Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3339 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 18:19

БӘСЕКЕЛЕСТIК БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАҒЫН АШАДЫ

Индустрияландыруға қажеттi жаңа экономиканың өзегiн құру - Мемлекет басшысының Жолдауы мен 2020 жылға арналған Стратегиялық жоспарының басты бағыты. Сол себептi, ҚР Үкiметiнiң 2010 жылдағы қызметiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту. Өйткенi, ол бәсекелестiкке қабiлеттi экономиканың шикiзаттық емес секторының дамуына негiз болады.

Қазақстандық бизнестi кеңiнен қолдау мен кәсiпкерлiктiң жаңа үрдiсiн жандандыру үшiн жағдай жасау туралы жиi айтылып жүр. Осы мақсатта үш бағытта жұмыс жүргiзу қарастырылуда: тексеру жүйесiн реформалау, рұқсат етiлетiн жүйенi толық жетiлдiру және бизнестi нормативтiк-құқықтық жағынан реттеу.

Бизнес-ортаны жақсарту өз кезегiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуге тосқауыл болатын әкiмшiлiк кедергiлердi азайту бойынша шаралар құруды көздейдi. Осы шаралардың бiрi - лицензиялық-рұқсат ету және тiркеу жүйесiн жетiлдiру. Бұл бағытта көрсетiлгенi, рұқсат беру құжаттардың санын қысқарту және олардың тiзiмiн заңнамалық негiзде бекiту, лицензиялаудың кейбiр түрлерiн кәсiби ұйымдардың құзырына бiртiндеп тапсыру, «бiр терезе» және «үндемеу - келiсу белгiсi» қағидаларды барлық рұқсат құжаттарына өрiстету, Е-лицензиялауды бiртiндеп кiргiзумен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерге барлық рұқсат құжаттар бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерiн енгiзу, құжаттарды мiндеттi түрде нотариалдық куәландыруды алып тастау.

Шағын және орта бизнес түрiнде жаңа экономикалық өзегiн жасау бизнес-ортаның сапалы жақсаруына жетуiн қамтамасыз етедi. Бұл шараларды iске асыру әкiмшiлiк кедергiлердi бiртiндеп азайту мен мемлекет пен бизнес арасында оңтайлы диалог құру арқылы қызметiн көрсетiп тұрған және аяғынан нық тұрған кәсiпкерлердiң ғана емес, сондай-ақ жаңа бастамашыл кәсiпкерлiк толқынын құруын жобалайды.

Мемлекеттiк органдардың алдында Елбасы қойған нақты мiндеттер тұр.

Ал, монополияға қарсы орган ағымдағы жылда өз кезегiнде, маңызды экономикалық салалардағы бәсекелестiктi дамыту бойынша мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынасты жалғастырып, тұрақты түрде жанармай, азық-түлiк және көкөнiс өнiмдерiнiң нарықтағы жағдайын қадағалап тұрады. Сондай-ақ, құрылған мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуға мүмкiндiгi бар заңды тұлғалардың одан әрi жүргiзетiн қызметтерiне және оларды құруға келiсiм беру туралы өтiнiш-хаттарды қарау бойынша жұмыстарды жалғастырады. Бәсекелестiктi дамыту бойынша барлық негiзгi шаралар агенттiк әзiрлеп жатқан 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетiлмек.

Г.Әшiрбаева,

ҚР бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң Жамбыл,
Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша
өңiраралық инспекциясының бөлiм бастығы

0 пікір