Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3534 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 13:41

ҰЛЫ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕРІ

Ұлы жүздің қырғыздары өздерінің тегін көне монғол халқы үйсіндерден1 таратады, түп атамыз деп Шыңғыс ханның2 замандасы Майқы биді3 [санайды].

Ұлы жүздің қырғыздары өздерінің тегін көне монғол халқы үйсіндерден1 таратады, түп атамыз деп Шыңғыс ханның2 замандасы Майқы биді3 [санайды].

Қырғыздардың өздерінің шығу тегі жайлы және үш жүзге бірігуі туралы түсініктері бұлыңғыр. Біреулері қырғыздар Есіл даласында адасып кеткен ноғайлардан тарады дейді. [Өзгелері] ата-бабаларымыздың ешқандай ру-тайпасы болмаған, кең далада шеген4 деп аталатын өзге діндегі халықтан әйел алғанша көшіп қонып жүрген дейді. Ноғайлықтар мұсылман, ал олардың әйелі дінсіз болғандықтан, олардан өсіп өнген қырғыз халқында, олардың дінінде де екеуінің қоспасы кездеседі. Бұл аңыздың астарынан түркістандық ықпал байқалады және қырғыздар солардың айтуына сүйенетінін айту керек. Өзбектер осылай деп айтады және Қапалдан да осылай деп естідік. Келесі аңыз, шамасы, Орта Азиялық мұсылмандардың діни ықпалынан туса керек. Орта жүздің түп атасы Мұхаммед5 Мұстафа пайғамбардың  (с. ғ. с.) сахабасы*1 болған екен. Жәбірейіл періштенің көмегімен өзінің көп кешікпей бұл дүниеден аттанатынын білген пайғамбар жұмақта хор қыздарының ортасында мәңгі бақи демалу үшін өзінің достары мен жолдастарын шақырып, осыны айтып, егер біреуді өкпелетсем кешіріңдер депті. Барлығы жылап былай дейді: «Сен Алланың досысың, сен ешкімді өкпелеткен емессің дегенде, Өксе6 есімді бір сахаба «пайғамбар бір қаланы қоршаған кезде кінәсіз арқамнан ұрды», - дейді. Пайғамбар өз қатесін есіне түсіріп, арқасын тосады. Әбу Бәкір7, Омар8, Осман9, Әли10 және өзге сахабалар Өкседен райыңнан қайт деп қатты өтінеді. Өксе еш нәрсе естігісі келмей, халықтың қарғысына қарамай, қолына қамшы алып Алланың сүйікті құлына келіп, қасиетті арқасын ашуын сұрайды. Пайғамбар сырт киімін шешеді. Өксеге керегі де сол болатын. Ол пайғамбардың арқасында құдайдың мөрі бар екенін білетін, оған ерні тиген адам тозақ отына түспейтін еді. Өксе ұрудың орнына, басын иіп, арқасынан сүйіп орнына қайтады. Бірақ пайғамбарға қолайсыздық тудырғаны үшін және көпшіліктің қарғысынан Құдай оны және ұрпақтарын қаңғыбас қылады. Сонымен қоса таршылық көрмеуді маңдайларына жазады. Сол [Өкседен] бүкіл халық пен [үйсіндердің атасы] тарайды.

Ұлы жүз [қырғыздары] үйсіндерінің түп атасы деп, Майқыға дейін көп уақыт бұрын өмір сүрген Төбейді*2 [де] санайды. Аңыз бойынша, Төбейдің төрт ұлы болған: Көйілдір11, Мекірен12, Майқы және Қоғам. Көйілдірден қатғамдар  тараған және кейіннен [XV XVI ғғ.] жаңа халық өзбектердің құрамына енген [қатағандар]13 - [өзбектердің] басты руы). Мекіреннен тарағандар белгісіз, ал Майқыдан үйсіндер тараған. (Қоғам) қаңлылардың14  атасы болған, Майқының ұлы Абақ, бәйбішесінен Бәйдібек атты ұлы болған, екіншісінен ... және күңінен ..., Байбектің*3 үлкен ұлы - Сары, екіншісі - Жорықшы, ол екінші әйелінен туған, қырғызша әулие, киелі болған. Жорықшының үш ұлынан: біріншісі Албаннан15- албандар , екіншісі Дулаттан - дулаттар16, және Суаннан - суандар17 тараған. Меркес ... атасы, оның екі ұлы болған: Шуманақ пен Суаманақ18. Абдагтың*4 екі ұлы: Сары және Шебел болған. Сарының екі ұлы болған: Сүйерқұл және Таубазар*5; Шебелдің балалары ... деп аталған, ал Майқының балалары Абақ19 деген жалпы атпен аталады. Жүзге берілген үйсін атауы көбінесе тек үйсіндерге [қатысты], бірақ тек сол үйсіндердің өздеріне ғана қатысты деп аңызда айтылмайды20. Ұлы жүздің аңыздары бойынша, олар [монғолдарға] дейін жеке халық болған, ал Майқы би Шыңғыс ханды хан көтеруде сайлауға қатысқан.

Ал олардың [үйсіндердің] [қазақ] халқының құрамына қосылғанға дейінгі жайлы олар былай айтады: Алтын Орда21 мен Шағатай22 ұлысы  [құлап], алауыздық рулардың бірліген бұзып, билікті ұстап, қоғам жайлы ойлайтын ешкім болмады, әрбір ру өз қамын ойлауы тиіс болды, сонда Есіл даласында халық жиылып...

Қарттар ноғай деген атау көшпелі [дала] татарларды жартылай көшпелі татарлардан ажырату үшін қолданған деседі. Ноғайлы, өзбектер*6... оларды ноғай деп атаған.

Шынында да... осыдан кейін ноғай - «ит» дегенді көшпенділерге олардың қандастары Алтын Ордада Өзбек23 хан  тұсында және [Шағатай ұлысында] [Тарма Шырын]24 хан тұсында мұсылмандық қабылдаған соң және... ескі ырым-нанымдарға сенгіштігі үшін ұлыстықтарды ит деп атаса керек деген гипотеза жасауға болады.

Қазақтарда, наймандар мен қырым ноғайларында мұсылмандық*7 қалдықтары әлі де [күшінде] [болды] осы күнімізге дейін уақыт оны жойып жібере алмады. Бұл халықтың ары қарайғы ордалар ретіндегі тарихи тағдырына келсек, аңыз былай дейді: [Есім ханға]25 дейін (1636 ж.) барлық жүз [біріктіріліп], олар бір ханға бағынды. Үй[сіндер]... Шудың арғы бетінде және хан ордасына*8 жақын жерден орын теуіп, ... ханның [қасында болды]. [Қатаған] ханы [Тұрсынның]26 тұсында олар ханмен бірге Ташкентті алды.

ҰЛЫ ЖҮЗДІҢ

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ*1

 

 

اوتكر پچاق قینغه قاس، اوتروك سوز جانغه قاس.

Өткір пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас.

جاوداه قالغان بلبل دان، ایلکا قایتقان ایت اوزده.

Жауда қалған бұлбұлдан елге қайтқан ит озды.

اولکان ارستان دان تری ایت یخشی.*2

Өлген арыстаннан тірі ит жақсы.

ساقلانغانده خدای ساقـتـار

Сақтанғанды құдай сақтар.

ایرنی خدای ساقـتایدی، ایتوکتی نال ساقـتایدی.

Ерді құдай сақтайды, етікті нәл сақтайды.

اوزنك بلمه، یلکانننک تـلن المه.

Өзің білме, білмегеннің тілін алма*3.

ماقـتانغانننك کوتی چاق.

Мақтанғанның көті шоқ*4.

مورن یوق بولسه، ایکه کوز برین بری چوقـویده.

Мұрын жоқ болса, екі көз бірін-бірі шұқиды.

اتا کورکان اوق جونار، انا کورکان5* تون پـیـچار.

Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

پادشاه بولسام مای جیار ایدوم.

Патша болсам, май жияр едім.*6

کوب سوز بوق سوز، از سوز راست سوز.

Көп сөз - боқ сөз, аз сөз - рас сөз.

اسقما قارغه، توسارسن توزغه.

Асықпа қарға, түсерсің торға*7.

یاخشی منان یولداس بولسانك یتارسن مرادغه،

یمان منان یولداس بولسانك قالـرسـنك اویاتـقه.

Жақсыменен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманменен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.

بلکاننك قایده، بلماستکته کیـچرماسانك.

Білгенің қайда, білместікті кешірмесең.

سوسز جرده قامس یوق، ازغان ایلده نامس یوق*8.

Сусыз жерде қамыс жоқ, азған елде намыс жоқ.

اوچکان یانبایده، اولکان ترلمایده.

Өшкен жанбайды, өлген тірілмейді.

.قامقا تون ده، چوبراك بولار توزغان سون*9

Қамқа тон да шүберек болар, тозған соң.

تویه قاچب جوکتان قوتولمایدی.

Түйе қашып жүктен құтылмайды.

زمان یمان بولسه قودانك کتار، مالنك کیتسه باسنك برکا کتار.

Заман жаман болса, құдаң кетер, малың кетсе, басың бірге кетер.

توتی قوش بوین کوروب سرلانادی، ایاغـن کوروب قورلانادی.

Тоты құс бойын көріп сырланады, аяғын көріп қорланады.

اویات کمده بولسا، ایمان سوندا.

Ұят кімде болса, иман сонда.

یاسنك قرققه کلکان سونك ایاغـنکا چدار تـوسار.

Жасың қырыққа келген соң, аяғыңа шідер түсер.

کوب جیـیمن دیکان از جیـیدی، از جیـیمن دیکان کوب جیـیدی.

Көп жеймін деген аз жейді,

Аз жеймін деген көп жейді.

عقل داریه ایکان، کونکل دولدول ایکان.

Ақыл дария екен, көңіл дүлдүл екен.

تویماسقه برمه، تولماسقا قویما.

Тоймасқа берме, толмасқа құйма.

الپ انادان تووادی، ات بیـیه دان تووادی.

Алып - анадан туады, ат - биеден туады.

اق سونکقار اتـقه عاشق، کویکون تای جیمکا عاشق.

Ақ сұңқар атқа ғашық, күйкентай жемге ғашық.

ایتگنك تار بولسه، دنیانك تنچلغنان نه فایده.*10

Етігің тар болса, дүниенің тыныштығынан не пайда.

ايقو جانـننك تنیچی، ایمان جانـننك قوانچـی.

Ұйқы - жанның тынышы, иман - жанның қуанышы

قوس ات منان قول کوبایادی، قوزی سی منان قوی کوب کورنادی.

Қос атпенен қол көбейеді, қозысымен қой көп көрінеді.

تویغاندان قورساق جارلمایدی، قوانغاندان مانکدای جارلمایدی.

Тойғаннан құрсақ жарылмайды, қуанғаннан маңдай жарылмайды.

باسقه بلا قایدان؟ - تـلدان.

Басқа бәле қайдан? - Тілден.

مزکل سز تانك اتبایدی، وقت سز جان چـیقبایدی.

Мезгілсіз таң атпайды, уақытсыз жан шықпайды.

 

И. А. Бардашёв мырзаның

қырғыз мақалдары жинағынан.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661