Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2337 0 пікір 4 Қараша, 2010 сағат 06:54

Ақмола облысында Қостанайда ұрланған Mercedes автокөлігін ұстау барысында жол полицейлері қару қолданды

Көкшетау. 4 қараша. ҚазТАГ - Ақмола облысында Қостанайда кеше ғана ұрланған Mercedes автокөлігін ұстау барысында жол полицейлері табельдік қару қолданды.

Ақмола облыстық жол полициясы кезекшісі Ерлан Жұмакеевтің мәліметтерінше, ЖПБ-ға Қостанайда ұрланған Mercedes автокөлігі туралы жедел мәлімет келіп түскен. Шұғыл түрде «Сирена» жоспары жарияланды.

«Бірнеше сағаттан соң Ақмола ЖПБ қызметкерлері республикалық мәндегі Жақсы-Есіл-Бузулук трассасында көлікті байқап қалған. Полицейлердің талабын жүргізуші елемеген. Сол кезде біздің әріптестеріміз табельдік қару қолдануына тура келді», - деді Е. Жұмақаев.

Ауаға екі рет оқ атып, ескерту жасалды, одан соң автокөлік дөңгелегінен атқан. Көлік салонында 18 жасар жолаушы мен 19 жасар жүргізуші болған. «Олар Қостанайда жарақаттайтын қарумен қорқытып, басқаның көлігін тартып алған. Оларды ұстау кезінде қаруларын тастап үлгергенімен, ол тез арада табылды. Тапанша істе айғақ ретінде жүретін болды», - деді Е. Жұмақаев.

Ұсталғандар Қостанайға тапсырылады. Көлік иесіне қарулы шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1036
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 912
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 766