Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3328 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 19:07

АЯСЫ КЕҢ АКЦИЯ

Елбасымыздың көреген саясатының арқасында бүгiнде Қазақстан дүниежүзiне танымал мемлекеттер қатарына қосылды. Елiмiздiң Еуропадағы Қауiпсiздiк және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету сенiмiне ие болуы осынау мәртебемiздiң бiр айғағы. Тәуелсiз мемлекетiмiздiң береке бастауы көпұлтты халқымыздың ынтымағы жарасқан бiрлiгiнде жатқаны сөзсiз. Мемлекет басшысы айтқандай "саусақ бiрiкпей, ине iлiкпейдi". Әлемдi шарпыған экономикалық дағдарыстан сүрiнбей өтуге сүрлеу салып отырған Президенттiң сабырлы да салиқалы саясаты бiрлiгiмiздi бекемдеп, Орта Азиядағы көшбасшылық рөлiн нығайта түсуде.

«Жақсыдан - шарапат» дегендей, бiз туысқан халықтардың да көкейтестi мәселелерiне немқұрайды қарай алмаймыз және өзгеге өнеге болу үшiн өзiмiздiң де қол жеткен табыстарымызды көздiң қарашығындай сақтай бiлуiмiз керек. Осы мақсатта Сарыағаш ауданында таяуда Азаматтық Альянс бастамасымен өткен "Бiрлiгiмiз жарасқан!" атты республикалық акцияға сәйкес арнайы iс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, "Балалардың бойында барлық мүмкiндiктер бар" тақырыбында қылқалам және қолөнер бұйымдарының көрмесi өткiзiлсе, Сарыағаш қаласы мен Абай ауылында, Қапланбек ауылдық округiнде көрнектi билбордтар орналастырылды.

Сондай-ақ ауданымыздың кәсiпкер қыздары "Балалар - болашағымыз!" ұранымен азаматтардың басын қосып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Нәтижесiнде балаларға 100 мың теңгеге тарта сый-сияпаттар жасалып, мереке тартымды өттi. Дүниежүзiлiк нашақорлыққа қарсы күрес күнiне арналып аудан әкiмiнiң жүлдесi үшiн жалпы халықтың қатысуымен өтетiн "Бiрлiгiмiз жарасқан!" деген ұранмен спорттық жарыстардың жоспары бекiтiлдi. Сондай-ақ медицина және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiне орай игi шаралар ұйымдастырылмақ. Алда республикалық акцияны қолдай отырып, сенбiлiктер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтамасыз етiлген отбасыларға, жалғызiлiктi ардагерлерге қайырымдылық шаралары жасалатын болады. Көктерек ауылы мен Ақжар, Ақтөбе, Бiртiлек, Жiбек жолы, Құркелес ауылдық округтерiнде түрлi ақпараттық көрнекi құралдар орналастырылмақ. Бұл игiлiктi iстер елордамыз  Астана күнi мерекесiне тарту ретiнде жалғасын таба бередi.

Сәуле ӘКIШЕВА

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1045
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 928
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 687
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 785