Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Билік 5447 1 пікір 3 Шілде, 2017 сағат 22:50

«Тығырықтан жол тапқан» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді

4 шілде күні сағат 12-00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында Астана күніне орай Рүстем Әбдірашевтің «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі болады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұл туынды – «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Темір­тау» фильмдерінен кейінгі «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі. Фильмде еліміздің тұңғыш Президентінің мемлекеттік қайраткер ретінде және партия ұйымының жетекшілігінің қалыптасуы жолдарын қамтиды. Мемлекет басшысының партком хатшысы болып сайланып, үлкен саясатқа енді араласа бастаған 1971-1977 жылдар аралығын қамтиды.

Қайырымдылық көрсетілім отан қорғаушылардың патриоттық сезімін нығайту мақстында Қазақстан Республикасының № 7552  Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскерлеріне арналып көрсетіледі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2458
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2040
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590