Жексенбі, 28 Сәуір 2024
4934 3 пікір 4 Мамыр, 2017 сағат 09:51

Ресей және Түркия саудадағы шектеулерді жойып жатыр

Russian President Vladimir Putin (R) shakes hands with his Turkish counterpart Recep Tayyip Erdogan after a joint press conference following their meeting at the Bocharov Ruchei state residence in Sochi on May 3, 2017. / AFP PHOTO / Alexander NEMENOV

Ресей президенті Владимир Путин Сочиде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесіп, Сирияда бейбітшілік орнату жолдарын талқылады. Президенттер жанжалдың дипломатиялық жолмен шешілгенін қалайды.

Путиннің айтуынша, Сирия халқы үшін қауіпсіз аймақтар құру идеясын қосымша зерттеген жөн.

Ердоғанның мәлімдеуінше, Түркия мен Ресей бірігіп, Таяу Шығыстағы жағдайға ықпал ете алады.

Келіссөздерде екі жақты сауда қатынасын жақсарту мәселесі де сөз болды. Түркия ауыл шаруашылығы өкінмдеріне салынған эмбаргоның алып тасталуын сұрады. Путин кейбір шектеулер "объективті себептерге байланысты" қала береді деді. Оған жауап берген Анкара Ресейді астық, жүгері және күнбағыс майын Түркияға баж салығынсыз әкелетін елдер тізімінен шығарып тастады.

Келіссөздерден соң Путин сауда кедергілері мәңгілік емес екендігін айтты, Ердоған болса шектеулердің жақын арада алып тастайтынына үміт артты.

Ресей вице-премьері Аркадий Дворковичтің мәлімдеуінше, жақын уақытта азық-түлік шектеулерінің көбісі жойылады.

Абай-ақпарат

3 пікір