Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 12670 13 пікір 12 Маусым, 2017 сағат 13:35

Карта ойыны: қытайдың көздегені қандай көзір?

Қытай тарихшылары Қазақстанның жарты жерін Қытайға қосып жіберіпті. Иә, бұл мәселе қазақ тарихшыларының тарапынан бірнеше рет наразылыққа ұшырағанымен  күні бүгінге дейін әлгі карталар Қытай оқулықтарында бар көрінеді. "Тengrinews.kz" ақпаратында солай деп жазылған.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Шығыстану институтының жетекшісі Меруерт Әбусейітова сұхбат беріп, Қытай тарихшыларының қазақ жерін "жаулап алған" картасы әлі жойылмағанын айтыпты.

Бұл оқулықтар (Қазақстанды Қытайға қосып жіберген тарихи оқулықтар - ред.) Қазақстан Тәуелсіздік алмай тұрып жарық көрген. Қазір олар қарастырып жатыр.

"Бұл оқулықтар (Қазақстанды Қытайға қосып жіберген тарихи оқулықтар - ред.) Қазақстан Тәуелсіздік алмай тұрып жарық көрген. Қазір олар қарастырып жатыр. Біз олармен кездескенде біздің де, олардың да оқулықтарында бірдей, географиялық картаның обьективті әрі бұрмаланбай көрсетілуін, шекараның дұрыс көрсетілуін және тарихи көзқарастың шынайы берілуін талап етеміз", - депті Меруерт ханым.

Министрлік жанынан ашылған Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекшісі Меруерт ханым Әбусейітованың айтқандарына қарап мынаны түйдік.

Әуелі, Қазақстан Сәбет одағының құрамында болған тұста-ақ, Қытай тарихшылары Қазақстанға саяси аннексияны бастап кеткен көрінеді. Себебі, оқулықтардағы жағрапиялық картада Қазақстан жері Қытайдың аумағына кіріп кеткен.

Қазақстан күйреген КСРО-дан бір жола кетіп, Тәулісіз ел атанғалы 26 жыл өтсе де, қытай тарихшылары мен ҚХР идеологиясы бәріне көз жұмып қарап отырған сияқты. Қытай тарихшыларының саяси сауатсыз әрі әпербақандықпен сызылған картасы оқулықтарда әлі күнге бар екен. Бұл нені білдіреді?

Мен Қазақстанға келгенде, "Пекин" қонақ үйіне орналастым. Ол жерде өзімді өз үйімде жүргендей сезінемін

Біз Қытаймен қоян-қолтық жұмыс жасап, әріптестік орнатып отырған  елміз дейміз. Күні кеше ғана Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитін өткізіп, ұйымға мүше елдердің президенттерін қабылдадық. Ол жиынның бас қонағы тағы Си Цзиньпин болды.

Астананың қақ төріндегі Қытай қонақ үйінде жатқан Си Цзиньпин былай деді: "Мен Қазақстанға келгенде, "Пекин" қонақ үйіне орналастым. Ол жерде өзімді өз үйімде жүргендей сезінемін".

Қытай компартиясының әм халқының төрағасы бұл сөзімен нені меңзеді?

Біз ше? Біз "Қытайды сенімді досымыз" деп дәріптейміз. Шекарамыз шектесіп жатқан Құдайы көршіміз деп білеміз. Сөйтеміз де, Қытайдың 51 өндірістік кәсіпорынын елімізге көшіреміз.

Оған қоса, Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев сүйінші сұрап, Қазақстан мұнайының 25 пайызын Қытай өндіретін айтты.

Қытайлық әм қазақстандық БАҚ Си Цзиньпиннің Қазақстанға келуін тарихи сәтке балап, екі елдің достығы туралы көлдей мақалалар жариялай бастады. Рас, Президент Назарбаев пен Қытай төрағасы өзара 15 рет кездесіпті. Бұл сирек кездесетін жағдай. Соның ішінде Си Цзиньпин Қазақстанға 3 рет келген. Назарбаев пен Цзиньпин арасындағы жылы қарым-қатынасты жұрт 2016 жылы әсіресе байқап қалғанға ұқсайды. G20 саммитіне барған Президент Назарбаев Қытай төрағасымен қайта-қайта құшақтасқан екен. Оның үстіне Нұлсұлтан Назарбаев Қытайдың үш төрағасымен де тіл табысқан еді. Әуелі Цзян Цзэмин, сосын Ху Цзиньтао, енді  Си Цзиньпин.

Е, айтпақшы, Си Цзиньпиннің әкесі Си Чжуньсун Қытай компартиясы орталық комитетінің солтүстік-батыс бөлімін басқарып тұрғанда Ақсай-қазақ автономдық уезінің қазақтарымен жақсы қарым-қатынаста болыпты. Содан екен, Си Цзиньпиннің қазақтарға ықыласы ауып тұратыны. 

ҚХР төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келердің алдында баспасөзде осындай бір әңгіме тарады. Бәлкім, рас та шығар. Егер Қазақстан-Қытай достығы анау айтқандай адал әм әлемге үлгі болатын болса, Қытай оқулықтарындағы бейсауат карта қайдан шықты? Ол картаны Қытай тарапы неге оқулықтарға кіргізіп отыр? Ертең әлгі картаны көріп өскен қытай жастары: "Қазақтар біздің жерде неге отыр?", - деп саяси мәселе көтеріп, жер дауына кірсіпесіне кім кепіл?.. Қытайдың мектеп оқушыларына арналған оқулықтарындағы саяси-жағырапиялық картаны кәдімгі құмар ойыны "карта" деп қарастырсақ, Күн Шығыстағы көршіміздің көздеп отырған көзірін ептеп түсінуге болатын сияқты...

Нұрзат Тоқжан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1780
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1761
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1480
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1385