Жұма, 26 Сәуір 2024
Тамыр 8396 0 пікір 29 Сәуір, 2017 сағат 18:01

«Көк түрік әліппесінің» көкжиегі

Стамбул университетінің профессоры Осман Фикри Сертқая мырзамен сұхбат

 

27 сәуір күні Алматы қаласы, Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде «Тамыры терең әліпби: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты түркі жазбалары мен мәдениеті күндеріне арналған  халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп, конференцияға отандық және шетелдік (АҚШ, Түркия, Орта Азия елдері) түркітанушы-ғалымдар,  қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары, жас зерттеушілер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. Аталған жиынға Стамбул университетінің профессоры Осман Фикри Сертқая мырза да шақырылған еді. Алайда ол конфренцияға келе алмады. Конфренцияға келе алмауының себебін Осман бей  Abai.kz ақпараттық порталының тілішісіне әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығып айтып берді.

-Алматыға келіп, сіздермен қуанышты сәттерді бөліскім-ақ келіп еді. Алайда, Түркі Әлемі Конгресі мен Алматы конференциясының уақыты бір күнге белгіленгендіктен  Алматыға амалсыздан жете алмадым. Десе де, осы бейнебайланыс арқылы өзімнің кейбір ой-пікірлерімді сіздермен бөліссем деймін.

-Осман бей, біз сізді Алматы конфренциясында «Көк түрік әліппесі» туралы ақпарат береді деп естіп едік.

Рас, мен сіздерге «Көктүрік әліппесі» туралы ақпарат бермекші болғанмын. Кезінде Азияның әр бұрышында орын алған тасқа қашалып жазылған таңбаларды оқып түсіну мүмкін емес еді. Бұл мәселе  даниялық оқымысты Вилгельм Томсеннің 1893 жылы  25 қазанда ашқан жаңалығымен шешілгендей болды. Ол ғылыми жаңалағын 1893 жылы 15 желтоқсанда Дания Ғылым академиясының қабырғасында бүкіл дүниеге паш етті. Соның арқасында қазіргі уақытта ұзын саны 800-дей болатын тасқа қашалып жазылған руна таңбалы мәтіндер кәсіби филологтардың оқуы мен талдауының объектісі болды. Ол Күлтегін, Білгеқаған және Тоныкөктің 38 руна әріптік  ескерткіші еді.

Дұрыс айтасыз. Бұл әріптік ескерткіштерге «Классикалық түрік әліпбиі» атауы берілді емес пе?

Иә, аталмыш руна жазуына «Классикалық түрік әліпбиі» атауы берілді. Уақыт өте келе Білгеқаған мен Күлтегін әліпбиіне Тоныкөктегі бірнеше түрі қосылды. Азияның кең аумағында орналасқан жәдігерлер бір-бірінен айырмашылық көрсеткені үшін таңба саны да артып отырды. Қазір ұзын саны 225 ірі ескерткіште руна жазуы 26-дан 64-ке шықты. Сондықтан да Көктүрік әліпбиінен айырмашылғы байқалған жаңа таңбалар мен дыбыстарға байланысты «Көктүрік тарихының мәселелері» атты кітабымда арнайы тоқталып өттім.

1990 жылы Оңтүстік Енисей өңіріне жасалған ғылыми экспедиция нәтижесінде қазіргі күнде белгілі ескерткіштердің сыртында үшінші топқа енетін басқа 22-ден астам жәдігер табылды. Бұл ескерткіштердің қандай да бір транскрипциялық нұсқасы немесе оқылу тәртібі анықталмады. - Біліуімізше,  ғылыми ортада бұл ескерткіштер «Оңтүстік Енисей Әліпбиі» деп аталады. Солай емес пе?

- Иә, ғылыми ортада бұл ескерткіштер «Оңтүстік Енисей Әліпбиі» деп аталады. Бұл бағытта  Ресейде Игорь Кызласов еңбек етсе,  Қазақстанда жас ғалым, талапты інім Нәпіл Базылхан өз зерттеулерін жүргізуде. И. Кызласов 57-ге жуық рунаның 14-ін Енисей және классикалық руна таңбаларымен сәйкестігін анықтап, қалған ескерткіштердің тілдік және дыбыстық ерекшеліктерін таба алмағандығын айтады.

Тілдік белгілері анықталмаған жәдігерлердің саны Орта Азияда жүргізіліп жатқан ғылыми экспедиция нәтижесінде одан әрі арта түсуде. Бұл тұрғыда түркітанушылар ізденіс үстінде екендігі белгілі.

Сондықтан бабаларымыздың, қазіргі тілмен айтқанда, «Классикалық көктүрік әліпбиі», «Енисей әліпбиі» және «Оңтүстік Енисей әліпбиі» түрлерін қолданғандықтарын анықтай аламыз.

Осман бей, «Классикалық көктүрік әліпбиі», «Енисей әліпбиі» және «Оңтүстік Енисей әліпбиі» түрлерінен шығарып Тоныкөк таңбасы туралы айтып беріңізші?

Тоныкөк таңбасы «б » таңбалы болып келеді. Яғни «бана», «бені» дыбысталуы сияқты. Вилли Банг Кауптан бері, Вилли Банг Кауптың атауы бойынша «Көктүрікшеден Осман тіліне дейін» атты кітабында Тоныкөк есерткішін Оғыз тілі ескерткіші деп атайды. Ал осы ескерткіштің 500 шақырымдық маңайында табылған Күлтегін мен Білгеқаған ескерткішінде кездесетін тәуелдік/жіктік жағаулар «м », яғни «мен»,«маған», «мені» ыңғайында кездесіп, олар қыпшақ тілі элементтерінің ізі екендігінің көрсеткіші ретінде танылады.

Енді бір-екі ауыз сөзбен отбасы әулет арасындағы деректеріге тоқталып өтсеңіз болар еді?

Көктүрік Қағанатының Қытай деректеріндегі оқылуы «Ачина» немесе «Асена қағандығы» ретінде айтылатыны белгілі. Мұны «Көктүрік бөрілері», «Бозқұрт оғылдары» ретінде аударма жасап келді. Алайда сол қытай деректерінен басқа да ерекшеліктерді байқай аламыз. Мысалы, «Ачина қағандығының» өкілдері өздерінің қалыңдықтары ретінде қытай деректерінде «ажете» деп көрсетілгеніндей, «Ажете қағандығынан» қыз алады. Ажете қағындығындағы екі қыздың бірі – Құтлық, яғни Елтеріс Қағанға күйеуге шығады. Сіңлісі Тоныкөкпен үйленеді. Одан кейін Тоныкөктің қызы әпкесінің ұлы Білгеқағанмен үй болады. Сондықтан 716 ж. Күлтегіннің Қапқан қағанның ұлы Ил қаған таққа таласып, жеңіп шығып, мемлекеттік лауазым иелері мен сарбаздарды жазалайды. Алайда осы жазалаудан бір кісі дін аман сау қалады, ол Білге Тоныкөк еді. Себебі кім болса да әпкесінің күйеуін, яғни жездесін және  жеңгесінің әкесін өлтіре алмас еді. Осы себептен Күлтегін Білгеқаған ескеркіштері мен Тоныкөк жазулары «құс қанаты талатын қашықтықта» бір-бірінен  450-480 шықырым жерде орын тепкен.

- Бұл бір тарқата айтатын әңгімеге ұқсайды. Шағын сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбаттасқан Ілияс Ақбай

Abai.kz

0 пікір