Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Алашорда 12551 53 пікір 10 Шілде, 2017 сағат 07:37

Тайпаның (рудың) атауы мифологиялық ата, я тарихи тұлғаға айналмауы қажет

Әлкей Марғұлан атамыз 1969-шы жылы «Білім және Еңбек» журналына жариялаған  мақаласында шежіре жөнінде айтқанда: «Тегінде ғылымға жүгінген жөн» деген екен. Қазіргі таңдағы шежіре айтқандардың қайсысы болса да:  «Жалайыр ата болған», «Найман шал жар төсегінде өкірген» деп тайпаның атауын ғана білдіріп тұрған мифологиялық аталарын тарихи тұлға санайды. Біздің әкеміз марқұм шежірені зерделі түрде ойша білген адам еді. Әлкей Марғұланның айтқанын бек ұстанған шежіреші Найман шежіресінің алғы сөзінде былай деп жазған екен: «1204 жылы Найманнның ханы Таянхан өледі. Күлшік хан маңғолдар соғысында қашады. Маңғолдар наймандарды бағындырады. Бірталай найман ата-мекенін тастап Алакөл, Балхаш, Жетісу, Есіл, Сырдария, Ұлытауға көшеді. Найманнан Сарыжомарт (Ергенекті найман), Терістаңбалы (Елата), Төлегетай үш ру тарайды».

Яғни, бұл жерде Найман шежіресінің басында Найман елінің тарихы айтылып тұр. Ал енді, «Тоғыз таңбалы Найман» шежіресін қағазға түсіріп кеткен Бошай Кітапбаев марқұм болса, Найман хандарын аузына да алмай: «Найман шал шамамен осыдан 500 жыл бұрын өмір сүрген» деп кеткен еді.  Әрине, бұндай тұжырым тек қана қараңғылықтан болған. Міне, осыдан кейін осы үш рудың таратылуыларының бірнеше нұсқасы кетеді. Классикалық нұсқасы бойынша Өкірештен Белгібай, одан Сүгірші, одан Төлегетай. Төлегетайдан Қаракерей, Төртуыл, Садыр Матай. Ешқандай да Қытай жоқ. Бірінші әйелінен Қаракерей, Матай, екіншіден Төртуыл, үшіншіден Садыр. Жоғарғы Сүгірші Белгібайдың екінші қатыны Тоқсұлудан туады екен-мыс. Кейбір нұсқада Сүгірші мен Сүйіншіні екі адам деп айтады. Анығында бұл бір адамның екі атауы. Мәселен, Төлегетайды Төле қытай, Төлек атай деп әртүрлі айтатындары сияқты.  Әңгімемізді Белгібайдың әкесі деген Өкірештен басталық.

Негізінде зерттеу еңбегі ретінде біздің Найман шежіресіне қатысты екі кітабіміз жарық көрген соң, және де, Найманның шыққан тегі газет беттерінде, ғаламтор сайттарында айтылған соң,  біз зерттеу мақалаларын баяндау барысында атап отырамыз. Сондықтан да, шежіртанушы ретінде біз мифологиядағы жасырын мағынаны бірден айтатын боламыз. Мәселен, шежіренің басындағы Өкіреш дегеніміз ешқандай да тарихи тұлға емес, дала ауыз тарихының дерек беруіндегі шежірелік тәсілге сай айтылған, наймандардың түбінің тарихи деректерде айтылғандай ақсары арийлік бет-әлпетті, жасыл-сұр көзді, Турды, яғни, бұқаны төтем көрген, көшпенді арийлерге жататын Турандықтардың ұрпақтары екендерін білдіретін символдық тұлға.  Найман атауын алғанға дейін олардың атауы Сир (сеир) болған. Сақау қытайлар Сэ деп таңбалаған олар қият-қыпшақтар еді. Сонда, Өкіреш дегеніміз Камал Абдрахман ағамыз айтқандай «кіші бұқа», яғни, бұқатекті төре (тур) әулетінің ұрпағы  дегенді білдіріп тұр. Шежіредегі төре-найман дегеніміз тарихи деректегі Өкіреш-найман болады. Бұл сөз парсының «ukar», яғни ірі қара дегенінен болған. Өкіреш жөніндегі зерттеулер «Найман хандары және Шыңғыс хан» атты ғаламтордағы мақаламызда айтылған. Сондықтан да, біз бұл жерде тек қана Өкіреш шал дегеннің кім екенін айта кетелік.

Өкіреш атауының да, Шал атауының да төре, ханзада дегенді білдіретінін барлық шежіретанушылар жақсы біледі. Ал енді, Өзбек жерінде моласы қалған Өкіреш шал Белгібайдың әкесі деген Өкіреш емес. Тарихи деректерде найманда Өкіреш атағы бар үш адам кездеседі. Олар: Сары осман Өкіреш найман (Сарыжомарт), Әбубәкір Өкіреш найман, Жүсіп қожа Өкіреш найман. Бұл үшеуі де рубасылар, 15-ші ғасырдағы найман елінің рухани, діни көсемдері болған. («Тарихи Абулхаир хани»). Наймандар Керей мен Жәнібек сұлтандарды ертіп матай Қаптағай батырмен бірге түгелдей Қазақ хандығына кеткенде, Өзбектерде тек қана Әбубекр Өкіреш найман ғана қалған. Міне, осы Әбубекір қартайған шағында Өкіреш шал атанып өзбек жақта дүние салған. Бұл тарихи деректегі тарихи тұлға.  Меніңше, бұл Өкіреш шал атанған Әбубекр найман Садыр руының рубасысы болса керек. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Садырлар Әндіжанға өздерінің сонда қалған руластары жаққа кетіп қалады. Осы жөнінде шежіреде: «1723-ші жылы Ақтабан шұбырындыда 15 мың Садыр ауып Андижанға барып өзбек болып кетіпті. Қалған 10 мыңын Тасболат батыр бастап ауғалы отырғанда Бұқар жырау тоқтатыпты» деп айтылады.

Ал енді, найман шежіресінің басындағы Өкіреш шал болса, жоғарыда айтылғандай, дала ауыз тарихының дерек беруіндегі шежірелік тәсілге сай айтылған, бұл елдің ежелгі бұқатекті Сир-қыпшақтар екендерін білдіріп тұрған симолдық тұлға болады. Кезінде орыс зерттеушісі Потанин наймандардың бір бөлігінің сол замандарда өздерін  бұқаның ұрпақтары екендерін айтатындарын жазған еді. Осының дәлелі ретінде қазіргі қыпшақтардың шежіресінде Мүйіздіден тарап тұрғандарын айтамыз. Мүйіздінің Өкіреш екені түсінікті.

Өкірештің ұлы Белгібай дегеніміз шежіреде «Найманнан қалған белгі» деп айтылған, анығында қият-қыпшақ хандарынан қалған белгі ретінде айтылған символдық тұлға.  Найман елі ешқандай да Белгібайдан тараған емес.  «Құпия шежіредегі» қият-қыпшақ Домбауыл мерген өлген соң, оның артында Белгімтай мен Бөгентай деген ұлдары қалады. Бұл шамамен 7-8 ғасырларға келеді.  Яғни, Найман хандығының кезеңі. Бұлардың ұрпақтары қытай деректерінде белгунут, богенут  деп жазылып қалған.   Белгібай дегеніміз осы белгунут болады. Белгунут дегеніміз «белгі әулеті» дегенді білдіреді. Демек, наймандардың шыққан тегі Белгі әулеті. Сондықтан да шежіреде «белгі» сөзі Белгібайдан жеке айтылған.  Қият дегеніміздің бастапқы нұсқасы Қиян - кейаниан болса (парс. кеянид), кейінгі Қият - Кай+ут – мифологиялық патшалық Кай әулеті деген мағына береді. (ут – от, ошақ, әулет).  Алай да, орыс зерттеушілері Фоменко мен Носовскийлер: «Кай әулетінің барлық патшалары тарихи тұлғалар болғанда, бұл әулет неліктен мифологиялық атанған?» деп заңды сұрақ қояды. Сондықтан, басқа да орыс зерттеушілері  бұл әулетті «полоулегендарная династия» дейді. Бұл әулеттің ең бірінші патшасы Кей Кубад арғықазақ мифологиясында Кейқуат атанып жүр. Жақсылық Сәбитов Кай әулетін маңғолдікі деп Рашиденнің айтқаны бойынша қателеседі. Маңғолдың Кай әулетіне қатысы жоқ, өйткені, шежіресінде айтылғандай қият-бөржігін әулетінің атасы Боданжар, яғни,  Бөтенсары, не болмаса Буданжар Домбауыл мерген өлгеннен кейін белгісіз адамнан туған. Ол белгісіз адам шежіреде баяуыт-мағалдық (мааллих) атанған соң, осының атынан  мағал, мағол атауы пайда болған. «Құпия  шежіредегі»  «хамаг мағол» дегеніміз әлгі белгісізден тараған тек қана қият-бөржігін тармағы болады.  Өзінің түбінің кім екенін жақсы білген Шыңғыс хан өзі құрған империяға нақты тегінің мұғал атауын берген. Осы мұңал-мұғалымызды орыстар маңғол атап кеткен еді. Шыңғыс хан мағолдары мен қазіргі маңғолдардың бір-біріне еш қатысы жоқ. Қазіргілерге бұрынғылардың атауы ғана көшкен.

Филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай Түрік қағанаттарындағы Танакөкті  Тоныкөк найман деген екен. Алай да, ешбір дәлелін келтіре алмаған.  Қарлықтардың Сабек тайпасынан болған Танакөк қалайша найман болмақ? Ал енді, оның Сир-қыпшақ болуы, есімінің сиырға қатысты Танакөк болуы әбден мүмкін.  Өйткені, оның құлпытасындағы таңбасы тең қабырғалы үшбұрыш – қасиетті қара бұқаның, яғни, Өкірештің таңбасы. Өзбектерде қалған Өкіреш шалдың құлпытасына наймандар бұл таңбаны кейін қойған болса керек. Алай да, бұл таңбаның мағынасын білді ме екен?  Надандар «тұмар» атап кеткен бұл таңба мифологиялық қара бұқаның маңдайындағы үшбұрышты ақтаңлақты білдіреді. Бұрышы жоғары қарап тұрса «ұлы мәртебелі» дегенді білдіреді де, төмен қарап тұрса «қасиетті сиыр ананың баласы», яғни, Өкіреш дегенді білдіреді. Өкіреш шалдың құлпытасында үшбұрыштың бұрышын наймандардың  жоғары қаратып қойғандарына қарағанда  бұл адамның найман атасы емес, кезіндегі лауазымды төре, ханзада, тарихи тұлға болғанын білдіріп тұр. Сонымен қатар бұл үшбұрыш таңбаны Египеттегі пирамидаға ұқсатқандарына қарағанда, Өкірештің бастапқы нұсқасы - Египеттік қасиетті қара бұқаны білгендерінен болса керек. Бұл үшбұрыш таңбаның арғықазақ мифологиясында әртүрлі аталып жүргенін Ошақты мен Шапырапштының таңбаларының атауынан да білуге болады. Шапыраштылар тұмар атаған бұл таңба парсы тіліндегі чапраз атты түймеге ұқсас болғандығынан ежелде тайпа чапразлы атанған. Ал енді, Ошақтылардың таңбасы «ошақ» - қазанның астындағы ошаққа қойатын, тең қабырғалы үшбұрышты құрайтын  үш тіректі білдірген соң, осылай аталған. Алай да, бұл таңбасы да білместіктен тұмар аталады.

Белгібайдан Сүгірші дегендеріндегі Сүгіршіні Сүгірше деген нұсқа да бар. Дұрысы осы болар, өйткені, Сүгір дегеніміз тарихта аты қалған қыпшақ хандар әулетінің ең жарқын бейнелерінің бірі, қасқырша ұлый алған, орыстардың зәресін алған қыпшақ Боняк ханның немересі болады. Сонда шежіредегі Сүгірше дегеніміз – қыпшақ хандар әулетінің ұрпағы деген мағына беріп тұр. (кіші Сүгір). Сүгір ханзаданың әкесінің аты орыс деректерінде Осень деп аталады. Меніңше, бұның атын кеянид Кей Оседеньге қатысты қойған. Кей Усан деп те айтылады. Ал енді, Танакөктің шыққан тегін Ашидэ әулеті дейтіндер де бар. Бұл Ашидэ әулетінің атауы жөнінде тарихта: «ертедегі бір қағанның атауы» деп қана айтылады. Ашидэ мен Оседень атауларының  ұйқас екені білініп тұр. Қазақ ғалымы Ю. Зуевтің зерттеулерінде Ашидэ әулетінің таңбасы - төрт жүзді тарақ таңба, Юечжи-Кушан патшалығының алтын теңгесіндегі патшаның таңбасымен бір. Және де бұл алтын теңгелерде құйрығы кесілген бұқа мен Кай әулеті патшаларының «ноқта» таңбалары бейнеленген. Осыдан біздер бұл «ертедегі қағанның» кім екенін болжай аламыз. Кушан дегеннің - хуше, хушьянг, яғни, қытай деректерінде осылайша таңбаланған қыпшақ екені айтылды. Әрине, бұл жерде Төлегетайды тарихи тұлға Сүгір ханзаданың  ұрпағы деген әңгіме жоқ. Сүгір де, Осень де найман хандарының тұсында өмір сүрген тұлғалар. Меніңше, шежірені құрастырғандар бұл әулеттің туыс екендерін жақсы білгендерінен осы тарихи тұлғалардың атымен найман шежіресін бастаған болса керек. Сүгірдің екі мағынасы бар. Біріншісі – қылыш тасушы, екіншісі – көне түрік тіліндегі сукур, яғни, хабар дегенді білдіреді.

Найман шежіресінде Сүгір аты қаракерейдегі Ақнаймандарда да кездеседі. Шежіре деректерінде жағалбайлы Сүгір батырдың Ақнаймандағы Айтолы деген қызды алып, кейін, елімді біліп келемін деп жоғалып кеткені айтылады. Мұхтар Әуезов болжағандай, бұлардың тарихын Қыз Жібектің тарихы дегенімнен көре алмағандар қылқынып қалды. Қолдарында ешбір түпңұсқа шежіресі жоқ, анау айтты, мынау айтты деп, Шектіні таратып кеттті.  Бұлар шабылса да, Шектіден де, Жағалбайлыдан да Қыз Жібек пен Төлегеннің ұрпақтарын таба алмайды. Мен табылса екен деп мақаламды жария еткен едім. Табылған жағдайда, Ақнайманда Сүгірден қалған жеті ұлдың, найманға келіп жасырынған тарихи тұлға Сүгір ханзададан қалған деп айтарымыз хақ. Бізде қалған Сүгірдің бір ұлы Байжан мырза атанған. Ал енді, шежіредегі мырза деген сөздің этимологиясы – әміршінің ұлы дегенді білдіреді. Қазақ арасындағы жомарт адамға қатысы жоқ. Жомартты мырза дегендері «пролетарлық» ұғым.

Төлегетайдың шежірелік есімі Төле болған. Ғұлам Қадыр атанған байжігіттің ғұлама шежірешісі Төленің ұрпақтарын Қытайсыз таратқан екен. Өзбек хандығы кезінде наймандармен бірге көшіп-қонып жүрген кидандардың Хитай тайпасы болған. Шежіре аңыздары Төленің кезіндегі найманның ақырғы ханы Күшліктің шөпшегі екенін айтады. Күшліктің қара қытайда қалған жесірі Күнекейден тараған дейді. Төленің бабасын қара қытайлар Шыңғыс ханнан жасырып алып қалған деседі. Осылардың арасынан келген Төлені Төле қытай (хитай) атап кеткен екен.  Бара-бара бұл есім Төлегетайға айналған.  Ал енді, оның Төлек атай деген атауы ешбір шежіреде айтылмайды. Бұл атау кейінгілердің сандырағынан болған десе болады.

«Алаш» тарихи-зерттеу орталығының ғалымдарының айтуларынша Күшліктің екі ұлы мен бір қызын Шыңғыс хан тәрбиелеуге алып кетеді.  Бір ұлдың аты Батан, екіншісінікі Жаушы болған. Тектілерден қалған шежіре дерегінде Төлегетайдың қайын атасы Қылышты пір атанып тұрған соң, біз бұл кісінің атын басқа шежіредегі сияқты «қожа» атамаймыз. Пір дегеніміз сол заманда сопылық орданың (орден) басшысын білдірген. Кейбір нұсқаларда айтылғандай, Төлегетайдың жетім қалып Қылышты пірге келіп пана тапқаны, нұсқалардың  ең дұрысы болмақ.  Атам қазақ: «Жақсы адамға бір кісілік орын әрқашанда табылады» деген ғой. Қылышты пір, яғни, бір елдің рухани, діни көсемі текті, лайықты адамды кездестірсе кеудесінен итермесі анық. Тіпті, қожалардың салтын бұзып  қожалар  әулетінен шықпаған Төлеге қызын берген.  Төлегетай да өзінің хан бабалары сияқты болашақты болжай алатын, бойына Қыдыр дарыған әулие адам болған. Сондықтан да тарихи деректе ол «тунгачук Толе», яғни, абыз-әулие Төле деп айтылған. Негізінде бұл тунгачук атауының екі түрлі айтылуы бар. Алшашқысы «тун гечек» - бақсылардың пірі, абыз, әулие ата дегенді білдірсе, екіншісі тұңға чік – ханнан басқаға бағынбайтын, ең жоғарғы қарауыл-жасақтың еркін қолбасшысы дегенді білдіреді. Төлегетайдың қолбасшы да болғаны жөнінде бекер айтылмаған болса керек. Төлегетай – 16 жасар шибандық Әбілқайыр сұлтанды хан көтерген найман елінің сол замандағы тоғыз көсемдерінің  бірі еді. Ғалымдар, атап айтамыз ғалымдар Төлегетайдың 15-ші ғасырда, яғни, осы кезеңде өмір сүргенін айтып отыр.

Төлегетай Сыр бойында жетіліп жүріп, Ислам дініне беріліп Меккеге барар жолда Қылышты пірге келіп батасын сұрайды. Сонда Қылышты пір оны өзінің қасында алып қалады да, бойындағы қасиетін, тегін білген соң қызын береді. Осыдан кейін Төлегетай баба үлкен сопы да болып қожа атанады. Тарихи деректегі «Төле қожа» дегендері осыны білдіріп тұр.  Ертедегі текті адамдар, билер, пірлер  тектілердің  ұрпақтарын жақсы біліп отырған. Мәселен, Көкбайдың айтқанында Төле би жасырын жүрген Сабалақты бір көргенде оның жүріс-тұрысынан, әдет-ғұрпынан, сөз саптауынан, жасыл-сұр көзді бет-әлпетінен төре екенін бірден танып қойған екен. Жоғарыда айтылған Қылышты пір өзінің қызын Төлеге бергенінде оның айналасы: «Қызыңды бұл жетім жетесізге неге бердің?» деп сұрағанында пір ата: «Бұл бала нағыз тектінің тектісі, Шыңғыс ханмен көп соғысқан Күшлік ханның шөпшегі» деген екен. Айтушы, байжігіт Дәулетбай батырдың егізі Есенгелді атаның ұрпағы, шежіреші болған Мәлік Мұқашұлы марқұм.

Бір өтірікші қожа 1230-ші жылы туған Бурхан ад-Дин Қылыш әулиені  Төлегатайдың қайын атасы деген екен.  Төлегетай 1428-ші жылдары хан сайлауына қатысқанда Бурхан ад-Диннің сүйегі шіріп қалған еді. Қылышты пір қылышты қожаның атасы деген Қылышты ата емес. Диуана қожалардағы бәйжігітке сіңген  қожандармен бірге жүрген қылыш тармағынан да емес. Хорасан ата атанған  Абд-аль Жалил бабтың ұрпақтары саналатын Қорасан қожалардағы Қылышты пір болады. Бұл Қорасан қожалар арғы түбінде Хазірет Әлі мен Фатима анамыздың ұлы Құсайыннан туған, 710-712 жылдары дүние салған Зайн аль-Абидиннің ұрпақтары болады. Ал енді, Хазірет Әлі мен Фатима анамыздан тарады деген Сейіт қожалардың анығында араб жаулаушыларының ұрпақтары екендерін талай зерттеушілер, шежіретанушылар айтқан еді. (Ерофеева, Муминов). Қазақ жеріндегі Сейіт қожалар өздерін сайидтармыз деп жалған айтқан дейді. Мәселен, қытай деректері Шыңғыс ханның қасында Сейіт қожамын деп жүрген Жапар қожаның тегінің ұйғыр болғанын айтады. («Мен-да Бей-лу»).

Байжігіттің әкесі деген Тоқтар қожа да осы Қорасан қожалардың атағын алған екен. Шайбан ханның Хорасан Шайбек деген атағы болған соң, Қорасан қожа дегенді осы Хорасан Шайбекке жапсырған  байжігіттердің шежірелері: «Атамыз Тоқтар қожа Сайбек ханнан» деп  лақаб айтқан. Осы ғаламтордағы «Байжігіт Шыңғыс ханның ұрпағы ма?» деген мақаламызда Тоқтарқожаның да, Қабанбайдың да, ешқандай да сарт, төре емес, ақ қыпшақ-найман  екендері дәлелімен айтылған.

Ал енді, қожаларды пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. - нан таратып жүргендер нағыз суайт, мақтаншақ, Камал Абдрахман ағамыз айтқандай «өтірікшілер» болады. Бұлар өздерінің нақты тегін білмегенді қойып, Ислам дінін насихаттаушылар ретінде тіпті, Исламды да, Құран кәрімде айтылған Аллаһтың сөзін де білмейтіндер. Қамал Абдрахман ағамыз бұлардың есіне салған Құран кәрімнің «Ахзап» сүресінде: «Мұхаммед (ғ.с) сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Алланың елшісі, пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші. Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер. Оны ертелі-кеш пәктеңдер. Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтан жарыққа шығу үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға етеді» деп айтылады.

Яғни, бұл жерде «ешбір еркектің әкесі емес» дегені Аллаһ тағаланың, өздерін атадан тарататын халықтарға жататын біздер үшін ақырғы пайғамбарымыз с.ғ.с.-нан ұрпақ жалғастырар ұрықтың қалмағанын айтып тұрғаны. Сонда бұлар, басқа Мұхамедтен тарағанадары да бар, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа с.ғ.с.-нан тарадық дегенде, Аллаһтың сөзін жоққа шығармақ. «Аңқау елге арамза молда» дегендей бұндай қожалар қараңғы халықты алдап соғып, жалған айтып атаққа ие болмақшылар. Өзін Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбарымыздан таратып жүрген, жоғарыда айтылған әлгі қожа қит етіп, қожаларға сөз тисе: «елді бүлдіріп жатыр», «руларды жауластырып жатыр» деп пәле салады екен. Қожалардың жалғанын бетке айтқаннан, не болмаса, ол ойдан шығарған Қаратай деген батырдың найманда болмағанын шежіре деректерімен нақты дәлелдеп бергенімнен қазақ бүліне қоймас. Арттары ашылып қалған соң, арандатушылықты бұлар өздері жасап отыр. Қазақты бүлінсін деп отыр.  Яғни, қаймана қазақты Қамал Абдрахманға, маған айдап салмақшы. Әне, Бурхан ад-Динді айтқан жалғаны да әшкере болды. Қазіргі таңда қожалардың «Қыз Жібек» жырын да бұрмалап, қазақтың хас батыры, Малайсарымен бірге соғысқан Тайлақ батырдың әкесі Бекежанға Төлеген батырды өлтіртіп қойғандары айтылып жүр. Төлегенді өлтірген Бекежанның қол астындағы құлы, Андижаннан қашқан ұры қожа Кескентерек дейді. Сондықтан да, бұндай  қожалардың айтқанын да, істегенін де істемген абзал.

Ал енді, қараңғылықтан арылу үшін тек қана Құран кәрімді оқып зерттегендер ғана Аллаһқа нағыз жолды табады. Өздеріңіз көргендей Құран кәрімдегі бір ауыз сөз бұндай қожалардың жалғаншыл екендерін әшкере етіп отыр. Олардың айтып жүрген хадистері кімдерді адастырмады? Хадистерді пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. айтты ма, айтпады ма, оны қараңғы қазақ білмейді.  Бұлар пайғамбарымыз с.ғ.с.-ның атынан сөйлей салады. Бұл айтылғандардың көбісі харам дүние. Мұсылмен баласын қара жолға салатын дүние. Мына еліміздегі болып жатқан содыр-сұмдықтың бәрі осындай жалған хадистерден келді. «Сақалдағы әрбір шәштің түбінде бір-бір періште отырады» деген не сұмдық? Сақал қою перғауындардан қалған қате ұғым.  Сондықтан, шын мұсылман болам деген адам тек қана Құран кірәмді оқып түзеледі. Осыны білген Ислам әлемінің ғалымы Насир Ад-Дин Албани: «Егер де біреу Құран кәрім мен Сүннеден дым білмесе, ол діннің негізі туралы не айта алады? Ол тек қана біреулердің  айтқан тұжырымдарын қабылдайды (хадистерді. Қ.З.).  Егер де кімде-кім Исламды Аллаһтың діні деп ұғып, Құран кәрімді оқып зерттемесе, ол күнәһар болады, тіпті, оның жолы оң болса да.  Аллаһтың кітәбін оқып, зерттеген адам ғана сыйлы болады, тіпті оның жолы теріс болса да. Егер де ол өзінің тұжырымымнан адаспаса, оның сыйлылығы екі еселейді» деген екен.

Қожалар араб болса, бола берсін. Ежелгі арийлердің ұрпақтары ирандықтар Ислам дінін қабылдаса да, арабтың салт-дәстүрінің оларға керек жоқ екенін айтады.  Қазіргі таңда елбасымыз да осыны айтып отыр. Әй қазақ! Қазақтың тақиясы мен шапанын киіп намазға жығылсаң, сол тақия шекеңе тар келе ме? Анау ауы салақтаған арабтың дамбалы қай атаңнан қалған еді?

Ислам діні мен оның тарихы екеуі екі бөлек дүние. Ислам тарихын, шежіресін жете зерттеген француз ғалымы Анри Массэ өзінің «Ислам» атты зерттеу кітәбінде: «Семья Мухаммеда принадлежала к аристократии Мекки, к племени курейш, делившемуся на десять родов. Происхождение этого племени совершенно неизвестно. По преданию, более или менее близкому к легенде, Мекка была первоначально была занята племенем джурхум, а во время переселения южных племен, племя хузза остановилось на территории Мекки и через несколько лет вытеснило джурхумов.  Вот тогда то и появились курейшиты – полупастухи, полуразбойники...» деген екен.

Ежелгі қазақтардың қарақшы, яғни, разбойник болғандарын кім айтпаған? Осыдан кейін ғалым пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның бесінші атасы Қосайдың қорайыштардың басын қосып, қалада басшы орынға шыққанын айтады. Алдыңғы зерттеулерімізде қазақ атауының басты нұсқасы «қосақ» сөзіндегі «с» әрпінің орнына «з» әрпі араб тілінен енгенін айтқан едік. Бұл жердегі қосақ дегеніміз адай-қыпшақ, яғни, Геродот айтқан хан сақтары (қаңлы-қыпшақ) мен су сақтарының (адай) қосындысын айтып тұр. Арабтар Қосай дегенді хозай, хузай дейді. Ал енді бұл жердегі «хузаа» дегені хузағ болса керек.  Яғни, «ғ» әрпінің орнына «айн» жазылған. Мәселен, Имам Ағзам дегенді араб тілінде Имам Аазам дейді. Яғни, «ғ» дыбысының орнына «а» дыбысы айтылады. Сондағы хузаа, хузағ дегені «қосақ» болса керек. Қосай болуы да мүмкін. Қосай дегеніміздің адай-қыпшақ екенін сіздерге әрбір есі дұрыс шежіретанушы айтып береді. Ал енді, қорайыш дегеніміз Моисейдің «Бытиесінде» жоғарғы Сеирлермен бірге аталған Хорей болса керек. Кейбір зерттеушілер Хорейдің Керей екенін айтады. Бұл жердегі Хорей, Керей, Қорайыштың бір сәйкестігі, қазіргі  Керейде де, Қорайышта да пайғамбарымыз с.ғ.с.-ның руы «бану калб», яғни «ит елі» бар. Бану калб дегеніміз «ит ұлдары» деп айтылады. Яғни, бұл жердегі ұл деген сөздің – ұрпақ, әулет, ел деген мағынада екенін айтпаса да түсінікті. Пайғамбарлардың ең мықты абыз-ақындардан шығатындары белгілі. «Жизнь Мухаммеда» атты кітаптың авторы, зерттеуші В. Ирвинг пайғамбарымыз с.ғ.с. – ның дүниеге келерінің алдында Аравияда абыз-ақындардың қаптап кеткендерін атйқан еді. Бұл кезең, ежелгі Юечжи- Кушан патшалығының ыдырап кеткен заманы еді. Бұл патшалық Каспий теңізінен Үнді мұхитқа дейін жайылған болған. Қазақстандық зерттеуші Ю. Зуев қытай транскрипциясындағы «юечжи» этнонимінің яти, ати, оти екенін айтқанда, қазақшасының адай екенін түсінеміз. Кушан дегені жоғарыда айтылғандай, қытай деректеріндегі хуша, хушьянг, яғни қыпшақ болады. Қыпшақ атауының басты нұсқасы Кави+шақ, яғни абыз-ақындық сақтар, не болмаса солардың ұрпақтары дегенді білдіреді. Осының дәлелі -  қазіргі қыпшақтардың өз шежіресінде Көбеқалыптан тарап тұрғандары. Бұл жердегі «көбе» - Кави де, «қалып» дегені – болмысы. Орыс тілді анықтамаларда: Кави – стихотворец и прорицатель. Кави – чуять. Кави родовой титул.

Яғни, бұл жерде Кавидің абыз-ақын, Аллаһтың сөзін қабылдаушы, патша екені айтылып тұр.  Ал енді, Аллаһ деген сөз алғашында қорайыштардың өздерінің құдайын білдірген дейді. («Заповеди Тенгри» К. Серикпаев). Жоғарғы Анри Массэ болса, қорайыштардың алғашында Айға табынғандарын айтады. Ұрандары Қосай болған ежелгі Сир-қыпшақтардың Ай Тәңіріне табынғандары белгілі. Тасқа қашалып қалған арғықазақ мифологиясында Ай Тәңірі мен қасиетті сиыр анадан қасиетті бұқа Өкіреш туады екен-мыс. Міне осы Өкірештің айға ұқсаған екі мүйізі Қосай болады. Ислам дінінен бұрын туған пайғамбарымыз с.ғ.с.-ның әкесінің Абдаллаһ деген аты, Аллаһтың құлы деген мағынада.  Демек, Аллаһ дегеніміз Ислам дінінен бұрын болған ұғым. Меніңше, Ай Тәңірі дегенді білдіреді. Аллаһтың қалауымен бүкіл әлемде Айдың бейнесі Исламның символына бекер айналған жоқ.  Осымен қатар қыпшақтың Айбас деген ұраны да бар. Бұл Айбас толған айды білдіреді. Шежіре деректерінен біздер Керейдің (хорей, қорайыш) түбінің сары қаңлы, қият-қыпшақ екенін түсінеміз. Сондықтан құрметті ағайын, Аллаһ тағала оларға пайғамбарымызды қыпшақ арасынан жібергенше «жасағандары ылық», «адам бейнесіндегі асқандар» болған, шежіресінде Евра атадан евреймен бірге тарап тұрған арабтарға еліктегеннен сақтанайық демекпіз. Уақабың да, сәләфиің де осылардан шығып жатыр емес пе?

Енді, жоғарғы Төлегетай, Тоқтарқожа бабаларымыздың абыз-әулие, бақсы бола тұра қабылдаған Ислам дінімен бірге ата-баба рухын қастерлеген аруақтық, абыз-ақындық та дінді бірге ұстанғандары жөнінде бірер сөз. Қазақтардың екі дінді бірдей ұстайтындарын Шоқан да айтқан еді. Тіпті, Ислам дінінің негізінде тасқа табынушылықтың (язычество) жатқанын айтқандар да бар.  Біздер қаншалықты мұсылман болсақ та, Ислам діні шек қойған жылқы етін жей береміз. Ал енді, бұл шек қою анығында Ислам дінін уағыздаушыларының зороастризм дінімен бақталаста болғанынан еді. Ақбоз атты құрбан шалу осы арийлік зороастралық діннен қалған. Арийлер тіпті аттың құмда қалған ізін қасиет санаған. Аттың ізімен жүрсе соғыс олжасына кенелеміз деген ұғым болған. Ал енді, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. аттың кекілінде қайыр, береке болатынын айтқан екен. Атты күткен адамға  мәңгілікте сыйлық, бұл жалған дүниеде соғыс олжасы болатынын айтқан дейді  «Джихад» кітәбінде Урва аль-Барикидің сөзінен аль-Бухари.  Аттың кекілі мен жалының бір екені белгілі. Юечжилер мен Кушандардың, яғни, алғашқы қазақтардың үш аша айырдың түбіне аттың жалын байлап патшаға ұстатқанын осылардан қалған алтын теңгеден көреміз. Жалайыр деген осыдан қалған. Сондықтан да, философия ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбетқазы Ақатай Жалайырдың тарихының күллі қазақтың тарихы екенін айтқан. Әрине, бұл жерде қазіргі Жалайыр тайпасы айтылып тұрған жоқ. Жалайыртаңбалы болған күллі қазақ айтылып тұр. Бұл таңбаны қият-қыпшақтарға кірме болған қият бөржігіндік Шыңғыс хан өзіне алған еді.

Арийлер ит жануарын әулие санаған соң, итті нәжіс ету де бақталастықтан болған. Осыған қарамай арийлердің ұрпақтары  қазақтар  ит жануарын, атап айтқанда арийлер «изгоняющии дьявола» деп атаған тазы итті жеті қазынаға енгізген. Ешқандай да дін, біздің ата-баба салтымызға тиым сала алмайды. Жоғарғы  В. Ирвинг пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның  ескі кеменің ең сапалы бөлшектерін алып, жаңа кеме салғанын әсерлеп айтқан екен. Аллаһ тағала пайғамбарымыздың намаз оқығанда жүрегінің Қағбадағы тасқа бұрып тұрғанын сезіп, намаз оқығанда бетін Мединаға емес, Қағбаға қаратуға рұқсат берген екен. Көрнекті араб ақыны, ғалым және пәлсәпәші Абу-ль – Аля аль Маори былай деген екен:

Христиандар Христосты құдай дейді,

Құдай болса сойылға неге жығылған?

Еврейлер Иегованы Мейірім дейді,

Мейірім болса неге қан төгіп құрбан шалған?

Парсылар Хосровты таза дейді,

Таза болса неге сиырдың зәрімен жуынған?

Исламда тасқа табыну харам дейді,

Харам болса неге тасты сүйіп, жылаған?

Ал енді, пайғамбарымыз Мұхамед с.ғ.с. болса, тасқа деген құрметін білдіріп, заманақыр болғанда тастың түбіне тығылған кәпірді әлгі тастың айқайлап: «Мұнда жатыр!» деп ұстап беретінін айтқан екен.  Сондықтан, құрметті ағайын, біздің ата-бабаларымыздың қанымен бірге бізге жеткен абыз-ақындықты, жәй тасты ұстаған бақсылықты  қастерлеп, қырықтың бірі Қыдыр деп, Қыдыр атамызды да ұмытпалық. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с шамын жаққан Ислам діні мен бірге өз иманымызды ұстанғанымыздың еш харамдығы жоқ. Елбасымыз айтқандай, арамыздан арабтың жолын қуып қара жамылғандарды  талақ етелік. Төлегетай бабамыздың басына барып зиярат  етелік, ағайын!

Төлегетай мен Тоқтарқожаның әулиелік қасиеттері жөнінде бірер сөз. Тоқтар қожа Жанжігітті алып өзбек жаққа кетерінде Байжітіке: «Нағашыларыңды көндіріп Шіліктіні алсаң малды боласың, ол жерде Құдайдың еркесі жатыр» деген екен. Құдайдың еркесі деп, «Тағлым» атты кітаптың авторы, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Егізбай Қарпық Дұнайпұрұқ бақсыны айтқан екен. Ал енді, бойына Қыдыр дарыған өскемендік керей-жантекей Серік Самарқанұлы аян алып, Патшалар алқабы аталған Шілікті маңында Шыңғыс ханның жатқанын айтады. Жантекейлер Жандеке атымен қазіргі өзбек наймандарының арасында жүр.  Бәлкім, Жандеке дегеніміз Жанжігіттің құрметтеп айтқан есімі болар? Тоқтарқожа Жанжігітті ертіп өзбек жаққа кетті деді емес пе? Мәселен, Мұхамеджан Тынышбаевтың бабасы Тәуімбетті Тәуке деп те атайды. Менің атам Дәулеттің аты шежіре деректеріне Дәуке болып  енген. Қайткенде де, Жандеке дегеніміз сол адамның нақты аты емес екені хақ. Жанжігіт, Жанжеке, Жандеке болуы мүмкін. Әйтеуір, Байжігттің ағасы деген Жанжігіттің атының еш жерде аталмайтыны  белгілі. Анау тәжіктегі лақайларды Жанжігіт деп жүргендері лақаб. Олардың түбі Ферғанада қалған адайлар. Бағаналы тайпасындағы Шегедектік Мәмбетқұлдың ұлы Жанжігіттің заманы бері.

Сонымен, Шыңғыс ханның жатқан жерін болжаған Серіктің айтуымен ол жерге археологиялық зерттеу жүргізіліп қорытынды шығарылып, бұл молалардың сақтардың қорымы екені анқыталды. Сонда Серік бұл қорымды қалай сезген? Мен ойлаймын, бойындағы гендік ақпаратты алған деп. Тоқтарқожаның айтып кеткені ме екен?

Серік өзінің бойына Қыдырдың дарығанын айнаға қарап тұрып өзінің Қыдыр атаға ұқсап тұрғанын көргенімен түсіндіреді. Арнайы қызметте болып фоторобот жасау ісін жақсы білген ол өзі көрген Қыдыр атаның суретін жасатып шығарған еді. Қыдыр атаның ақ сақалы белуарынан келеді екен. Серіктің ұйғаруымен бұл Қыдыр атаның бейнесі Сұлтан Тәукейұлының жазған «Ақыр Жәнібек» атты кітәбінің мұқабасында көрсетілген. Бұл кітап 2014-ші жылы баспадан шыққан. Мен болсам Серікпен биыл ғана таныстым. Яғни, Қыдыр атаның бет-бейнесін жаңа ғана көрдім. Ал енді, Шыңғыс ханның моласының маңғолда жатқанын ертеректе айтқан Қаржаубай Сартқожа болса, маңғолдардың 18-ші ғасырда табылған бір мистикалық кітәбінде Шыңғыс ханның қабірін көкбұқаға мінген, сақалы белуарынан келген бір шалдың ашатыны жөнінде жазылғанын  айтады. Көкбұқаның Өкіреш екені, сақалы белуарынан келген шалдың Қыдыр ата екенін түсіну қиын емес. Демек, бұл маңғолдардың көрегендері Шыңғыс ханның моласын қыпшақтардың (оқы қазақтардың) табатындарын айтқан. Анау жерде қорымның жатқаны рас. Археологтар шурф қағамыз дейді. Ал енді, Жантекейді таза найман, таза керей дегендері бос сөз.  Әлемде тек қана таза қият-қыпшақ, яғни, қазақ қана бар. Осы тұрғыдан қарағанда қазақ арасында рушылдыққа салынып жүргендер ешқандай да қият-қыпшақтар емес, қият-қыпшақ, қазақ арасына іріткі салатын кірмелер. Түбі қытай ғұн-түріктер.

Құрметті оқырман! Найман шежіресін зерттеп жүргендердің Найман шалдың, Өкірештің ойдан шығарылған әңгімелерін айта бергендерінен шежіреміз түзелмейді. Өйткені, қазақ тарихшыларының айтқандарындай, шежіре деректері Шыңғыс хан әулетінің идеологтарының қадағалауымен жазылған. Шежірені жете зерттеген Шоқан да: «...по повелению которых они и писались, относительно родов и племен составлявших этот союз» деп хандарды айтқан. Найман шежіресі дегеніміз кезінде хандық құрған, Шыңғыс ханмен жиырма жыл теке-тірескен бір каһарман елдің шежіресі. Кезінде алтын тақта отырған, мөрлерін де алтыннан соқтырған, Шыңғыс ханның өзінің сауатын ашқан наймандарды ол идеологтар үміті өшкен, күш-қауқардан айырылған бір сорлы шалдан таратып қойған. Сондықтан да, шежірені айтушы, жазушылар өздері ғана түсінген, ертең осыны түсінетін біреулер ұрпақтан табылатын болар деп, шежіреде өздерінің ұлықтықтарының, төреліктерінің іздерін тастап кеткен. Бұны шежіретануда «жасырын мағыналар» дейді. Жасырын мағына дегеніміз орысша айтқанда «иносказательно». Мәселен, Александр Пушкин «Капитанская дочка» атты романында Емельян Пугачевтың жасырын мағыналы сөздердің айтқанын келтіреді. Осыны өздерінен басқа ешкім ұқпаған. Леонардо да-Винчи «Тайная вечеря» атты картинасында жасырын мағына ретінде, жезөкше болған Марияны пайғамбардың қасына «сахаба» кейпінде отырғызып қойған. Өйткені, шіркеу оған Марияны салғанға тыйым салған. Осы сияқты, Шыңғыс хан әулетінің идеологтары Найман хандарының тарихын шежіреде ұмыттырса да, шежіре айтушылар: «жар төсегінде өкіріп Өкіреш атанды» деп, өздерінің төрелік тегін айтып кеткен. Шыпыраштының түбінің қият-қыпшақ екенін білдіру үшін шежірешілер бұл тайпаны Қияттардың шежірелік атасы деген Бөртеден таратып қойған. Бұл тайпа Өкірештің таңбасы,  кайилердің мүйіз таңбасы, өкіреш-найман Сарыжомарттың,  қият-қыпшақ Османның Ай таңбаларымен  білініп тұр. Қазіргі таңдағы генетик ғалым Жақсылық Сәбитов осыны растап отыр. Яғни, бұлардың ДНК-белгісі үйсіндерге жатпайды. Демек, Мұхамеджан Тынышбаевтың шапыраштының үйсінге кірме екенін айтқаны да расталды. Бөрте шене дегеніміз таңбалы тастарда белгіленіп қалған, Ай Тәңірінің символын білдіретін құйрығы шұнақ ит, яғни, Бөрте шұнақ. Бөрте дегеніміз қазақтың даласында өсетін жусанының атауы. (бөрте жусан). Қазақтардың жусанның иісін аңсайтындары бекер емес. Ю. Зуев арғықазақ мифологиясынан қыпшақтың бір ханының Грузияға ауып кетіп, ол жақта жусан болмаған соң, иісін аңсап Дешті-Қыпшаққа қайтып келгенін айтады.

Ал енді, жоғарыда айтылған Юечжи-Кушан патшалығының алтын теңгесінен біздер осы Өкірешті де, біздер таңбаға алған Өкірештің ноқтасын да (шөміш), жалайыр таңбаны да көреміз. Меніңше, орыс зерттеушілері Оғызды – тайпалар одағы деп, біздерді жаңылдыру үшін әдейі айтқан. Оғыз дегеніміз Өгіз, кешегі көшпелі арийлерге жататын Турандар. (Тур – өгіз, бұқа).  Күллі елді Өкірештен таратқан Найман шежіресі осыны айтып тұр. Қазақ ғалымы С. Исмағұлов қазба жұмыстарының негізінде ежелгі қазақтардың ақсары бет-әлпетті, жасыл сұр көзді болғандарын дәлелдеген. Серікбол Қондыбай болса, қазіргі қазақтардың тең жартысының бет-әлпетінің монголоидтық болып қалғандарын, олардың аталарының ғұн-түрік замандарында (5-7ғ.ғ.) осылармен мидай араласып кеткендерімен түсіндірген еді. Ал енді, Турандар түрік болмаған. Қазақ ғалымдарының миына да кірмеген осы тақырыпты орыстар жете зерттеп жатыр. Ғұн-түрік әлемінен алшақтап кетіп, өздерінің түпнұсқалық бет-әлпеттерін сақтап қалған Стамболдағы түрік атанғандар  болса, көздері ашық болған соң, өздерінің түбінің қаңлы-қазақ екенін баяғыда ұғып қойған. Ал енді, арғықазақ мифологиясы атты ғылымды енгізген Серікбол Қондыбай: «Юечжи мәселесі – қазақтың, жалпы түркітанудың негізгі тірек буыны» деген еді.

Өкірештен Төлегетайға дейін кем дегенде сегіз ғасыр өткен. Сондықтан, Белгібай өзінің немересі Төлегетайды көрді дегендері лақаб сөз.  Қаракерей, Төртуыл, Садыр, Матай дегендер Төлегетайдың балаларының аты емес, соған қараған, соның атына шежіреде жазылып қалған тайпалардың атауы. Мысалы, Қазақ хандығын құрысқан матайлық Қаптағай батыр Төлегетайдың замандасы болған. Садыр дегеніміз түрік дәуіріндегі Ядыр тайпасы болса керек. Төртуыл дегеніміз қият-қыпшақ Домбауыл мергеннің ағасы Төбе соқырдың төрт ұлынан тараған болса, заманы 7-8 ғасыр. Қаракерейдің түбі қият-жырхын. Керейлердің құрамында Қарауын деген жерде көшіп-қонып жүріп Қаракерей атанған дейді. Мифологияда Қарауын Өтікенмен бірге айтылады. Ал енді, Матайдың таңбасының «бөрі» екені де лақаб. Зерттеушілер: М. Гродековтың, М. Тынышбаевтың, Х. Арғынбаевтың, М. Мұқановтың,  В. Востровтың деректерінде Матайдың таңбасы құйрықсыз ит болып тұр. Сәрсен Аманжолов пен Нығмет Мыңжанның деректерінде құйрығы қайқиған, артына қарап тұрған тазы ретінде салынған. Бұл таңбалар, өте көнеден келе жатқан таңбалар. Тамғалы тастардағы суреттерге қатысты арнайы зерттеулер жүргізілгенімен, ғалымдар көп нәрсені ұға алмаған. Бұл тастарда қола дәуіріндегі, яғни, арийлердің заманындағы суретшілер бөріні еш уақытта құйрықсыз, не болмаса, қайқы құйрықты етіп салмаған. Иттен айыра білу үшін бөрінің құйрығы жерге қарай тігінен созылған, не болмаса, бұтына қысылған түрінде салынған болған. Яғни, бөріні ауылды торып жүрген сорлы кейпінде салған. Өйткені, бөрілер арийлердің ата жауына саналған. «Авестада» жаулары жөнінде айтқанда: «Их надо убивать как крадущихся волков» деген. Сондықтан да, олардың ұрпақтары, біздің аталарымыз бұл лағнетті «қас болған соң қыр» деп қас+қыр атаған. Қазақстан зерттеушісі Ю. Зуев таңбалардың сырын білгендердің шежіретанудан озық боларын айтқан еді. Қайрат Закирянов та: «Тамьга – идентификатор племен» деген еді. Біздер Матайдың таңбасынан бірде - қияттардың мифологиялық бабасы Бөрте шұнақты, бірде арийлердің қасиетті жануары сары тазыны көреміз. «Алтын дәптерде» айтылғандай, Алан анаға түнделетіп келіп, Шыңғыс ханның бабасы Боданжарды көтертіп кеткен осы «сары тазы» еді. «Алтын дәптердегі» сар тазының да, Матайдың таңбасының да, арйилердің белгісі екендері хақ. Яғни, матайлардың бір таңбасы төбет, бір таңбасы тазы болады. Ал енді, төбет пен тазы болса, қазақпен бірге туып, бірге өлетін жануарлар. Сондықтан да, шежіретанушы Ескендір Батталдың Матайдың түбін «маңғытқытай» деп, қарақытайға тірегені қиялдан айтылған негізсіз сөз.  Матай атауының не мағына екенін ешкім нақты айта алмайды. Ал енді, өздерін арийлерге жатқызатын тәжіктердің ғалымдары күллі арийлердің шежірелік атасының Модай екенін айтады.

Енді, жорамал-жорғыға да біраз жол берелік. Әрине, жорамалды шежіре деректеріне сүйенбей айтпақ емеспіз. Осылай болғанда, найманда Төлегетайдың өз кіндігінен ұрпақ бар ма, бар болса олар кімдер? деген заңды сұрақ туатыны белгілі. Қазақта Қожамсейіт деген адамның аты сейіт қожа дегенді білдіретіні хақ. Қожамжар дегені қожам жар болсын, Қожамберді дегені қожаның батасын алып туған, Қожакелді дегені де осы, Қожамқұл дегені қожаның құлшылығы, т.с.с.  Ал енді, Қожамбет дегеніміздің қожа үмбеті, яғни, қожаның ұрпағы деген сөз екені анық. Төлегетай наймандағы Қожамбет тармағы қаракерейде бір өзі жеке тармақ, яғни, бір төбе болып таратылып тұрса, күллі қаракерей - байыс, байсыйық, сыбан, мұрын, байжігіт, семіз найман, тума-тоқпағымен қоса бір төбе болып таратылған. Әкеіміздің қолжазбасында: «Қожамбеттің бәйбішесінен бір бала болған, оның шашының жартысы қара, жартысы сары» деп айтылған Арғықазақ мифологиясында «алабас баланың» ханның ұлы екені белгілі. Яғни, Қызыл Арыстан ханның ұлы алабас бала Алаш. Және де, ақнайман Омар болыстан қалған шежіреде: «Қазақтың тұңғыш ханы Алаш» деп айтылған. Әлгі алабас бала Жанғұлы осы шежіреде де айтылады. Мәселен, қырғыздікі деген «Манас» жырында: «Анау жар түбінен табылған Боқмұрынды ала күшік демеңдер!» деп айтады Көкетай хан өлерінде. Боқмұрын кейін хан болады. Ол да «алабас бала» еді.  Яғни, «алабас бала» дегеніміз Найман шежіресіндегі Қожамбеттердің, яғни, қожа үмбетінің хандардың ұрпақтары екендерін білдіріп тұрған, аталарымыз  тастап кеткен белгі болады. Төлегетайдың қожа атағы болғанын айттық. Тарихи деректе Тунгачук Төле қожа найман.  Әрине, қалай болғанда да, Төлегетай күллі найманның атасы болып қала береді. Өйткені, ол асыл текті хандарымыздың  тұяғы  еді.

Қайрат Зарыпхан, шежіретанушы

Abai.kz

 

 

53 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1943
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2180
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1797
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535