Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4822 0 пікір 24 Қыркүйек, 2010 сағат 14:49

Н.Кәдірімбетова. Түрк дәуірі ескерткіштерінің зерттелуі

Батыс Қазақстан аймағы бойынша

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихының алдында тұр­ған үлкен міндеттердің бірі - ортағасырлық көшпе­лілердің тарихи-мәдени даму ерекшеліктерін зерттеу. Бұл бағыттағы басты кедергілер жеке аймақтардың аз зерт­телуіне байланысты туындайды. Сондай аймақтардың бірі - Батыс Қазақстан даласы.

Сырдарияның орта және төменгі бойында және оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан территория­сында IX-X ғасырларда оғыз тайпаларының әуелгі фео­далдық мемлекеті қалыптасты. Оғыз кон­фе­­де­ра­циясы кірме элементтердің Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындарымен арала­суы­ның нәтижесінде құрылды. Оның құрамына қан­ғар-пе­­че­негтердің біразы және Сырдария аңғарының, Арал маңының және Каспийдің солтүстік төңірегіндегі басқа да далалық тайпалар енді. Олардың бірсыпы­расы Арал теңізінен Каспийдің шығыс жағалауына дейінгі даланы мекенде­ген аландар, астар болды (1).

Батыс Қазақстан аймағы бойынша

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихының алдында тұр­ған үлкен міндеттердің бірі - ортағасырлық көшпе­лілердің тарихи-мәдени даму ерекшеліктерін зерттеу. Бұл бағыттағы басты кедергілер жеке аймақтардың аз зерт­телуіне байланысты туындайды. Сондай аймақтардың бірі - Батыс Қазақстан даласы.

Сырдарияның орта және төменгі бойында және оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан территория­сында IX-X ғасырларда оғыз тайпаларының әуелгі фео­далдық мемлекеті қалыптасты. Оғыз кон­фе­­де­ра­циясы кірме элементтердің Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындарымен арала­суы­ның нәтижесінде құрылды. Оның құрамына қан­ғар-пе­­че­негтердің біразы және Сырдария аңғарының, Арал маңының және Каспийдің солтүстік төңірегіндегі басқа да далалық тайпалар енді. Олардың бірсыпы­расы Арал теңізінен Каспийдің шығыс жағалауына дейінгі даланы мекенде­ген аландар, астар болды (1).

Оғыз мемлекеті туралы алғашқы мәлімет беретін шығармалардың бірі - Ибн Бадих әл-Йаку­би­дің «Китаб ал будан» географиялық еңбегі. Онда автор түрк тілді халықтар мен тайпалар туралы айта келіп: «...Түркістан және түрктер бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінді. Соның ішінде: қарлұқ, тоғыз-оғыз, түргеш, кимек және ғұндар бар» деп сипаттама бе­реді (2). Сонымен қатар, Ибн әл-Факихтың «Китаб-ахбар ал булдан» шығармасында оғыздар кимек, тоғыз-оғыз тайпалары секілді «билеу­ші» тайпа деп есептеліп, түрктер арасында беде­лі үстем болғандығы айтылады (3).

Орта ғасырларда үстірт оғыздары жайында мә­ліметтерді А.Ковалевский түсініктеме беріп басып шы­ғарған, араб миссионері Ахмет Ибн-Фадланның қолжаз­балары да береді. Ол қолжазбаларында Хо­резм­­нен елу фарсах қашықтықтағы Джурджаммо (4), одан шамамен 30 шақырым жерде ораналасқан түрк­тердің қақпасы Замджан, Зам­джан­нан күндік жерде­гі Джит деп аталатын түрк мекен­дерінің атау­ла­ры кездеседі (4). Әл-Муккадидің деректерінде «Джит - оғыздардың жерін­дегі халқы жиі қоныстанған үлкен бекіністі қала».

Оғыз мемлекетінің әлеуметтік стратификациясы мен қоғамдық өміріндегі әдет-ғұрыптар мен рәсімдер жөнінде Ахмет Ибн Фадлан: «...Таудан асып түрк тайпалары ғұздардың еліне келдік. Бұлар басқа да түрк тайпалары тәрізді көшпелі халық. Киіз үйде тұрады. Киізден тұрғызылған үйлерін бір жерден екінші жерге тігіп, көшіп жүреді. Ғұздар аллаға мо­йынсұнбайды, ғылым дегенді білмейді және еш­теңеге табынбайды. Өздерінің ақсақалдарына сиы­нып, оларды құдайдай көреді. Бұлардың мәселелері кеңесте шешіледі» дейді (4).

«...Белгілі ақсүйектердің біреуі қайтыс болған жағдайда, оған арнап үй тәріздес үлкен шұңқыр қазады. Марқұмды шұңқырға жатқызып, тон кигі­зіп, садақ пен кісенін қойып, қолына сусын құйылған құмыра ұстатады және осындай сусыны бар ыдыс­ты оның алдына қояды. Марқұммен бірге шұңқырға оның мүлкі қойылады. Одан кейін үй шұңқырдың төбесі жабылып, топырақпен үйіледі. Содан кейін марқұмның әлеуметтік жағдайына байланысты бір жүз немесе екі жүз бас жылқы құрбандыққа ша­лынады. Басы, терісі, сирағы мен құймышағы ағаш сырықтарға ілініп «бұл атпен марқұм жұмаққа же­теді» деген сөздер айтылады. Егер марқұм батыр болып, тірі кезінде жауды өлтіріп, ерлік танытқан болса, өлтірілген адам санына байланысты, ағаш­тан олардың бейнесі мүсінделіп, мола басына қо­йылып: «Бұлар саған жұмаққа барғанда қызмет етеді» делінген (4).

Оғыздардан қайтар жолда печенегтерге соққан Ахмет Ибн-Фадлан олардың тіршілігін оғыздарға кері­сін­ше сипаттайды. «...Келбеттері қара-торы, сақал-мұрттары қырылған печенегтердің оғыздармен салыстырғанда тіршілігі әлдеқайда төмен» (4).

Тарихи тұрғыдан Батыс Қазақстан даласы тура­лы ең алғашқы дерек осы кезеңмен байланысты айтыла­ды.

Батыс Қазақстан даласында дәлірек айтсақ, Маңғыстау мен Түпқараған аудандарында орта­ға­сырмен байланысты төрт елді мекен қалдық­тары белгілі. Солардың бірінің қазіргі атауы - Қызыл­қала. Ол Шерқара тауына жақын Ақмыш деген жерде орналасқан. 2004 жылы Қызылқаланың азда­ған жеріне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде табылған әйнек ыдыстың сынықтары бойынша Қызылқаланың құрылысы X-XI ғғ. кезеңінде жүргізгені анықталды. Зерттеушілер Қызылқаланы әйгілі Маңғышлақ қаласы деп болжайды. Осыған орай мынадай дәлелдер келтіріледі: біріншіден, қаланың гүлденген шағы XI-XII ғғ, екіншіден, Қызылқала бекі­нісі­нің іргетасы X ғ. II жартысынан бұрын қаланбаған және Маңғыстауға географиялық жағынан жақын Орта Азия қалалық мәдениетінің орталығы Хорезмге тән сәулет тәсілдері сақталып салынған. Үшіншіден, XIғ. мәдени көлденең сызығының өзара орналасуына сәй­кес қабырғаларына жақын баспана құрылысының есебінен бекініс қабырғалары кеңейтіліп, қайта жа­сау­­ға көпе-көрнеу мәжбүр еткен бір оқиғадан кейін таспен қаланған (5).

Батыс Қазақстан даласында ортағасырлық түрк тайпалары қалдырған ескерткіштердің бірі - жерлеу орындары. Олар адамды немесе жануар­ды арнайы рәсімдеп жерлеуге арналған, онда «о, дү­ниеге» аттандыру ғұрпы заттай дерек арқылы көрініс табады. Жерлеу ескерткіштері жерлеу орны, жерлеу кешені (қорған, кесене) мен жерлеу кешендерінің жиынтығы - қорымдардан тұрады (6).

Батыс Қазақстан аймағындағы түрктердің жер­леу ескерткіштерінің зерттелуі өзге аймақтармен салыс­тырғанда артта қалып отыр десек, асыра сілтегеніміз емес. Дегенмен де аймақтағы түрктік жерлеу ескерт­кіштерінің зерттелуіне А.Бисембаев, С.Гуцалов (7, 8), Г.Тас­ма­гамбет (9) сынды ғалымдардың қосқан үлесі зор.

Болгарка I, Атпа II, Оркаш, Есен-Амантау, Солян­ка қорымдарындағы түрк дәуіріне тән жекелеген жерлеу орындары табылды. Мұнда мәйіттермен бірге қабірлерге марқұмның ақыреттік заттары салынған. Зерттеу жұмыстары кезінде қонақ асынан қалған ірі қара мал мен ұсақ мал сүйектерін де кездестіруге болады. Ақыреттік заттар көбіне ат-әбзелдері, әшекей мен ыдыс сынықтарынан тұрады. Табылған бұйымдар құрамы мен жерлеу дәстүрі және жерлеу орнының құрылысын талдап, бұлардың аналогтарына жүгінген ғалымдар жерлеу орындарының хронологиялық уақытын VI-VIII, IX-XI ғғ. белгілейді.

Қарастырылып отырған аймақта түрк дәуірі ескерткіштер тобын Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану мұражайындағы тас мүсіндер толықтыра түседі. Мұражайда түрк дәуірінің бес мүсіні көрмеге қойылған. Олардың аналогиясы, орын­­да­лу стилі, иконографиясы мен сюжеті жөнінен Жеті­су, Алтай, Оңтүстік Орал және Шығыс Еуропа мүсін­де­ріне жақын. Мүсіндер VII, X-XIII ғғ. кезеңделді. Бет-әлпеттері анық сомдалған мүсіндердің біреуінде киім жағасы, екін­шісінің сол құлағына тағылған сырға­сы суреттелсе, үшеуінің қарын тұсында қолдары көр­се­­тіл­ген. Қолдары көрсетілген мүсіндердің бірі­нің қолында құмыра тәрізді ыдысы бар (10). Мүсін қолын­дағы ыдыс қасиетті Суға арналған. Бұл жөнінде тас мүсіндердің қолдарындағы ыдыстардың сим­­во­ли­ка­лық белгілеріне талдау жасаған ғалым А.Досым­ба­­­ева ыдысқа байланысты кең көлемде тарал­­­­­­­­ған дүниетанымдық түсініктерді талдады және «...көшпе­лілердің дүниетанымындағы мыңдаған жылдар бо­йын­да өзін қоршаған ортаға - Аспанға, Жерге, Суға, Елге деген сүйіспеншілігіне ант беру дағдысы болған және бұл қасиетті ғұрыпты жүзеге асырудағы негізгі атрибуттардың бірін - үлгісі антроморфты болып келетін ыдыс иеленген» - дейді (11).

Түрк дәуірі бүгінгі ұрпаққа өз мәдениетінің тамаша археологиялық және жазба ескерткіштерін қалдырды. Бұлар қазақ халқының тарихи мұрасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, бүгінгі күнге де­йін сақталды. Тарихи-мәдени ескерткіштер жазба де­рек­термен үн­де­­сіп, сол аймақтың тарихи оқиғаларынан сыр шерте­ді. Қазірде бұл ескерткіштерді қазақ дала­сының әр аймағына байланысты кешенді түрде зерт­теуде мүмкіндік өте зор және қолға алынып, өз жемісін де бере бастады. Сондай жетістіктердің бірі Арал мен Каспий аралығындағы Үстірт жазығы мен Маңғыстау түбегінің тарихи-мәдени жәдігерлеріне арналған ғалым З.Самашевтің бастауымен жазылған «Үстірт пен Маңғыстау қазыналары» атты монография болып табылады.

 

«Қазақ тарихы» журналынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 899
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 756