Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
4030 2 пікір 10 Шілде, 2017 сағат 08:03

Ашхабадта оқитын студенттерді тауға шығуға мәжбүрлеп жатыр

Бұл күндері Ашхабадтың жоғары оқу орындарында оқитын студенттер жаппай "Денсаулық соқпағы" шарасымен тауға шығып жатыр. Бұл шара жыл сайын билік тарапынан ұйымдастырылады.

"Студенттер күннің шығуымен, таңға сағат 4-тен тұрып, тауға баруы керек. Бұл кезде қоғамдық көлік әлі жұмысын бастамайды. Сол үшін де студенттер тауға дейін таксимен жетеді. Бұл өте қымбат. Көбінің қалтасы көтере бермейді", - дейді Мердан есімді студент.

Тау соқпағының жалпы қашықтығы - 36 километр. Ең жоғарғы нүктесі теңіз деңгейінен 1000 метр биік. Шараға қатысушылардың сөздерінше, тауға шығу әсіресе жазда, аптап ыстықта өте ауыр.

"Тауға шығу кезінде күннің ыстығынан кейбір студенттер естерінен танып қалады. Оларды сосын қалаға жеткізудің өзі қиын. Бақылау өте күшті. Тауға шықпаған студенттерді оқудан шығарамыз деп қорқытады", - дейді қатысушының бірі.

"Әрине студенттерді аптап ыстықта мәжбүрлеу өте қиын. Бірақ біз олардан талап етпесек, жоғары жақтан бізді қинайды, жұмыстан шығарады", - дейді астаналық жоғары оқу орны оқытушысының бірі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар