Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2254 0 пікір 7 Қараша, 2010 сағат 06:37

СҚО аграрийлері топырақтағы ылғалдың төмендігіне алаңдаушылық білдіруде

Петропавл. 6 қараша. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО)  аграрийлертопырақтағы ылғалдың төмендігіне алаңдаушылық білдіруде. Бұл туралы жұма күні өткен облыстық аграрлық кеңес отырысында әңгіме болды.

Аграрлық кеңестің төраға орынбасары, «Солтүстік Қазақстан тәжірибелік станция» ЖШС директоры Белгібай Қанафин айтқандай, өткен ауыл шаруашылық жылы аймақтағы соңғы 40 жылдағы ең құрғақ жыл болды.

«Вегетациялық кезеңде – мамыр мен тамызда көпжылдық норманың барлығы 25-30% мөлшерінде ғана ылғал жауды, - деді Б. Қанафин. – Осындай жағдайда, топырақтағы ылғалдың төмендігінен, алдағы ауыл шаруашылық жылының басталуы жеңіл болайын деп отырған жоқ».

«Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы» ЕМК директоры Нұркен Сұлтанов хабарлағандай, егістіктегі қазан айында жүргізілген зерттеулерге сай, топырақтың 10 см тереңдігіне дейін ылғал мүлдем жоқ, ал метрлік тереңдікте оның мөлшері 40 мм. (норманың - 48%). Ал 2009-шы жылы бұл көрсеткіш 98 мм. болған.

Осындай жағдайда, деп атап өтілді кеңесте, қысқы кезеңде қар тоқтату жұмыстарын сапалы жүргізуіміз керек.

Н.Сұлтанов айтқандай, қыс қарлы, сонымен қатар желді болады деп күтілуде, сондықтан аграрийлердің негізгі міндеті - қарды егістіктерде сақтап қалу.

«Қарға байланысты біраз жұмыс атқару керек болып тұр, - деді Б. Қанафин. – Аңыз жауған қардың жартысына жуығын ұстап қала алады, бірақ биыл астықты жинау кезінде егістік мейлінше тықыр орылды».

«Солтүстік Қазақстан тәжірибелік станция» ЖШС сорттық агротехника зертханасының меңгерушісі Ольга Гаас аграрийлерді қыста жиналатын ылғалды тиімді пайдаланып және үнемдеу керектігіне шақырды.

«Егінді себуді 25-ші мамырға дейін аяқтау керек – осы аралықта ылғалды пайдалану ең тиімді», - деді ол.

Агрокеңес отырысының қорытындысында СҚО әкім орынбасары Айдарбек Сапаров СҚО ауыл шаруашылық басқармасына, аудан әкімдеріне техниканы қысқы агрошараларға дайындап және барлық агроқұрылымдарда қар тоқтату жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Одан басқа, қар тоқтату жұмыстарының қажеттігі туралы, қар тоқтату есебінен қол жеткізілген қысқы агрошаралардың экономикалық нәтижесін көрсете отырып, БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2364
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661