Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
46 - сөз 4104 6 пікір 15 Маусым, 2017 сағат 12:26

Ресей мен Түркия "шли" достасып бара жатыр

Ресей мен Түркияның "шли" достасып бара жатқанына АҚШ алаңдап отырған көрінеді. Бұл туралы анау-мынау емес, шенді һәм шекпенді Рекс Тиллерсон (мемхатшы) айтыпты.

"Біздің "Ислам мемлекетін" талқандау үшін Сирияда әскери жоспарымызды қалай жүзеге асыратынымызға байланысты Түркияның басы қатып отыр", - депті ол. Бұған дейін АҚШ-тың күрд отрядтарына қару жеткізіп беруін Түркия сеператистік террорлық әрекет деп бағалаған еді.

Мемхатшының айтуынша, қазіргі кезде Вашингтон мен Анкара арасында проблемалық шаруаларға қатысты келіссөздер өте жоғарғы деңгейде жүргізіліп жатыр.

Ал 3 мамыр күні Путин дағдарыстан кейінгі Ресей мен Түркия қарым-қатынасын қалпына келтіру кезеңі аяқталды деген еді.

* * *

Египет парламенті Сауд Арабиясына Тиран және Санафир аралдарын беру туралы шешім қабылдады. Қызыл теңіздегі аралдарын Саудтарға сыйлауды Египет халқы жөн көрмей, қызу қарсылық білдіріп жатыр. Осыған байланысты Каирде полицейлер мен демонстранттар арасында қақтығыс та болған. Бірақ, бұл аралдарды беру туралы келісім сонау 2016 жылдың сәуірінде жасалып қойған.

* * *

Түркияның сыртқы істер министрі Катарға келіп, әскери базаларын кіргізу туралы сөйлесуде. 2016 жылдың 10 қарашасындағы келісімге сәйкес Түрік базасы Катар жерінен орын тебуі тиіс. Түркия тарапы осы әрекеті арқылы араб түбегіндегі тыныштықты сақтауға атсалысамыз депті. Сендер атсалыссаңдар, біздер піл салысамыз деп анау жақта АҚШ отыр.

Абай Аймағанбетов

Facebook-тегі парақшасынан

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1968
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2313
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1897
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1560