Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3624 1 пікір 24 Сәуір, 2017 сағат 10:28

Жайылма су жеті облысты әбігерге салуда

Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында қардың еруі мен өзендердің арнасынан асуынан 52 елді-мекенді су басып қалды. Астанаға да су келді: оны құтқару үшін қоймадағы суды ағызып, төңіректі суға бөктіріп жатыр.

Үйін су басқан ақтөбелік кішкентай қыздың жылап айтқан видеосын бір күннің ішінде мыңдаған адам көрді. Ол оқулықтары бүлінгеніне қатты алаңдағанын айтып берді. Енді ата-анасы мектеп әкімшілігіне айыппұл төлеуі тиіс.

Қазақстанда республикалық маңызы бар 120 жолды су шайып кетті. Ақмола облысының Атбасар қаласында жағдай қиын. Мұнда өткен жылы ғана салынған бөгет бұзылған, 269 тұрғын үйді және жақында ғана жөнделген мектепті су басты. Тағы 130 үйді су басуы мүмкін. Қаладан 1300 адам көшірілді.

http://www.centralasian.org/a/28439363.html

Су Астана төңірегіне дейін жетті. Астананы тасқыннан аман алып қалу үшін Астаналық бөгетті ашып тастаған, ол су қала төңірегіндегі ауылдарды басып жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар