Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2096 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 10:41

Корея үкіметі Шығыс Қазақстанның денсаулық сақтау саласына көмек көрсетіп жатыр

Өскемен. 3 маусым. ҚазТАГ – Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Кореяның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігімен Семей қаласындағы аймақтық онкологиялық  диспансерге медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу туралы келісімге қол қойды. Жеткізілетін жабдықтардың ішінде жалпы құны 2 млн АҚШ доллары болатын жылжымалы маммограф, УДЗ аппараты, эндоскопиялық аппараттар, компьютерлік томограф және басқа да медтехника бар. Бұған қоса, аймақтағы 20 медициналық қызметкер тәжірибе жинақтау үшін Корея Республикасының алдыңғы қатарлы медициналық орталықтарына аттанады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2008 жылдың мамырында Корея Республикасы премьер-министрінің біздің елімізге жасаған сапарының қорытындысы бойынша Корея жағы бірқатар гранттар ұсынған болатын, соның ішінде медициналық көмекті жақсартуға қатысты гранттар да болды. Корея мамандары Семей қаласындағы онкодиспансерді қайта жарақтау жобасына қызығушылық танытты.

Кореяның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі сарапшылар тобы аталған емдеу мекемесін аралап, оның жұмысымен, жарақталуымен танысып, биылғы жылдың қаңтарында жобаны қаржыландыру ниеттерін қуаттады.

Аймақ басшысы Корея өкілдеріне медициналық көмек сапасын жақсартуға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.  Кореяның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің делегациясы өз кезегінде бұл бағыттағы жұмысты ары қарай жалғастыру ниеттерін қуаттады.

0 пікір