол кісінің тосын қонақты қабылдау қабілетінен бейхабар едім. Медеу жағынан бір жақсы үйге көзі түсіп жүрген бастығым шығармашылық адамының жайлы баспанаға қаншалықты ділгір екенін тілге тиек етіп, тығырықтан шығарып әкетті. Әуезовтің, Толстойдың, Чеховтің жеке үйлері туралы қазбалап сөйледі. Біздің шай-суымызға зәру дейсіз бе, әншейін әзіл үшін сөз бастаған Өзекеңнің Сағат әңгімесіне еліккені соншалық, ақыры Орталық Комитет ғимаратынан шығып, әлгі Медеу жақтағы ерекше үйді көруге тартып кеттік. Сыртына жылқының бейнесі бедерленіп салынған жеке коттедж сол кезде үшеумізге де таңсық көрініп еді. Қаламгердің еркіндігі туралы біраз қияли әңгіме айттық. Хемингуэйдің Гаванадағы музей-үйі туралы менің әңгімем де біразға дейін талғажау болған тәрізді еді. Осы жерде мен Өзекеңе:
– Сізде де үй-күй жоқ па? Бар бол¬са, түскі асты неге сонда ішпейміз? – деп қатерлілеу қалжың айтып қалып едім, Сәкең шошып кетіп, әңгіменің тігісін жатқызуға тырысты. Өз басым жасымда аузым ауыр, орнықты бала сияқты едім, жүре келе орынды-орынсыз қалжыңдай беретін мінез таптым да, Омашев, Айтов пен Жұртбаев сияқты құрдастарыма өткізетін әзілдерімді үлкенді-кішілі кісі¬лерге де айта салу дағдыма ене бастаған. Жайшылықта ондай бұралқы сөзге бар денесін селкілдетіп күліп алатын Сәкең, Өзағаның алдындағы қалжыңдардан бойын тартып жүретін. Бір жолы менің келіншегіме де үстімнен “арыз” түсіріп:
– Қой десеңші. Бір күні ойыны осы¬лып жүрмесін, – деп сақтандырғаны бар.
Қатар жүрген көп күндердің біразы із-тозсыз санадан өшіп кетіпті. Менің туған жеріме, Жезқазған, Жезді, Ұлытау айма¬ғына барған бір сапардан қатты әсерленіп келгені есімде. Тарихи өлкенің бүкіл таби¬ғаты, Мұхтар, Амангелді, Көбейсін, Серік секілді көшелі кісілердің ажарлы әңгіме¬лері, сақтаулы жәдігерлер оның қиялына қанат бітірді. “Саған өзімнің Нарынқо¬лымды көрсетемін, бірақ ауылда кісі күте қоятындай ағайын¬дарым аз”, деп қамық¬қанын ұмытқа¬ным жоқ. Ұлытау сапарынан оралған соң, елдес ағайын¬дарым Камал Смайылов¬пен, Төрегелді Шармановпен бірге Сәкеңді үйге шақыр¬дым. Дәм үстінде ол кісі біздің елден көрген-білгенін екі ағамызға ризашылық¬пен айтып отырды. Кәмекең мен Төкең:
– Енді бізге Нарынқолды көрсетсең¬ші. Сенің ауылыңды аралап қайтайық, – деп Сағатты қажаңқырап отырды.
– Сіздердей ұлық кісілерді күтіп алатын ағайыным аз, – деп Сәкең шындауға көшкенде, Т.Шарманов:
– Сен қысылма. Біз аудандық ауру¬ха¬наның бір бөлмесіне қона саламыз. Өзің қасымызда болсаң жетеді, – деп қалжыңды өршіте түсті. Сәкең мұны қанша күлкіге жеңдіргенмен, көңіл түкпірінде бір қаяудың бары анық еді. Қазір, өзі өмірден озып, Алаштың ардақты азаматтарының қатарына қосыл¬ған кезде, Сағат Әшімбаевтың есімін бедел тұтып, онымен мақтанатын азаматтар аз емес екенін байқаймыз. Ал Сағат құлашын жаяр кезінде, қияға шырқар кезінде кібір¬тіктей бергеніне куә болған біздер тұрмыс түйткілдерінің осындай көшелі кісіге де бауыр жаздырмағанын көріп едік-ау...
Сәкең өмірінің соңғы сағаттарында оның санасына салмақ түсірген қаңқу сөздерді де өз құлағымызбен естідік. Сол күнгі лездемеде бұрыннан қыңырайып жүретін бір режиссер Телерадиоко¬ми¬тетінің төрағасы Сағат Әшімбаевқа жөнсіз соқтығып, ауыр-ауыр сөздер айтып қалды. Шамданған Сәкең алқынып тұрып жауап берді. Ренжіді. Қазақы бейәдеп қылығымызға қамықты. Төраға біздің қорғаштауымызға зәру емес шығар дедік пе, үйреншікті бопсалаудың бірі ғой деп мән бермедік пе, үндемей, салғырт тыңдап, отыра бердік.
Сөздің құнын білетін Сағат Әшімбаевтың нәзік жүрегі қиянатқа шыдас бермеген екен.
Сағат достың тосын ажалы туралы суық хабар сол күні кешке мені өз үйімде қуып жетті.

 

 

Жүрсін ЕРМАН,  ақын.

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1911
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2008
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1682
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1514