Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3343 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 13:56

Профессор И. Н. Березинге1 хат

Сіздің Хан жарлығы және Шығыс тарихшыларының кітапханасы басылымдарыңызды оқып және өзімнің бұрынғы ұстазым Николай Федорович Костылецкийден2 сіздің қырғыз тілінен Тоқтамыс жарлығындағы3 қазір татар тілінде қолданылмайтын кейбір сөздердің мағынасын іздеу жайлы өтінішіңізді естіп, қарт қырғыздардан сұрап, тілімізден [біраз] сөздің мағынасын таптым, соны сізге жіберуге асығып отырмын.

Сіздің Тоқтамыстың Ягайлоға4 жазған жарлығын және Темір Құтлық5 пен Саадат Гирей6 тархандық жарлықтарына жасаған аудармаңызды оқып мен қазірде Орта жүз қырғыздары қолданатын бірнеше сөзді таптым, сізге сол сөздердің біздің халық арасындағы қазіргі мағыналарын жеткізуді шештім. Егер менің түсіндірмелерім сізге сәл де болса [септігін тигізсе], мақсатымның орындалғаны.

Сіздің Хан жарлығы және Шығыс тарихшыларының кітапханасы басылымдарыңызды оқып және өзімнің бұрынғы ұстазым Николай Федорович Костылецкийден2 сіздің қырғыз тілінен Тоқтамыс жарлығындағы3 қазір татар тілінде қолданылмайтын кейбір сөздердің мағынасын іздеу жайлы өтінішіңізді естіп, қарт қырғыздардан сұрап, тілімізден [біраз] сөздің мағынасын таптым, соны сізге жіберуге асығып отырмын.

Сіздің Тоқтамыстың Ягайлоға4 жазған жарлығын және Темір Құтлық5 пен Саадат Гирей6 тархандық жарлықтарына жасаған аудармаңызды оқып мен қазірде Орта жүз қырғыздары қолданатын бірнеше сөзді таптым, сізге сол сөздердің біздің халық арасындағы қазіргі мағыналарын жеткізуді шештім. Егер менің түсіндірмелерім сізге сәл де болса [септігін тигізсе], мақсатымның орындалғаны.

[Аңыз бойынша] қырғыздар өздерін Алтын Орда7 татарларының ұрпағымыз деп санайды, ол қаһармандық поэма-жырларда نوغايلي ننك اوز يورت*1 деп аталады, ал олардың Алтын Орда ноғайлары поэмалары қаһармандарының бірі - Едіге8, оның Әмір Темірге9 бас сауғалауы және одан қуылуы. Тоқтамыс туралы [жыр] көлемді және сүйікті [поэмалардың] бірі, (оның моласы Ұлытау тауында); [қарауыл] руынан шыққан Орақ мырза10, Ер Көкше мен Ер Қосай11 - [Алтын] Орда кезеңінің батырлары, олардың поэмаларының негізгі қаһармандары*2. Мен жинастырып жүрген барлық мәліметтер, егер*3 бірақ өздері қуаттайды*4 қазақ халқы (біз өзімізді солай атаймыз) Фирдоуси12 жазған көне халық емес, ол Бердібектің13 қазасынан кейін басталған Алтын Ордадағы өзара қақтығыс кезінде түрлі түркі және монғол тайпаларының одағынан құралған халық екенін дәлелдейді. Батыйдың әр ұрпағы хан болғысы және өз халқына ие болғысы келді: Қырым, Қазан хандықтары, шейбанилер мен қазақтардың*5 - Шорайғақ ордасы құрылды деп ойлаймын. Қазақтардың шығуы туралы аңыздар тарақ-тамғалы14 жалайыр руынан шыққан Ұлы жүз қырғызы жазған جامع التواريخ және сіздің Шейбани-наме15 туралы жұмысыңызбен дәлелденеді. Автор өзі туралы:

بو تواريخ*6 قه اوراز محمد خان حضرتـلرى ننك اتا اناسـيدين قوللوق قـيلا كـیلگان جـلایر تراق تمغالی ایردی؛ جـنكز نامه كتابـیدیـن فارس تـیلـیندیـن [ترك تیلیگه اوكوردی. قایوسن سونك زماندا بولغان لارني اوز استنباطيندين تصنيف

قيلدي]*7 дейді.

Қырғыз сұлтаны Ораз-Мұхаммедтің16 ата-анасы оны балалары Ораз-Мұхаммедке қызмет етуге жіберген болатын (С. 50, ч. II. История. Описание киргиз-кайсацких орд и степей, Левшин17); Сібір жазбаларында ол қазақ сұлтаны деп аталады (Қараңыз: «Сибирские летописи», П. И. Небольсин18 мақалаларына қосымша; «Покорение Сибири». СПб, 1849; Отеч. Записки, 1848; том LX, LXI, кн. октября, ноября и декабря).

[Онда былай деп жазылған:] «На наипозех днях князь Сейдақ19 изыде из града Сибири20 с ним же царевич Казачьей Орды Солтан21, да царя Кучюма22 думный карача23, с ним же воинских людей 500 человек; доидоша же до места, иже именуется Княжей Луг, и начаша пущати ястребы за птицами» (Летопись Саввы Есипова)24.

Ораз Мұхаммед ханның جامع التواريخ тағы ата-баба шежіресі (140-145-бб. داستان اوراز محمد خان بن اوندان)*8 осында шекаралық басқарушы жинаған қырғыз сұлтандарының шежіресімен дәл келеді. Дәлел үшін келтірсек:

 

Қазақ сұлтандарының шежіресі

Орыс хан

Қойрұшық*9

Барақ-хан

әз-Жәнібек

Батыр  Қасым   Қамбар  Сүйік Жадық Тоқташық  Жабай  Торсын*10

↓                         ↓

Одан Кіші жүз сұлтандары мен хандары тарайды

Шығай-хан

                                                   ↓

Тәуекел-хан    Есім-хан*11   Ондан сұлтан

Ержүрек деген

атаққа ие болған

Кайнар-Күшік*12 Ораз-Мұхаммед

одан                        ↓

[Қайып Құдайменде Жәңгір

Тәуке]   Бөкей-сұлтан   Даир

Құдайменде

Тұрсын

Күшік       Барақ

 

Иоанн патшаның 1569 жылы ноғайларға жіберген елшісі олардың ұлыстарына25 Ақназар26 патшаның Қазақ ордасы мен Шығай27 сұлтанның және Шелім ханзаданың жасаған шабуылдары туралы айтады. «Жылнамалар жинағы» جامع التواريخ бойынша Ақназар Қасымның ұлы28, Шығай Жәдіктің ұлы29, Жәдік пен Қасым Жәнібектің30 балалары, бірақ онда Шелім деген ат жоқ, Тугум емес пе? Ақназардың 1556 жылы башқұрттарды ығыстырғаны белгілі. 1556-59 жылдары Бұхарада болған ағылшын Дженкинсон31 ташкенттіктердің казактармен*13 соғысын баяндайды. Ол Бұрындық32 пен Шейбани ханның33 соғысы болар?

Ораз Мұхаммедтің Касимов ханы болып сайлануын жазған جامع التواريخ авторы хан тағын сипаттай отырып, оң және сол қолдар туралы айтады. ميسره (майсара) жақтан екі бек көрсетілген - біреуі арғын, екіншісі қыпшақ*14 руынан, сол жақтан (ميمنه - маймана)34 жалайыр Қадырғали бек35 пен маңғыт руынан Саманай бек.

Өзі жалайырдан36 шыққан автор бұл тайпа туралы егжей-тегжейлі баяндап, оның шығуын Оғыз хан37 кезінен бастайды, кітаптың соңында [Шыңғысханнан Қадырғалиға дейін*15 өз руының шежіресін таратады].

Барлық жарлықтарда Алтын Орда اولوغ اولوس*16 деп аталады, ал түркі тарихшылары мен халық аңыздарында ол тұтас ел мен халықтың [бір бөлігі] дегенді білдіреді және ешқашанда орда деп аталмайды, қырғыздар*17: نوغايلي ننك اوز يورت дейді, мұнда اولوغ اولوس ауыр киіз үймен алмастырылады. Менің ойымша, орда اوردو сөзі Алтын Орда кезінде де осы мағынасында қолданылған, қазіргі қырғыз, қалмақтардағыдай және жалпы мағынасында ханның астанасы, ал тар мағынасында хан қонысы деген мағына берген. Алтын Орда - хан отырған алтын шатыр немесе киіз үй, кейіннен ол хандар өмір сүрген барлық қалалық мекендердің атауына айналып кетті. Сондықтан Ақ Орда, Көк орда, Сары Орда сөздерін ұлыс пен киіз үйдің атауы емес, ханның резиденциясы, негізгі мекені деп қабылдау керек. Бұл жарлықты жіберген кезде, Тоқтамыс хаттан байқалғандай, Донның бойындағы жаз жайлауына қоныстанып, киіз үйде тұрған деп бағамдаймын. Түпнұсқада және қазіргі аудармада «орда» мынандай мағына береді: біріншіден اوردو دان دا - Дон бойындағы орда, екіншіден: жарлық Дон сағасындағы Ордада жазылған. Және сөздің өзі қазіргі аудармада: «давали выход белой орде, те нам наше даише»*18 деген сөйлем ақ орда - ханның ордасы, яғни, биліктің бәрі шоғырланған, барлық салық жиылатын жалғыз жер екенін көрсетеді. «Те нам наше даише» барлық салықтар ханның өзіне тиесілі екенін байқатады, себебі хандар үздіксіз ауысып, хан мен орда деген сөздер бір мағынаға ие боп кеткен. Менің шамалауымша, оларда ортақ атау болмаған, әр тайпа өз атауын сақтап қалған. Мысалы: қоңыраттар38, наймандар39, қыпшақтар40 және т.б. (қараңыз: جامع التواريخ).

جامع التواريخ-та орыс тіліндегі «Золотая Орда» اديل جايق-қа*19 сәйкес келеді, Еділ ұлысын белгілеу үшін Көк орда, Көк теңіз немесе тіпті Сыр-Куван дейді.

Қара құм قـراقوم қазіргі аударма сөзінен: маған Ақсақ Темір қарсы шықты - Қарақұмдық Ақсақ Темір.

Қарақұм құмдары қырғыз даласындағы Сырдария өзені сағасы мен Сарысу өзені аралығын алып жатыр. Орталық Азиядан Орынбор, Троицк және Гурьевке апаратын барлық жолдар сол арқылы өтеді.

توتمق [тутмак] етістігі қырғыздарда дәл осы арадағыдай қолданылады. Олар «жазамын» дегеннің орнына, хабарлаймын توتتوم - ұстаймын дейді.

اونك قول، سول قول*20 деп бөліну қара қырғыздарда қазірде де бар - оң қырғыз және сол қырғыз. Біріншісінің негізгі өкілі - бұғу тайпасы, екіншісінікі - солту. جامع التواريخ оң қол мен сол қолға бөлу тарихын ежелден таратады. Оғыз ханның алты ұлы, алты түркі тайпаларының басы мынандай тәртіппен оң және сол қанаттарды басқарған (جامع التواريخ қараңыз, 14 бет):

*21دست راست            *22دست چب

(اونك قول)            (سول قول)

كونخانايخانكوكخانتاقخان

قائيي بايات      يازر دوكار     ایدور، پچنه    سالور ایمور

القراولی،    دوردرغه، یاپارلی    جاولدور، چش    الایونتلی

قراولی                        اوكوز

 

 

یولدوزخاندینكیزخان

اوشر، قـریـق، بـكدلی، قارقـین          یندو، یكـدر بوكدور قـنیق

Бұл арада тайпалар үнемі екі қанатқа бөлінген және әр қанаттың өз арьергарды болғаны көрініп тұр.

[Және әлі күнге дейін] Шығыс пен Бұхарада бектер өздері шыққан ру-тегіне қарай патша тағының оң және сол жағынан орын алады, бұл үшін бектер арасында үнемі дау туып жатады. Бұл орыстардағы  местничество сияқты.

جامع التواريخ [авторы] Ораз Мұхаммедтің Касимовтағы тағын суреттей келе میسره، میمنه - оң және сол қолдар орналасқан тақтың жобасын беріп, онда [оң] میمنه және [сол] میسره қанаттарда орын алған бектердің есімдерін келтіреді. Орыс хан кезіндегі жалайыр бектерінің беделі мен абыройын дәлелдеу үшін ол олардың тақтың сол жақтағы [ميسره] орнын көрсетеді. Автордың баяндауынша, жалайырлар الاچ منكی اراسندا41 арасында мықтысы, сол қол, ал 200 адамнан құралған қаңлылар оң қанатта. Бұл Жошы ұлысынан құралған халықта сол қанат құрметті әрі сыйлы болғанын дәлелдейді.

Бірақ, Алтын Орданың саяси құрылымы осындай болды деген еш мәлімет болмағандықтан, Темір Құтлықтың оң және сол қанаттағы ұландарға арналған жарлығын میسره жақтағы және میمنه жақтағы ұландарға арналған деп түсінуге болады.

[Енді Тоқтамыстың Ягайлоға*23 жазған жарлығында кездесетін біраз сөз туралы].

تیلانمك тілеу және تیلانچی қайыршы сияқты тілену етістіктері; одан تيلاماك тіленші, яғни, қайыршы. [Жарлықта айтылған]: олардың опасыз өтінішімен алдыға келді.

28. قيغان يدا ге42 келсек, мен мұндай сөзді білмеймін және татар (Сібір) тілінде де, қырғыз [тілінде] де кездестірген емеспін, демек оның бар екені күмәнді. Қырғыздарда قيماق сөзі бар - аяусыз, ықылассыз қалдыру. قـيغاننك مو چـننك منان مني - Қиғаның ба шынымен мені? - деп күйеуі өлген қырғыз әйелі бетін жыртып дауыс салады.

تيرباماك43 - қырғыздарда үздіксіз тербеу және көп жағдайларда бесік тербеу деген мағынада көп қолданылады بالا تيرباتمك.

تاربيب كيتماك - бөліну, ыдырау. توزماق - халықтың жанталасып қашуын білдіреді, بوسماق сөзі сияқты.

تارپمق - тарпу. Жылқы туралы сөз болғанда бұл етістікті қолданбайды (міндетті түрде تـیـپمك тепмек етістігін қолдану керек).

34. «Мунганалды» сөзін қанша күш салып іздегеніммен, қырғыздар арасынан таппадым. Олар құлды татарлар секілді قول [құл] деп атайды, бірақ қалмақтар сияқты құлдарды әскери құлдарға اولجالاسقان قول бөледі, немесе көбірек қолданылатын сөз жесір, жетім. Біздің قزاق [қазақ] сияқты күштілердің құқы өктем халықта туыссыз, әлсіз адамдар жеке бостандығына ие бола алмай, сұлтан мен билердің құлына44 айналған, осыдан келіп جتیم - құл мағынасындағы сөз шығуы мүмкін. Тіпті, مونغانالدی ға45 ұқсас сөзді мен банзаровтық монханиулдан да таппадым. مـونكلـق деген етістік бар, одан مونكلی - мұңды, қайғылы, مونك - мұң сөзі قایغولی، قایغو - қайғы сөзімен бір мағынада. Мен мұны  қара қырғыздардан сұрап көрем, тапсам, міндетті түрде сізге хабар  берем.

اولجا - барымташылар тілінде олжа, одан اولجالاس - олжаласу шығады.

بسه - монғолдық бяся тағы.

Енисей губерниясында түркі тілінде (көбіне) қарағастар - қаңғыма бөтен тайпа сөйлейді. Бұл халықтың тілінде ақша - мунган, ал күміс - ақ мунган деп аталады. Бәлкім, бұл сөздің басқа мағынасы болған және бар шығар. Мунгимо тунгустарда алтын, славян тілімен салыстырғанда, ақша деген мағынаға келеді. Кейінгі кезде «ақ» сын есімі - мұны дәлелдейді, ол мунган сөзімен тіркеспей-ақ ақша немесе күміс мағынасында қолданыла береді. Банзаровтық монханиул бэдэргеге қатысты, ол - сатып алынған емес, бағынышты құл. «Бізге Құдай рахым етті: бізге өштескен бектер мен ұландарды біздің билігімізге сатты, яғни толық біздің билігімізге қаратты» (Қараңыз: Вестник Императорского Русского географического общества, 1854  книжка VI).

39. Неге بازارگان46 Тоқтамыстың көтерме саудагерлері мағынасын беруі керек екенін түсінбедім? اورتاق47 меніңше, топтың бір бөлігі, тұтас қауым емес; бұл мағынада ол اورتاقچی болар еді және ілік септігінің жалғауы نك көшірмешінің қатесінен ن орнында тұр, себебі نك жалғауы بازارگان көпестерді де, اورتاق ты да Ягайло тобы етеді, ал одан кейінгі يوروش سونلار «жүре берсін» іс-әрекеттің (немесе қарым-қатынастың) ортақтығын білдіреді. Егер بازارگان اورتاقلارین داخی یوروش سونلار деп оқыса, «бұрынғы тәртіп бойынша біздің көтерме саудагерлер немесе біздің топ өз қалауынша қыдырсын», қазіргі аудармада: «қонақтар бір-бірімен топ құрсын», сонда аудармасы: «қонақтарға жол ашық, сіздің де, біздің де саудагерлер еркін жүрсін».

[Темір Құтлықтың жарлығына қатысты], تومان ادكو باشلیق неге түмен басы Едіге деп оқымасқа, себебі تومان باشلیق - түмен басы, باشلیق ты қазіргі күні Сібір татарлары мен қырғыздар негізгі басшы мағынасында қолданады. Кез-келген орыс шенеунігі оларда бастық деп аталады. Тоқтамыстың Ягайло мен Темір Құтлыққа арнаған екі жарлығында бұл сөз бас уәзір, жақын адам немесе орыстың «темник» сөзі мағынасында қолданылған, сонда تومان بكی، تومان باشلیق، تومان باشلی түмен басы дегенді білдіреді. Хан қасындағы жоғарғы лауазым иесі. Меніңше, Жошы ұлысында көшпенді орда болғандықтан, тек хан маңындағы, әрдайым ханға керекті болған аз топ بارسچی، قوشچی، یساول мен өзге шендер: даруга, баскаки, бітікті, тамғашы, тартнақшы, т. б. дан*24 өзге, ешқашан дұрыс әкімшілік құрылым мен тұрақты шен болған емес (қараңыз: 11 б. Хан жарлықтары, ІІІ). Оғландар, ханзадалар, хан тұқымдары болды. Ру-тайпа өкілдері - бектер мен билер болды. Шыңғыс ханға дейін монғолдың әр ру, тайпасының өз ханы болды, барлық тайпаларды қол астына біріктірген Шыңғысхан кейбірі, тіпті бектерге айналған хандардың маңызын мүлдем жоймады, керісінше, олардың күштілерімен туысқан болып, олардың рулық құқығын қолдап отырды, мысалы: қоңырат, жалайыр және т. б. (қараңыз: Әбілғазы*25.Шейбанинаме, جامع التواريخ). Өзге бағынған халықтарға да оның осындай ұстанымда болғаны күмәнсіз. Демек, ұландар мен бектер шен емес, тегіне қарай берілетін дәреже.

Ұландарды ұлы, орта және кіші болып бөлуін Мәуреннахр мемлекеттерінде әлі күнге дейін хан жарлықтарын халыққа жариялағанда اولوغ كچوك لارغه, яғни, ұлы және кішілер деп жазылады, онда қажет болған жағдайда жиылып, اونك оң және سول [сол]*26 қанаттарға тұратын әскер қолбасшыларының жасын меңзейді. Бұл бектердің біреуі немесе екеуі үнемі хан жанында болған, атап айтқанда, уәзір қызметінде болып, ұлысты министр [ретінде] басқарған немесе біреуі امراء بك болды, келесісі дәрежесіне қарай болыстарды басқарды... Әртүрлі болжам жасауға болады: бірінші жағдайда اولوغ امراء بك, екіншісінде - تومان باشلی түмен басы. Тоқтамыс қызметіндегі Құтлубұға48, Асан; Темір Құтлық пен оның мұрагерлеріне қызмет еткен Едіге сондай адам (қараңыз: جامع التواريخ). Тоқтағу ханнан бастап уақытша билікке келгендердің барлығы اولوغ امراء بك деп аталды (جامع التواريخ  бетті қараңыз, داستان اوروس خان бөлімі). Ұлыстық және иелік бектері сондай болған. Меніңше, ұлыс бегі, ел бегі اولوس بكي, ايل بكي49 дәрежені білдірген әр түрлі сөздер, өйткені اولوس ұлыс және ايل ел бір мағынаны білдіруі керек, ұлыс деген сөзді ايل деп түсінуге болады, себебі осы [адам]بك *27 соғыста өз адамдарын басқарды, басқарылатын نفر50 санына қарай мыңбасы, жүзбасы, онбасы, толық жауынгер деп аталды, қандай да бір қаланы басқарса, қалабасы деп аталды.

[Машайық сөзі туралы]. Қырғыз даласында стан немесе там деп аталатын мола, тас мешіттер көп, олар соны қалаған немесе сонда жерленген адамдардың есімімен аталады. Мұндай жерлер әулие немесе машайық деп аталады. Бұл тамдар зиярат*28 етуге арналған, адамдар бұл әулие, машайықтарға өз халқының қамқоршысы ретінде қарайды, т.б.يا سيرنينك قرق مشايخ, يا جان انا *29.

Бақауыл сөзі қырда әлі де қолданылады. Қырғыз [-кайсақтарда] ازغانه اسقا بوكاول بولما, ازغانه ايلگا بك بولما*30 деген мәтел бар, мұнда бақауыл ас таратушы деген мағынада. بوكامك етістігі қазақтарда көп қолданылады және бөгеу, тоқтату(توقتاتمق)  дегенді білдіреді. Одан بوكاو - бөгеу, بوكاو سالماق - [бөген салу, тоған жасау, бөгет құру], т.б.

Қырғыз [қазақ] тілінде сақталған кей сөздердің мағынасын жеткізе отырып, осы түсініктемелердің арасына өз болжамдарымды қосқаным үшін кешірім өтінем. Егер бұл хат сіздің назарыңызға тұрса, онда يساول قاراول51 жырын жеткізуге асықпын.

Қазақ халқы туралы мәліметтерді жинаумен айналыса жүріп*31, шығыс тарихшыларының шығармаларын оқып-талдауда қазақ52 сөзі туралы, қазақшылық قزاقـلـقدا53 немесе қазақ халқы туралы әлдеқандай мәліметтер кездестіре қалсаңыз, маған хабарлауыңызды Сізден көптен-көп өтініш етем. Бұл үшін Сізге көп қарыздар болар едім. Осы орайда өте маңызды Әбілғазы54 тарихы (Румянцев баспасы) мен өзіңіздің Шейбаниадаңыз және جامع التواريخ тан басқа еш дерекке қол жеткізе алмағандықтан, Левшиннің «Қазақ ордалары сипаттамаларындағы» үзінділерін тексеруге ешқандай дерек таппадым. Араб тарихшыларының жазбаларында, менің ойымша, қазақтар туралы ештеңе жоқ, себебі бұл халық XIV ғасырда55 Жошы ұлысы ыдыраған соң қалыптасқанына сенімдімін. Левшиннің тарихынан көрініп тұрғандай, Катиб Челеби56 татар қазақтары туралы жазады. Бұл географтың қай кезде өмір сүргенін біліп, бұл мәліметпен түрік тілінде танысқым келеді.

Magazin Asiatique де Клапрот57 Дай-Цин-И-Тун-Чжидің58 Қытай географиясындағы қырғыз-қайсақ туралы сипаттамасының аудармасын басты, бірақ, өкінішке қарай, ол журналды бұл жақта таппайсың. Левшин біздің танымал шығыстанушы Сенковскийдің59 дәлелін негізге алып, Фирдоусидің Рүстем дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтады дейді: 42 бетте, Левшин Сенковскийдің сөзін келтіреді: «Бұл халық өте» және т.б. бірақ, бір қызығы олар қазақ халқын Шыңғысханға дейін және Шыңғыс тайпаларына дейін қайдан көріпті? Қалай болғанда да, Әбілғазы, Шейбани-наме, جامع التواريخ сол кездегі қазақтар туралы айтпайды, тіпті, قزاقـلـق دا-тан бастап, Шейбани хан кезінде қолданылған сөзді қолданбайды. Өзінің «Жазбаларында» Бабыр60 400 000 әскері бар қазақ ханы Арслан туралы айтады. Осынау билеуші-жазушы жазбаларының осы жердегі мәтіні қызығушылық туғызады. Олар туралы Темірдің немесе оның тарихшыларының жазбаларында ештеңе жоқ па екен?

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624