Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2952 0 пікір 5 Мамыр, 2017 сағат 11:48

Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында «Самұрық-Қазына» мен Назарбаев Университеті ғылыми-зерттеу зертханаларын құру жөнінде келісімге келді

Қазақстанның үшінші жаңғыруы мен индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының ұстанымдарына сай «Самұрық-Қазына» қоржындық компаниялары Назарбаев Университетімен бірлесе отырып ғылыми-зерттеу зертханаларын құру жөнінде жол карталарына қол қойды.

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компаниялары – «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Бірлескен химиялық компаниясы» ЖШС мен «Назарбаев Университеті» ДББҰ арасында химиялық, көмір және геологиялық ғылыми-зерттеу зертханаларын құру бойынша  жол карталарына қол қойылды.

Бекітілген жол карталары шеңберінде Университет негізінде тәжірибелік ғылыми-өндірістік орталықтар құру және жабдықтау бойынша жұмыс кешенін өткізу жоспарлануда. Бұл бастаманы Қор мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы  туралы тапсырмасына сәйкес қолға алған.

«Бүгінде қоржындық компанияларымыз мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының ұстанымдарына сай әзірленген бастамаларды жүзеге асыруда. Кез-келген модернизацияның мәні өндіріске технологияларды енгізуде. Назарбаев Университетімен қарым-қатынасты нығайту арқасында біздің өсіп келе жатқан және жетілген компанияларымыз кәсіпорындары алдында тұрған нақтылы міндеттерді шешу үшін іргелі зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік алады. Назарбаев Университеті болса, өз кезегінде зертхана алаңына қол жеткізеді, сонымен қатар тәжірибелік зерттеулерді өткізіп, компанияларымыздың қарамағындағы кен орындардан материалдарды сынай алады. Осы бірлескен жұмыстың нәтижесі жоғары болатынына үміт артамыз», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

«Қазіргі таңда біз өзара серіктестіктің үш негізгі бағытын айқындап алдық. Назарбаев Университет пен «Самұрық-Қазына» қорының бірлескен жобаларға кіріскеніне қуаныштымын. Бұл ретте біздің факультет әр алуан салалардағы ғаламдық тәжірибесі мен білімдерімен бөлісуге дайын. Қордың қолдауымен өнеркәсіп, бизнес пен зерттеу факультетіміз арасында тығыз қарым-қатынасты орнату мақсатында біз нақтылы тәжірибелік зерттеулерді жүзеге асырамыз» - деді «Назарбаев Университет» ДББҰ Президенті Шигео Катсу өз кезегінде.

Жол карталары аясында биылғы жылдың күзінде агрохимия өнімдерін халықаралық талаптарға сәйкес сертификациялау бойынша жұмыс істейтін алғашқы зертханалар ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар 2017 жылдың соңына дейін Университет негізінде мұнай өңдіру саласында зерттеу жүргізу үшін арнайы зертхананы құру көзделген. Ал тау-кен ғылыми –өндірістік орталықтардың негізінде байытудан бастап металлургияға дейінгі технологиялық тізбек бойынша өнеркәсіптік сынақтар жүзеге асырылмақ.

Алдағы уақытта Қор Университетпен серіктестікті кеңейтуді көздейді. Жыл аяғына дейін Қордың салалық қоржындық компаниялары мен Университет арасында мұнай-газ және энергетика салаларына қатысты ғылыми-зерттеу зертханаларды құру жөніндегі жаңа жол карталарын бекіту жоспарлануда.

Анықтама:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамының жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. Бұл коммерциялық құрылым, қызметі Қазақстанның ұлттық әл-ауқатын көтеруге және ұлттық экономиканы жаңғыртуды қолдауға бағытталған инвестициялық холдинг болып табылады. «Самұрық-Қазына» Қоры өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақ мерзімді құнын көтеру және тұрақты дамуы үшін оларды тиімді басқару және ұлттық экономиканың басымдық секторларын дамытуға каталитикалық инвестициялар салу арқылы жүзеге асырады. Қор активтері 67,4 млрд АҚШ долларына жуық. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ, көлік және логистика, химиялық және атом өнеркәсібі, тау-металлургиялық кешен, энергетика, машина құрастыру салаларындағы кәсіпорындар енеді.

0 пікір

Үздік материалдар