Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 8563 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 13:52

ЕГІНШІЛІК ТУРАЛЫ

Ташкенттіктердің ықпалында бола тұрып, қайсақтар өздеріне соншалықты қажетті және бейбіт диқаншылық кәсібін үйренбеуі мүмкін емес еді1.

Қырғыздарда өз міндетіне мүлдем келмейтін жер жырту құрал-жабдықтарының дамымағанына қарамастан, Ұлы жүздің құнарлы топырағы диқанның еңбегін ақтап, тамаша өнім береді. Күнгей Алатау, Кіші Алатау, Алтын Емел және басқа тау басынан түсетін көптеген өзендер суы егістік алқабын құбырлармен және тоғандармен, басқаша айтқанда, Ресейге мүлдем белгісіз арықпен суару жүйесіне әбден қолайлы. Мұнда жазда жаңбыр өте аз жауады, ал маусымда 400R-ге жететін аптап ыстықта қырғыз-қайcақтардың егістігі арықтар арқылы суарылмаса күйіп кетер еді. Арықтар жер бедеріне сай өте ыңғайластырылған, сондықтан диқан-қайсақ еңбекқорлығы мен күш-жігерінің арқасында аптапқа қарамастан, өзінің тамаша суарылымы арықты пайдаланып, ғажап өнім ала алады.

Бастапқы кезде өз көзіңмен көрмейінше, арықтардың жота-қырларды кесіп өтіп, қандай биіктікке көтерілетініне сену қиын. Қырғыз-қайcақтың епті қолы өте терең жырадағы судан арық шығарып, бір шақырымнан кейін судың өз ағысымен жайлап ағып отыз сажын биіктікке көтерілгеніне сену қиын. Қаншалықты терең болмасын, оны жырадан алып шығу қайcаққа түк емес.

Ташкенттіктердің ықпалында бола тұрып, қайсақтар өздеріне соншалықты қажетті және бейбіт диқаншылық кәсібін үйренбеуі мүмкін емес еді1.

Қырғыздарда өз міндетіне мүлдем келмейтін жер жырту құрал-жабдықтарының дамымағанына қарамастан, Ұлы жүздің құнарлы топырағы диқанның еңбегін ақтап, тамаша өнім береді. Күнгей Алатау, Кіші Алатау, Алтын Емел және басқа тау басынан түсетін көптеген өзендер суы егістік алқабын құбырлармен және тоғандармен, басқаша айтқанда, Ресейге мүлдем белгісіз арықпен суару жүйесіне әбден қолайлы. Мұнда жазда жаңбыр өте аз жауады, ал маусымда 400R-ге жететін аптап ыстықта қырғыз-қайcақтардың егістігі арықтар арқылы суарылмаса күйіп кетер еді. Арықтар жер бедеріне сай өте ыңғайластырылған, сондықтан диқан-қайсақ еңбекқорлығы мен күш-жігерінің арқасында аптапқа қарамастан, өзінің тамаша суарылымы арықты пайдаланып, ғажап өнім ала алады.

Бастапқы кезде өз көзіңмен көрмейінше, арықтардың жота-қырларды кесіп өтіп, қандай биіктікке көтерілетініне сену қиын. Қырғыз-қайcақтың епті қолы өте терең жырадағы судан арық шығарып, бір шақырымнан кейін судың өз ағысымен жайлап ағып отыз сажын биіктікке көтерілгеніне сену қиын. Қаншалықты терең болмасын, оны жырадан алып шығу қайcаққа түк емес.

Топырақтың жұмсақтығы Сібірде қолданылатын соқаны талап етпейді. Егін шығады-ау деп үміттенетіндей мөлшерде жерді жырту үшін шағын темір болса жетіп жатыр. Соқаның темірі соқа дегеннен гөрі алып темір шеге деуге келіңкірейді. Ағашқа соқаның бір бөлігі ғана бекітіледі, ал жер екі өгізбен жыртылады. Соқаны біздің сібірлік казактар сияқты жасауды қырғыз-қайcақтар білмейді және өздеріне мүлдем таныс емес дөңгелектерден қорқады. Бұл құралдың суретін қоса беремін.

Ұлы жүзде көбіне тары егеді2, оны қырғыз-қайcақтар қыста сүт жоқ кезде пайдаланады. Мұнда Қытай бидайын егу жақын арада енгізілді3, бірақ біраз уақыттан бері қырғыздар, әсіресе дәулеттілері, күнкөрісіне жеткілікті мөлшерде ғана бидай себеді.

Жалпы диқаншылық Ұлы жүзде ХVII ғасырдың басындағы жаныс руының негізгі басшыларының бірі Байғабыл заманынан бастап пайда болды. Ол қырғыз-қайcақтар арасында өз елінен қашып келген қалмақтың көмегімен алғаш болып егін салды. Жаныс руы қазіргі күні де өздерін диқаншылықты үйренген бірінші ру деп санайды және өзгелерге қарағанда бұл кәсіппен көп шұғылданады.

Ұлы жүздің құрметті әрі қарт адамдарының айтуынша, бидай бұл жаққа егіншілікпен XVII ғасырдан таныс қара қырғыздар арқылы Қашқардан келген. Ұлы жүзде келесі тұқым түрлері белгілі: бидай, тары, күзде жылқыларды семіртуге пайдаланатын жүгері, соңғы кездері Қытайдан әкелінген жоңышқа, қарақұмық, бұршақ, зығыр, жасымық, жүгері және қытайлық күнжіт.

Қара бидай және мақта өсірумен кейбір дәулетті қазақтар шұғылданады, бірақ бұл өсімдіктер тәжірибе көрсеткендей, уақытында піспей, тамыз айында шыққа ұрынып, үсікке шалынып қалды.

Ташкенттен мұнда дөңгелексіз қарапайым диірмен жасау өнері жетті; қазақтардың арасында бұрыннан оларды жасау туралы түсінік бар, ал Алматы мен Талғар өзендері басталатын Үлкен Алатаудың шатқалынан табылған диірменнің екі тасы көне диірменнің бөлшектері екені даусыз.

Қайсақ орағы біраз иілген пышаққа көбірек ұқсас, жақсы шыққан өнімде бір қайсақ күніне 20-30 бау жасайды.

Астық бастыру өгіздің көмегімен жүргізіледі*1, олар күні бойы жерге жайылған астықты қуалай басады.

Қырман алдын ала су жіберіліп ылғалдандырылған, артынан құрғатылып тапталған жерде жасалады. Шамасына қарай қайсақ қырманға [белгілі шамада] өгіздерді жібереді, бірақ мен алтыдан аз болғанын көрмеппін.

Тапталған астық самал желдің көмегімен әдеттегідей еленеді. Егер жел соқпаса, қайсақтар бұрыннан қалыптасқан әдіске жүгінеді: біреуі астықты жоғарыға шашады, 2-3 не одан көп адам қаппен желпіп жел тұрғызады, солайша астық ұшырылып кептіріледі. Бірақ бұл басқа амал жоқ кезде, тағамға пайдаланатын ештеңе қалмағанда болатын сирек жағдай, әдетте қайсақ бұл арада уілдеп тұратын желдің соғуын сабырмен күтеді.

Өзіне қысқы азыққа қажет тары немесе өзге астық түрін есептеп алған қырғыз-қайcақ оны ауылға әкеледі, әйелі оның барлығын қабығынан тазартады. Бұл үшін тарыны [сәл уақыт] шойын қазанда қуырып, келіге түйеді, содан кейін тазаланған және қуырылған дәнді (сол үшін арнайы [жасалған] мықты жүн) қаптарға салады.

Тарының қалған бөлігін ұра қазып, соған көмеді, ол арада тары қыс бойы немесе керек болғанша жатады.

Бұл мақаланы шағын шолумен аяқтай отырып, Ұлы жүзде өзге жерлерге қарағанда бау-бақша өсіру ұғымы кеңірек дамығанын айтуға болады.

Жүзім, өрік, алма*2 және өзге жеміс ағаштарын өсіру қазақтарға, әрине, бұндай кәсіп жақсы дамыған Ташкенттен немесе Батыс Қытай провинциялары Құлжа мен Қашғар өлкелерінен келген.

Жеміс баптаумен қырғыз-қайcақтар жаңа айналыса бастады деп айтуға болмайды, онымен Ташкенттен келген, өздерін шала қазақпыз4 деп атайтын тегі ташкенттіктер келгеннен бері ғана қазақтар айналыса бастады деп айтуға болады. Қайсақтар оларға өздерінің бақшалары мен жерлерін беруге қуана келісіп, олардан бау-бақша күту өнерін үйренеді.

Бақша салу қайсақтар арасында дамыған деп айтуға болады. Ол да ташкенттіктерден келді. Бақшадағы танаптарды біздегідей қылып жасамайды, ұзындығы екі аршын, ені бір жарым аршын болатындай шағын қылып салады. Танаптарды суару егістіктегідей арықтардың көмегімен жүзеге асады, әр танапты иректеп аралап шығатын арықпен су жүгіртеді. Қияр мен қарбыз отырғызатын танаптарға көң төкпейді, оларды сәбіз бен бұршақ тәрізді қарапайым әдіспен отырғызады, айырмашылығы: қияр мен қарбызды сирек себеді.

Бақша тұқымдастарынан танымалы: ұзындығы он жеті қарыс болатын, пішіні түзу емес болып келетін қытай қияры. Оның ұрығы сирек піседі. Ол ұзын әрі жіңішке, біздің қиярлардай дәмді емес. Қауындар Ташкент, Яркенд, Қоқаннан келеді, олар өте дәмді және өте үлкен, асқабақ пішіндес. Қарбыздар да дәмді, олардың тұқымы Ташкент пен Қытайдан әкелінеді. Мен бұл жақтан алқызыл қарбыздарды көрмедім. Олар өте дәмді, қантты, сарғылт түсті және салмағы 15-тен 45 фунтқа жетеді. Көлемі өте үлкен және қатты қабығымен ол да асқабаққа ұқсайды.

Өзге тұқымдардан белгілісі: үлкен бөтелкеге ұқсайтын қытай асқабағы, бұл асқабақтың мойыны ұзын, қырғыз-қайcақтар оны сұйық құятын ыдыс ретінде пайдаланады, бұршақ, сары сәбіз, шомыр, қытай темекісі және көптеген басқа дақылдар.

Мен бұл жерде астық өсіретін диқандар мен бау-бақша салып, таңнан кешке дейін жаз бойы еңбектенетін қырғыз-қайcақтар туралы бір ауыз сөз айтуды артық санамаймын.

Егінші - дамыл таппай күні-түні жұмыс істейтін еңбекші. Күндіз ол алқапта жүріп, торғайларды қуалайды, түнде өзінің егістігі мен бақшасын малдан қориды. Ол ешқашанда жалаңаш тәнін жасырмайды, оның денесі жаздың ыстық аптабынан адам айтқысыз қарайып күйіп, қатайып кетеді.

Оның тамағы ауылда ішкен асынан әлдеқайда нашар, күніне диқан екі кесе айранды қанағат етеді, басқа шайнамасы жоқ.

Арықпен егістікті суғара жүріп, ол егіндікті темір күрек немесе кетпенмен аралайды, оның міндеті барлық жүлгелерді тұтас, бірдей суғару, су жүрмеген атыздарға үлкен төзіммен күрекпен су шашады. Ол мұндай төзімділікті қытайлардан үйренген бе деп таңданасың.

Оның жазғы еңбегі астық бастырылып, қапқа салынып, ауылға әкелінгенде аяқталған болып саналады. Тек қыркүйекте ғана бұл байғұс диқан жаздағы бейнетті ұмытып, тыныш ұйықтайды.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2111
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2523
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1626