Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
46 - сөз 4065 1 пікір 13 Маусым, 2017 сағат 09:22

Басшылар

Былтыр бір мекеме басшысы ауызашарға шақырған. Дастархан басында мекеме қызметкерлерінен бөлек үш-төрт ақсақал және басқа да сыйлы кісілер отырды.

Ең соңында сөз алған басшы былай деді:

- Осы мекемеге басшы болып келгеніме бір жылдан асты. Алғаш келгенімде шошып кеттім... Мына ғимарат атқора боп кетіпті. Адам кіріп болмайды...

Мына сөзді естіп мен шошып кеттім. Өйткені мекеме басшысының қасында егде тартқан орынбасары отырған. Оған дейінгі бастық сол болатын. Оның түрі лезде бұзылып сала берді. Бірақ, мекеме басшысы оны кеш аңғарды. Тілі жеткенше жамандап, бұған дейінгі тірліктің бәрін түкке алғысыз еткен ол енді орынбасарына әзілдегенсіп жуып-шаймақ болып еді, ананың қабағы жазыла қоймады.

Өткен аптада Таразға барғанымда сол мекемеге тағы да ауызашарға шақырылдым. Бардым. Мекеменің басшысы өзгеріпті. Бұрынғы басшылық командасымен кеткен көрінеді.

Ауызашардан кейін жаңа басшы мекемені аралатып көрсетіп жүріп, қаға берісте былай деді:

- Ойпырмай, мына ғимарат іші мүлдем бығып кетіпті... Бүкіл қызметкерлерімді жұмыстан кейін қалдырып, жабылып жүріп, әрең деген де тазаладық. Бұрынғы басшылық қайда қарап отырғандарын білмедім...

Осыдан кейін кез-келген мекемеде басшы ауысқан сайын осындай әңгіме айтылады-ау деп қалдым.

Оралхан Дәуіт

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1835
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1858
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1561
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1439