Жұма, 26 Сәуір 2024
Бетбұрыс 5083 5 пікір 3 Шілде, 2017 сағат 15:41

Жастардың өмірден өз орнын табуға жағдай жасалады

Заман көшіне ілесіп, әлем алпауыттарымен деңгейлес болу үшін білімді болмақ керек. Сондықтан білімге, ғылымға ерекше көңіл бөлу бүгінгінің басты талабы. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Сәтті қадам» жобасының маңызы зор.

Бүгін аталған жобаның үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы мен Білім және ғылым минстрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Дін істері және азаматтық қоғам министрліктері арасында жаңартылған төртжақты меморандумға қол қойылды.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен шараға аталған министрлік басшылары Ерлан Сағадиев, Тамара Дүйсенова, Нұрлан Ермекбаев пен жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінен құрылған жұмыс тобының мүшелері, партияның өңірлік филиалдары мен «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері қатысты.

«Елбасымыздың тапсырмасын орындау үш үлкен мәселенің түйінін шешуге мүмкіндік береді: мектеп бітірген жастар мемлекеттің қамқорлығын сезініп, бірден жұмыспен қамтылады; мамандық игереді және жаңадан ашылған кәсіпорындар жұмыс күшімен қамтамасыз етіледі. Бірде бір мектеп бітіруші біздің назарымыздан тыс қалмауы керек. Бұл қоғамға да, мемлекетке де өте пайдалы іс», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынған жобаның басты мақсаты – Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті деңгейді жинай алмаған және сынаққа қатыспаған мектеп түлектерін оқыту, жұмысқа орналастыру арқылы олардың өмірден өз орындарын табуға жағдай жасау. Өткен жылы сондай 54172 түлектің қайта тестілеудің арқасында 13514 түлек қазақстандық және 5820 түлек шетелдік білім беру орындарына оқуға оқуға түсті. Сондай-ақ, 22526 түлек Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына және даярлау курстарына оқуға қабылданды. Тағы бірқатары әскер қатарына шақырылса, бір топ жастар өз күштерімен жұмыспен қамтылды.

Бүгін қол қойылған құжатқа сәйкес алдағы уақытта бұл жұмыстар одан әрі жанданып, әр қазақстандық жас партия мен тиісті ведомстволардың бақылауында болмақ. Ұлтымыздың ұлы ойшылы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деп қазақты үйренуге, ізденуге шақырғанын ескерсек, еліміздегі басты саяси күш «Нұр Отан» партиясының бұл игі бастамасы құптарлық дүние екенін аңғармыз.

Шыңғыс Бердіқожа

Abai.kz

5 пікір