Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 8717 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 13:49

[А. И. ЛЕВШИННІҢ] ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ ОРДАСЫ ЖАЙЛЫ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ҮШІНШІ БӨЛІМІНЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР

9-бетте, төменде, жол шетінде ақбура сөзі дұрыс аударылмаған: ақбура дегеніміз - пішілмеген ақ түйе, ақ қасқыр емес, ол қайсақша ақбөрі немесе қасқыр деп аталады.

11-бет. Қайсақтар қожаларды ақсүйекке жатқызбайды, оларды сұлтандармен қатар пайғамбардың ұрпағы, шариғат заңдарын қатаң ұстанатын рухани тұлғалар ретінде құрметтейді. Жалпы қайсақтар сауатты адамдарды өте қатты сыйлайды.

31-бет. Ынтықтықтан басқа қайсақтардың қалмақтан әйел алғанды жақсы көретін себебі осындай некеден жақсы перзент туады-мыс.

42-бет. Қайсақтар қыста тағам орнына ұннан дайындалған, ыстық су араластырылып, көже деп аталатын ашытылған сусынды пайдаланады, дәмін келтіру үшін оған сүт те қосады. Саумал дегеніміз - ашып үлгермеген бие сүті.

47-бет. Қазірде қыздар бұрынғы конус пішінді бас киім кимейді, оның орнына шаштарына түрлі-түсті орамал тартып, бір ұшын арқасына жібереді. Тұрмыстағы әйелдер шаштарын тек қос бұрым етіп өреді, олардың соңы біріге өріліп, арқаға тасталады.

46-бет. Сәукеле деп аталатын бұл бас киімді әйелдер тұрмысқа шыққан алғашқы күндері, бір жыл шамасында ғана киеді, кейіннен шешіп, мереке-тойларда киеді, оның өзінде төрт-бес жыл шамасында ғана.

9-бетте, төменде, жол шетінде ақбура сөзі дұрыс аударылмаған: ақбура дегеніміз - пішілмеген ақ түйе, ақ қасқыр емес, ол қайсақша ақбөрі немесе қасқыр деп аталады.

11-бет. Қайсақтар қожаларды ақсүйекке жатқызбайды, оларды сұлтандармен қатар пайғамбардың ұрпағы, шариғат заңдарын қатаң ұстанатын рухани тұлғалар ретінде құрметтейді. Жалпы қайсақтар сауатты адамдарды өте қатты сыйлайды.

31-бет. Ынтықтықтан басқа қайсақтардың қалмақтан әйел алғанды жақсы көретін себебі осындай некеден жақсы перзент туады-мыс.

42-бет. Қайсақтар қыста тағам орнына ұннан дайындалған, ыстық су араластырылып, көже деп аталатын ашытылған сусынды пайдаланады, дәмін келтіру үшін оған сүт те қосады. Саумал дегеніміз - ашып үлгермеген бие сүті.

47-бет. Қазірде қыздар бұрынғы конус пішінді бас киім кимейді, оның орнына шаштарына түрлі-түсті орамал тартып, бір ұшын арқасына жібереді. Тұрмыстағы әйелдер шаштарын тек қос бұрым етіп өреді, олардың соңы біріге өріліп, арқаға тасталады.

46-бет. Сәукеле деп аталатын бұл бас киімді әйелдер тұрмысқа шыққан алғашқы күндері, бір жыл шамасында ғана киеді, кейіннен шешіп, мереке-тойларда киеді, оның өзінде төрт-бес жыл шамасында ғана.

52-бет А. И. Левшин «Қай діндесіңдер?» деп сұраған екі қырғыз-қайсақ сұрақты түсінбей, мұндай жағдайдағы ең оңай: «Білмеймін» деп жауап берген болса керек. Әрбір қайсақ өзінің Мұхаммед пайғамбардың үмбеті, мұсылман екенін біледі; бәлкім, бұл сөздің мағынасын түсінбеуі де мүмкін, бірақ өзге дін иелерінің алдында ол өз діні үшін мақтанады. Балалық шағынан бастап ол мұсылман екенін естіп өседі, ал «мұсылманнан басқалардың барлығы кәпірлер, құдай оларды о дүниеде мәңгілік азапқа салады». Осыдан кейін қазақ өз дінін білмейді деуге бола ма?

52 және 57-беттер. Шайтан дегеніміз - біздің барлық теріс қылығымыздың баламасы, ол бізді билеп алатын нәпсімізді басқарып, уланған ақыл-ой мен оған берілген адам жан түршігерлік күнәлар жасайды. Осындай құмарлық бізді билеп алатынын әрқайсымыз мойындасақ та, оны тап басып тани алмаймыз, ал қайсақтар шайтан - Жаратушының әміріне қарсы шығушы, мұсылмандардың мәңгілік жауы, әрдайым дұрыс жолдағы адамды ақиқат жолдан адастырып жіберуге тырысады деп түсінеді.

Демек, қайсақтар шайтанды ешқашанда құдіретті күш деп таныған емес, оған ешқашан да табынбайды, оның арам әрекеттеріне қарсы тұру үшін әр түрлі дұғамен қорғанады. Оның көңілін табу үшін ешқандай құрбандық шалмайды, қайсақтардың шайтанға деген қаталдығы соншалықты, сүйекті мүжіп болған соң лақтырар кезде «бисмилла» деп айтады, яғни, «Алланың атымен», Алланың аты аталған сүйектерді шайтандар ас ете алмайды деп сенеді.

65-бет. А. Левшин өзі сипаттап отырған халықтың қараңғылығын жазам деп, сиқыр, алдау мен дуалау қырғыз-қазақтар дінінің бір бөлігі деп артық кеткен, олар діннің бір бөлігі емес, барлық дінде бар, әр халықта болатын ырымшылдық.

Қайсақ өзіне жақсылықты болжағанда ғана сиқырға, бал ашуға және басқаларға сенеді, сондықтан үнемі жақсыны ырымдайды, ал ол мың болжамның біреуі болсын орындалатындықтан, бақсы-балгерлер, дуашы және т. б. халық арасында қолдау тауып отырады.

76-бет. Қайсақтардың сезімталдығы мен жақынының қайғысын бөлісуі мақтануға, көңіл қоюға тұрарлық. Бұл қайсақтардың бойынан іздеу керек жалғыз ізгі қасиет десе де болады. Оны мынадан көруге болады: қайыршы адам қайда келмесін, байдың ақ ордасына ма, жоқ кедейдің лашығына ма, үнемі оған пана табылады, оған деген жанашырлықтарын сөзбен ғана білдіріп қоймайды, заттай да жәрдем етеді, байдың үйінен ол иығына жоқ дегенде шүберек іліп шықса, кедейден, құрығанда, бар мәзірімен шөлін басып, не қарны тойғанша ас ішіп шығады. Яғни, ешқай жерде оны «Құдай жәрдем қылсын» деген құр сөзбен шығарып салмайды. Табиғи сезімталдығымен қоса қайсақты мейірімді болуға итермелейтін нәрсе, әркімге түсінікті - бүгін-ертең өзім де барымтадан немесе қырда жиі болатын жұттан қайыршыға айналуым мүмкін деген түсінік. Соңғы жағдайдағы қайсақтардың бір-біріне көмектесуі өркениетті еуропалыққа өнеге. Барымтадан немесе жұттан қасірет шеккен адамның өз туғандарына барып, олардан батыл түрде жылу сұрауға құқы бар, яғни шаруасы жақсы жанның жаны ашып немесе басқа бір оймен расымен-ақ оған мал жиысып беретін дүние-мүлкі. Қысқаша айтқанда, жылу талап ету құқығы қайсақ үшін кез-келген жолаушыға тиесілі қонақасы - тегін түскі не кешкі ас секілді қасиетті ұғым.

94-бет. Ұлын сүндетке отырғызған ата-ана оның үлесіне деп біраз мал атайды, ол баланың еншісін құрайды, сонымен қоса әке мұрасын бөліске салғанда, ол өзге мұрагерлермен тең үлесті талап етуге құқы бар.

98-бет. А. Левшиннің қайсақ әйелдерінің құны туралы мәліметі дәл емес, қарсылық білдіруге тура келеді. Қалыңмалдың мөлшері қалыңдықтың бәйбіше болып бара жатыр ма, әлде тоқал етіп алды ма, оған байланысты емес, байлығына және қоғамдағы алатын орнына қарай анықталады.

اوراقننك جرلاغاني

 

ارتودا ارتو تاو كيلسه

اتاندا تارتار بوگلب،

الس تان قارا كورنسه

قراقولام جتار اوگلب،

جتایندیب اونكلب

اچ مرالدای بوگلب

سول قرا قولاننك اوستونده

ایدونده اوراق سنده (اوراق)

ایردار كیتار چویلب.

عزرایل كیلگانده

چین اجالنك جیتكانده

اوجگتدار كیتارده سونده

بر چبندای جاندان تونكلب.

كوكتنك قوسی *1كوگاچین

كوكداب اوچار جیم اوچون،

كوگالا قامقا جاملوب

اوراق جورتار*2 مال اوچون.

تیم - تیم اوچون تیم اوچون

تینكزدار كیچتم مال اوچون،

تینكدار مینان كیم اوچون

كیم دار مینان تینك اوچون

اویگه دا كیلب قراسام

تورت بورچن (بارلاسام)

قرادا سابام جوق اوچون،

قاتاردان كیلب قراسام

قاتاردان كوچیم كیم اوچون.

اویگه ده كیلب قورلاندوم

توزگه ده باروب زارلاندوم،

تورده تورغان سای جیبه

سیلكب الوب بایلاندوم.

الستا جاتقان دوشماننك

جیل جاغندان ایلاندوم.

سیركه سانده قوسنادوم،

تیل ساره نه یوستادوم.

قومغه بتكان قوبارچین

سیركه سان ننك جاله جوق.

كیسوب الول سال ایتدوم،

الستا جاتقان دوشپاننك

كوگا اله له كوب جلقی

ایداب الوب مال ایتدوم.

جلقه اییاسی كیلماك جوق

جلقی اییاسی كیلسه ده

بیلسه نسبای برماك جوق.

او جگتدار، (جگتدار)،

جالانكغاچ جورده جاوغه چاب.

اوسناو جالغان دنیادا

اجال جیتمای اولماك جوق.

قانكله دان التاو كیلدوم دیب

اوراقغه زورلق قيلماكز

قایراتنه منگان سونك

بوره لا كیتسه جات بولار

قلیچ چاپسه میرت قیلار.

سویرای - سویرای كوچار گه

سویرو تاولار بولسه ایگه،

سویرو تاولار بولسه ده

اونان سویراب كوچرگه

سویرو اتان بولسه ایگه

سویرو اتان بولسه ده

اوننك باسین جیتالر

قویان قولتوق كیرما قاس

ارو چیچای بولسه ایگه.

ارو چیچای بولسه ده

سونكگوله اولدار دوسه ایگه،

سونكگوله اولدار دولسه ده

بیساو - التاو بولسه ایگه.

بیساو - التاو بولمه سه،

المانناك اغننانده كوكی ایگه.

جالغزده توغان سوم باسم

بارومنان جوغم كوب ایگه.

 

قارا باترننك تولغاغنی:

 

مین تولغا دیسانك تولغاین،

اوراق سغان تولغاین.

قایغایداغه مجید*3

وتیر كمان كورجانه،

تیران بویله*4 ایستاكته،

اوزه توكته اوروسته،

باسی چوقته قالماقته،

چولدورلاگان چورچوتته

اوزمه قاراتدوم.

كاپر بولسانك جان تارتدوم.

اون ایكه جاسقه كیلگانده

اوچار جویروك جباروب

اون سان قولغا باش بولدوم.

اون سكز جاسقه كیلگانده

ایسان اوله بولایدای،

ایسكه اوله جولایدای

قرا باتر اتومده انكراتدوم،

اغتقان قویدای مانكراتدوم.

تورده جاتقان اوراقده

اوكبه كه تیوب اویاتدوم.

اله ننك اوله ای اوراق

قایداردا قایده جوروب تینكلدونك.

 

اوراقننك تولغاغانی

 

مین تولغان دیسانك تولغاین

قرا باتر سغان تولغاین.

مین سیننك توب توبنكده ایتاین

سین مشاقر دیگان شهردین

ازوپ چققان یالغز اویلی سارب ایدونك،

اكنك قرا كیسه ده

اس برگانننك قولی ایده

چیچانك قرا كیسه ده

مال برگانننك كونكی ایده.

قرا قولام جالسز، ایر مالسز،

الله ننك قایراننان

مال برار كونی بولجالسز،

قرا قولام جالده جابلر،

ایزدیسه اوراق سنده میرزاغه

دوشپانننك مالی تابلر.

قرا قولام جالی چینگالده

ایدونده توغان اوراقغه

ماتروشكه قلننك بالاسی

مالی منان تینك گالده.

بای بالاسی بایغه اوسار،

بایلانمغان تایغه اوسار،

قل بالاسی قلغه اوسار

قلاغن كیسكان ایتكا اوسار.

بوگوندین سونك بو توینك

ایرلداسقان ایتكه اوسار.

 

قیلچین ماقتاب بر سباغه قیلغانی

 

سول كومرون جاغرده

سونده (سیكسان) سیكرت مویغان.

باسونه چیدامای بالواندار جیلغان،

تویتارونه چیدامای

توقسان سیكرت مویغان.

سوارونه چیدامای

ایدون كولدار قورغان.

ایدونینه چیدامای

ای بولتقه سینغان،

كورونه چیدامای

كوز قاباققه سینغان.

قینغه سالسه قیلت ایتكان،

سوروب السه جیت ایتكان

ساغه سی التون نور بولات.

او جگتتار، جگتتار،

بول سوزمده بلنكز -

جالغزده توغان اوراقغه

مونه ده بر سباغه قیلنكز.

ОРАҚТЫҢ ЖЫРЛАҒАНЫ1*1

 

Арту да арту тау келсе

Атан да тартар бүгіліп

Алыстан қара көрінсе

Қарақұлам2 жетер үгіліп

Жетейін деп үңіліп

Аш маралдай бүгіліп

Сол Қарақұланың үстінде

Айдауында Орақ сынды (Орақ)

Ерлер кетер жойылып

Әзірейіл3 келгенде

Шын ажалың жеткенде

Ол жігіттер кетер де сонда

Бір шыбындай жаннан түңіліп

Көктің құсы көгершін

Көктеп ұшар жем үшін

Көгала қамқа жамылып

Орақ жортар мал үшін

Тем-тем үшін, тем үшін

Теңіздер кештім*1 мал үшін

Теңдер менен кем үшін

Кемдер менен тең үшін

Үйге де келіп қарасам

Төрт бұрышын (барласам)

Қара да сабам жоқ үшін

Қатардан*2 келіп қарасам

Қатардан көшім кем үшін

Үйге де келіп қорландым

Түзге де барып зарландым

Төрде тұрған сай жебе

Сілкіп алып байландым

Алыста жатқан дұшпанның

Жел жағынан айландым

Серке санды қостадым

Телсарыны4 бостадым

Құмға біткен қу баршын

Серке санның жалы жоқ

Телсарының қоңы жоқ

Кесіп алып сал еттім

Алыста жатқан дұшпанның

Көк алалы көп жылқы

Айдап алып мал еттім

Жылқы иесі келмек жоқ

Жылқы иесі келсе де

Белсеніспей бермек жоқ

О жігіттер, (жігіттер)

Жалаңаш жүр де жауға шап

Осынау жалған дүниеде

Ажал жетпей өлмек жоқ

Қаңлыдан алтау келдім деп

Ораққа зорлық қылмаңыз

Қайратына мінген соң

Бұрыла кетсе жат болар

Қылыш шапса мерт қылар

Сүйрей-сүйрей көшерге

Сүйру таулар болса игі

Сүйру таулар болса де

Онан сүйреп көшерге

Сүйру атан болса игі

Сүйру атан болса де

Оның басын жетелер

Қоян қолтық, керме қас

Ару шешей болса игі

Ару шешей болса де

Сұңғыла ұлдар туса игі

Сұңғыла ұлдар туса де

Бесеу-алтау болса игі

Бесеу-алтау болмаса

Алманың ағынан да көгі игі

Жалғыз да туған сұм басым

Барымнан жоғым көп игі.

 

ҚАРА БАТЫРДЫҢ ТОЛҒАҒАНЫ

 

Мен толға десең толғайын

Орақ саған толғайын

Қай-қайдағы мажид*3

Уа, түркмен, күржіні

Терек бойлы істекті

Мұнарасы биік Мәскеуді

Аузы түкті орысты

Басы шоқты қалмақты

Шүлдірлеген шүршітті

Өзіме қараттым.

Кәпір болсаң оқ аттым,

Мұсылман болсаң жан тарттым.

Он екі жасқа келгенде,

Ұшар жүйрік жіберіп.

Он сан қолға бас болдым

Он сегіз жасқа келгенде

Есен ұлы Бұлайдай

Еске ұлы Жолайдай

Қара батыр атымды аңыраттым

Ағытқан қойдай маңыраттым

Төрде жатқан Орақты

Өкпеге теуіп ояттым

Әлінің ұлы, ей, Орақ

Қай жерде қайда жүріп теңелдің?

 

ОРАҚТЫҢ ТОЛҒАҒАНЫ

 

Мен толға десең толғайын

Қара батыр саған толғайын

Мен сенің түп-түбіңді айтайын

Сен Машақыр деген шаһардан

Азып шыққан жалғыз үйлі сарт едің

Әкең қара кісі еді

Ас бергеннің құлы еді

Шешең қара кісі еді

Мал бергеннің күңі еді

Қарақұлам жалсыз, ер малсыз

Алланың қайырынан

Мал берер күні болжалсыз

Қарақұлам жалда жабылар

Іздесе Орақ сенде мырзаға

Дұшпанның малы табылар

Қарақұлам жалы шеңгелде

Айдынды туған Ораққа

Матрушка құлдың баласы

Малыменен тең келді

Бай баласы байға ұсар

Байланбаған тайға ұсар

Құл баласы құлға ұсар

Құлағын кескен итке ұсар

Бүгіннен соң бұ тойың

Ырылдасқан итке ұсар.

Қылышын мақтап бір сыбаға қылғаны

 

Сол көмірін жағарда

Сонда (сексен) шәкірт мойыған

Басуына шыдамай балуандар жиылған

Тойтаруына шыдамай

Тоқсан шәкірт мойыған

Суаруына шыдамай

Айдын көлдер құрыған

Айдынына шыдамай

Ай болатқа сиынған

Көруіне шыдамай

Көз қабаққа сиынған

Қынға салса қылт еткен

Суырып алса жылт еткен

Сағасы алтын нұр болат

О, жігіттер, жігіттер

Бұл сөзімді біліңіз

Жалғыз да туған Ораққа

Мұны да бір сыбаға қылыңыз

 

 

ТӘҢІРІ (ҚҰДАЙ)

 

От әулие (киелі) болып саналады... Қарғыс...*1 Отқа түкіруге, ошақты басуға болмайды. Жаңа түскен келін [күйеуінің] әкесінің үйіне кіріп, сәлем жасап, «аруақ разы болсын» деп тағзым етеді, отқа бір қасық май құюы керек. Жас келін сәлем еткенде «аруақ разы болсын» деп, тізе бүгіп, еңкейіп, маңдайын еденге тигізеді. Отқа тамызған май жанып жатқанда, жас келіннің енесі немесе әйелдердің бірі алақанын отқа қыздырып, келіннің бетін сипайды. Үлкен үйдің отының құрметіне деп, қалындық атасының иығына шапан жабады, отағасы жас келінді: «иін қандырып илеген терідей мінезің жұмсақ болсын қарағым» деп бата беріп, тулаққа, қой терісіне отырғызады. Жан беру (ант) беру үшін екі жерден от жағып, адам сол екі оттың арасынан өтіп, кісі өлтірген мылтықтың ұңғысын сүюі тиіс1.

Отпен емдеудің бір түрі: малдың жеті мүшесінен ет кесіп алып, отқа қақтап ауырған жерді қыздырады (әсіресе сарп ауруында). Аурудан тазарту үшін отқа қаңылтыр шөмішті қып-қызыл етіп қыздырады, содан соң оған май құйып, көк шүберек салады, ол тұтанып жанғанда, аурудың мұрнына жақындатып, шөмішке суық су құяды, осы кезде қатты бу шығады. Емдеудің бұл түрін желұшық*2 дейді.

Жаңа туған айды көргенде үш рет ұшып тұрып, үш рет иіледі де, жерден шөп жұлып алып, үйге алып келіп отқа тастайды.

Аруақ - ата-баба рухы, басқа қиын қыстау күн түскенде, жан қиналғанда: «Аруақ, қолдай көр, қолтығымнан жебей көр!» деп айтады. Құрбан шаларда, сиырдан ай мүйізді, аша тұяқты (отбасын желеп-жебейді), қойдан бозқасқа және сарыбас қой - ақсарбас, бауырсақ құлақты көк қой, құлағы тілінген, қасқа тісті, қасқасы бар аппақ аққасқа, сондай-ақ бас алғашқы тума төлді құрбан шалады. Егер құрбанға аталған төлдің басы - тұмсаны қимаса, атаған малдың сілекейін басқа малдың басына жағып құрбандық қылады. Адам өлгенде аруағына арнап, қырық күнге дейін, әр күн бір шырақтан жағады немесе төрт күн шырақ жағады. Шырақты босағаның [оң жағына] жағады, себебі өлген кісінің аруағы қырық күнге дейін үйге келіп, балалардың жай-күйін біліп жүреді. Сол үшін күн батып, шырақ жағылғанша, іңірде есікті ашып, тостағанға қымыз құйып, босағаға ақ киіз төсейді, осылай өлген адамның аруағын күтеді. Үйдегілер өлген адамға Құран оқып, тостағанға қымыз қойып, шырақ жағады.

Өлікті үйден шығарарда: «Құдайдан бүтін денең алыста» деп, үй мүліктерін, тамақты өліктің мүрдесінен айналдырып өтеді2.

Жерге табынбайды, жын жиналады деп, аруақтардан қорқып және абайламай жүргеннен сарп ауруы болады деп ескі жұртты баспайды. Тек көктемде шыққан көкті жұлмайды.

Жұлдыздарды адамның жаны деп санайды. Егер жұлдыздың ағып түскенін көрсе, «менің жұлдызым жоғары» деп екі рет әуеде қимыл жасайды. «Жан біреу-ақ...*3, ерте ме, кеш пе, тірі пендеге бір өлім» деп ойлайды. Кешке үйге кіріп келе жатып, әкемнің: «Бүгін екі адам өлуге тиіс» деген сөзін жиі еститінмін. - Қалайша? - деп сұрағанда: «Екі жұлдыз ағып түсті», - дейтін.

Табиғаттың барлық тосын құбылыстары көрініс берген жерлерді қасиетті деп санайды. Ол жерлерде әулие түнеді деп ұғады. Барлық қорғандарды оба деп атайды. Құлан түздегі жалғыз ағаш болсын немесе бұтақтары қисық, сиықсыз өсімдік қасиетті саналып, түнемелік орын болады, жанынан өткенде адамдар киімнің бір жыртысын, шүберек, аттың қылын байлайды, ыдыс-аяқ тастап, мал сояды.

Тұзды көлдер де әулие, не аруақтың көзі түскен кен деп аталады.

Жалпы мал көшпенділердің жалғыз байлығы болғандықтан, әр түрлі тыйымдар бар: малдың сүйегін баспайды, егер сүт төгілсе, кесір болмасын деп сол жерді жақсылап тазалайды, разылығын алу үшін оң қолын маңдайына, иегіне, оң иығына, содан соң сол иығына апарып тәу*4 етеді. Сондай-ақ жылқының желісін аттағанда да тәу етеді, себебі, желінің де киесі болады. Ұстаның темір төсін көрсе, тәу етеді. Жылқышының құрығынан, балта, бақанның*5 үстінен аттамайды, «бақан аттаған байымайды, балта басқан жарымайды» деген сөз бар. ... жылқы*6, түйе, қой, сиырлар. Егер қырғыз түнде сиыр көрсе, қамшымен тартып жіберуі тиіс, себебі, түнде сиырды жын-шайтан, перілер мініп алады. Ешкі малы қырғыздарда сыйлы жануарлар санатына жатпайды. Төрт түлік малдың арасындағы ерекше белгілері барлары құтты жануар болып саналады. Мысалы, қырғыздырдың түсінігінше, жалы мен құйрығын шайтан өріп тастаған жылқы құтты саналып, ешкімге берілмейді, себебі, сол малмен бірге құт-береке кетеді, егер берілсе, сілекейін алады. Мысалы, жылқының жалынан қыл жұлып алып, кететін малдың аузына салып, сілекейлеп қалтасына салып қояды. Қырғыздыр киесінен қорқып, аққуларды атпайды, аққуды құстың падишасы деп есептейді. Сондай-ақ жапалақ, үкі, тоқылдақ, көк қарға, көкекке де тиіспейді. Соңғысы ертеде адам болыпты деген аңыз бар. Бір ауылға күйеу келіп, аты жоғалады. Қалындықтың сіңлісі атты іздеуге шығып, бір аяғына өз етігін, екінші аяғына күйеудің етігін киеді. Бұл көктем мезгілінде болса керек, міне, сондықтан да көкектің бір аяғы қызыл, екінші аяғы көк, сол себепті де «аты жоқ көкек, көкек» - деп айтады. Көкектің қасиеті бар, көкек қонған бұтақты алып, май мол болады деп сүті бар сабаға*7 салады.

Ислам діні бір құдайға сену мен тәңіршілдікті [біріктіре отырып] және жын, тәні жоқ рухтар, пері, шайтандардың бар екенін айтып шамандықтағы албасты туралы ұғымды жоя алмады. Перілер мұсылман және кәпір болды. Кәпір дініндегі перілер адамға үнемі жамандық әкелуші - лашын, бүркіт бейнелерінде жүреді. Адам күнәлі болғанда, бүркіттер жамандық жасайды, олар да қырғыздыр сияқты... солай істейді... олардың ауылында болып...

Жын - бақсы сөйлесетін рух. Оның әрқайсысының аты бар. Жындар кәрі жас, еркек әйел болып келеді. Бақсылар мен халықтың сенімінше, жындар адам бейнесінде болады. Олар жайлы бақсы жөніндегі мақалада айтамыз.

Албасты - әйелдер босанғанда зиян келтіретін рух. Оларды жезтырнақ деп те атайды. Олардың басшысы - сөрел*8 бойы 3 сажын, кеудесі қушық, қалған жерінің бәрі аяқ, тұяғы жіңішке.

Мұсылмандар аурудың атын жын деп те атайды. Ол шашын тарқатып жіберген бойжеткен қыз бейнесінде, емшектері салбырап тұратындықтан, иығына салып жүреді.

Сөрел - пері, кейбір ертегілерде албастының күйеуі, кей ертегі бойынша әрқилы бейнелерге ене алады. Қалың жыныс орманда тұрады, түрі адамға ұқсас, бірақ кеудесі тым ұзын, ағаштармен теңеседі. Адамды қытықтап өлтіреді, бұл орыстың орман перісі.

Көн аяқ - бұл адам, аяғының орнында қайыс, елсіз ормандарды немесе аралдарды мекендейді. Кәперсіз жолаушыны алдап шақырып, үстіне мініп алады да, қайыстарымен матап, адамның әлі бітіп құлағанша мініп жүреді.

Жезтырнақ - әйел бейнесіндегі рух, ол да орманды мекен етеді. Жезтырнақтар туралы аңыз.

Ертегілерде адам жейтіндер кездеседі. Батыр хан туралы аңыз... Жас нәресте дүниеге келгенде, отқа құрбандық шалып, май құйып: «ақ түйенің қарны жарылды» дейді.

Егер ер адам жорықта қаза болса, жасақ ауылға жақындағанда «ой бауырымдап» өлген адамның үйіне ат қояды, мылтық атып, үйдің босағасын найзамен түйреп, қылышпен шабады3.

Айналмақ деген, өзін-өзі садаққа, құрбандыққа қиятын ырым бар. Өзін біреудің жолында құрбан еттім деген адам, оны*9 үш рет айналады. Құсты ұстап бастан үш рет айналдырып, еркіне жібереді. Бар ауру-сырқау, пәлекет сол құспен бірге кетеді. Адам осылай істеп өзін рух ретінде сезінеді. Оларда жақсы көрген адамына «айналайын» деп айтады. Анасы баласына «Айналайын, қарағым, шырағым» деп тіл қатады.

Қырғыздардағы барлық көреген, сәуегейді бақсы*10 ... дейді. Бақсылар сәуегейлігін өздерінің жындары атынан айтады. Бақсылар оларды мұсылман дініне ыңғайластырып, періште деп атайды. Ақиқат діндегі халық олардың киелілігіне сенбесе де, оларды жын деп атаса да, олардың күшіне, жамандық жасайтынына сенеді. Демек, барлық ауру мен бақытсыздық жындардың жамандығы. Ал олардың да бақсы жындарына өзі емдеген адамына жамандық жасамауды өтіне алады. Десе де, әлі күнге дейін бақсылардың құдіреттілігі мен күшіне сенетіндер көп. Жындар үлкен, орташа, ұсақ болады, сондықтан бақсы мен олардың жасайтын кереметтері де әрқилы. Үлкендері барлық ауруларды жаза алады, қарынды тіледі, әйелдердің босануына болысып, албастыларды жынымен сескендіріп, қуалайды, ойындарымен өзінің жынын шақырып, бал ашады. Үлкен бақсылардың белгілері мынандай: ойын кезінде қылышты сабына дейін жұтады, қып қызыл қызған темірді жалайды, балтамен кеудесін шапқылайды. Осының бәрі ертедегі Қорқыт әулиеден мұра болып қалған қобыз бен сарын деп аталатын әнмен сүйемелденеді. Бақсылардың ойыны - жын шақыру. Ойын үстінде [бақсы] барған сайын есінен ауып, әбден шегіне жеткенде әл-дәрмені бітіп құлайды. Біраз уақыттан соң орнынан тұрып, есінен танып жатқанда жынының не дегенін айтады... Бұл - сәуегейлік. Кейбір [бақсылардың] ойын үстіне маңдайында, бетінде темір инелер пайда болып, тырнақтары пышаққа айналады. Жындардың адамдар секілді аттары болады, өз бақсыларына әйел, шал, қожа және сары қыз бейнелерінде көрінеді.

Балгерлер. Барлық бақсылар өздерінің бал ашу тәсілдері - қамшыны екі саусағының арасында..., тепе-теңдікте ұстап бал ашады. Бақсылардың бәрі балгерлер.

Жыны бар әйелдерді елті*11 деп атайды, олар да бақсы.

Жауырыншылар4 қойдың жауырынымен бал ашады, құмалақшылар5, құмалақтар ретпен қойылады, олардың саны қырық бір. Бұл екеуі жиі қолданылады. Құмалақпен бал ашуды Данияр пайғамбар6 қолданған деседі. Жауырынмен бал ашу жауырынды отқа қыздырғанда оған түскен белгі - сызықшаға негізделеді. Бақсылардың айтуынша, жауырын жеті халықтың тағдырын, патшаларды өлімін, өлім-жітімді... және  саяхатшылардың тағдырын көрсете алады.

Бақсылардың арасындағы мықтылары - күйдірілмеген жауырынмен бал ашатындары. Жауырын бал ашуға пайдаланылады, пісірген соң еті желінеді, бірақ тіс сүйекке тимеуі керек, жауырынды отқа тастағанда, жанында темір жатпауы тиіс. Құмалақшының бал ашқаны мен оны жауырыншының түсіндіргені жайлы анекдот.

Елті, негізінен, отқа май тастап, жалынның түсіне қарап бал ашады. Егер оттың жалыны ашық түсте болса, жақсылықтың нышаны, ал оттың жалыны қарақошқыл және қызыл болса, жамандықтың нышаны. Елті бал ашқан кезде, одан жындары таңғажайып қылықтар жасауды талап етеді. Елті үнемі су ішеді, бір шелек ішіп қояды немесе аузын толтырып насыбай атады.

Ауа райын болжайтындарды есепші деп атайды. Олардың тұжырымынша, ауа райы айналмалы құбылыста. Олар альфа саратаннан бастап есептейді, сәуір және зауза шоқжұлдызы, оның бірінші күні қарашаның бірінші күніне және қауыс шоқжұлдызына (тамыз) сәйкес келеді.

Бақсылардың атақтысы - бағаналы Қойлыбай, ол бақсылардың бақсысы. Балақай деген де бар, ол да бағаналы, қазіргі кезде Көкшетау округінде Шүмен бақсы бар. Көкаман мен Ер Шойлан - оның жындары. Ер Шойлан, басты жыны - Надыр Шолақ. [Қойлыбай] бір бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жердегі бір үлкен сексеуілге байлатып қойған деседі. Алыстан бәйгенің шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылыш алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет, бәйге жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады. Көп ұзамай, дауылдың ортасынан алғашқы аттар көрінгенде, бәрінің алдында үлкен тамырын қопарып, біресе тамырдың бір шеті, бірде бір шеті жерге тиіп, ұзын арқанын сүйреткен сексеуіл келеді. Бұл Қойлыбайдың қобызы еді. Шаңды дауыл мен жел оның жыны Көкаманның күші еді. Сөйтіп, Қойлыбай бас бәйгені алыпты.

Әйелдер босанғанда, Қойлыбай [келіп отырса], басатын албастылардың бірде бірі билей алмайды екен. Албастылар басқанда бөркін немесе қамшысын жіберсе болғаны, ол кетіп қалады екен. Осы күнге дейін халық арасында аңыз бар: Қойлыбайдың маңдайына әжім түскен кезде*12... оның перілерінің үлкені - Надыр-Шолақ, ал жындарының бастығы - Көкаман, шайтандардың бастығы Батыр Шойлан болған. Қойлыбай өзінің жындарын бұлжымас темір тәртіпте ұстапты. Олар үш күреннен*13 тұрады екен. Бақсыға қажет кезде жақсы қаруланған қол дайын тұрады-мыс.

Мұның бәрі де ел аузындағы аңыздар.

Бірде, Қойлыбайдың түсіне перілерінің бастығы Надыр-Шолақ келіп аян береді. Ол бірнеше күннен кейін бір әйел толғатқанда албастылардың патшасының өзі келеді, бақсының онда бармағаны жөн, себебі, адамдарға жақсылық жасаймыз деп, барлық ыбылыс, албастыларды өшіктіріп алдық, - депті. Ерте тұрған Қойлыбай, сөз арасында, жақын арада өте қатты толғақ болатынын айтыпты. Шынында да, екі күннен кейін Қойлыбайдан көмек сұрап, бір би шабарман жіберіпті. Қойлыбай барда, тікелей келген ажал мен тағдырдың жазмышынан басқадан аман болатынына ел сенетін-ді. Шабарман көңілді, үмітке толы келеді, сондықтан Қойлыбай қатты толғанады, бармаса, қайдағы бір әлсіз албастылардан сескенді деп, беделіне кір келеді, ал барайын десе Надыр-Шолақтың сөзін елемеген болады, өзіне қауіп төнеді. Бірақ қырғыздардың менмендігі ұстап, Қойлыбай жолға шығып, ауылға кісі шаптырып, ауыр толғатып жатқан қатынның үйі жанына екі жүз кісі жинап, үйдің есігі мен түндігін ашып қоюды бұйырады. Басшылары Көкаман мен Шойлан екі күрен жындардан қол алып, Қойлыбай қатерлі сапарға аттанады. Бірақ олармен бірге Надыр Шолақ болмайды. Ол өкпелеп, бармай қалған ды. Қойлыбай үйге жақындағанда ұрандап, жындарын шақыра айқайлап, қылышын оңды солды сермеп, ат матымен үйге кіріп қаһарын төге, шаңыраққа қарайды да, қылышын сермеп қалады. Қылыш шақ етіп, темірге тигендей болады... Қойлыбай атынан ұшып түседі, бақсының аузы мен құлағынан қарашоқшыл қан ағады. Толғатып жатқан қатын есінен танып құлайды. Қойлыбай шаңыраққа қарағанда, албастылардың қара сауыт киіп, бастан аяқ көк темір құрсанған патшасы маңдайындағы тостағандай жалғыз үлкен көзі жымыңдап: «Біз сені сыйлап, көп ерік бердік, ең болмаса бір рет бізге ерік бер!» дейді. Қолына жеңіс белгісі үлкен қызыл ту ұстаған. Шақ еткен оның сауытының дауысы еді. Албастылар патшасы Қойлыбайды жеңеді.

Қорыққан халықта ес түс қалмайды. Қойлыбай далада арам қатқан аттай жатып қалады. Үйді бір көк тұман басып, айқай шу елдің үрейін ұшырады. Бұл Қойлыбайдың жын-шайтандарынан құралған күрені мен албастылардың жалғыз көзді патшасының ғаламат шайқасы еді7. Албастының астындағы қара арғымақ ойнақ салып, ол нық тұрады. Кенет, алыстан қатты жел соғып, аспанда шатырлаған найзағай ойнап, бір үлкен қара бұлт жүйткіп кеп үйдің үстіне төнеді, айналаны қараңғылық басады, у шу үдей түседі, шатыр шұтыр қатты дыбыстар естіледі. Содан соң қара бұлт батысқа қарай жөңкіле жөнеледі. Бұл келіп кеткен Надыр Шолақ еді. Ол Қойлыбайдай сүйіктісінің қасіретіне шыдап жата алмапты. Қолдарына сауыт бұзар қарағай сапты шолақ найза ұстаған Надыр Шолақ таңдаулы жауынгерлерімен келіп, жалғыз көзді албастылар патшасының кеудесіне найзасын сүңгітеді. Албастылар қаша жөнеледі. Қара бұлт ашылғанда Қойлыбай орнынан атып тұрып: «Айналайын Надыр-Шолақ, құрбаның болайын! - деп айқайлап, қобызын тартады. Оны тірідей ұстап, маған алып кел!» - деп бар даусымен бұйырады. Осы кезде толғатқан қатын да өз-өзіне келіп: «Иншалла, тәуба!» дегенге тілі келеді. Албастылар күйрей жеңіліп, патшасы қол аяғы байланып Қойлыбайдың алдына әкелінеді. Бақсы оны қызметке алып, албастылардың бастығы қылады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2104
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2210
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625