Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2578 0 пікір 2 Маусым, 2009 сағат 08:20

АҚШ Әзербайжанға көмірсутек жеткізілімдерін жүзеге асыруда көмек көрсетуге дайын – арнайы елші Морнингстар

Баку. 2 маусым. ҚазТАГ – АҚШ-ты энергетика мәселелеріне тарту Американың жеке энергетикалық қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызды, деп мәлім етті 1 маусымда АҚШ-тың еуразиялық энергетика мәселелері жөніндегі арнайы елшісі Ричард Морнингстар, деп хабарлайды TREND Capital ақпарат агенттігі.

«Біз Әзербайжан өзінің көршілері сияқты өздеріндегі мұнай мен газ өндірісін барынша көбейтеді деп сенеміз, соның ішінде жаңа кен орындары есебінен де. Біз Әзербайжанға көмірсутекті нарықтарға жеткізу үшін көмек көрсетуге дайынбыз», - деді Р.Морнингстар. Оның Бакуға сапары 3 маусымға дейін жалғасады.

Оның айтуынша, Кавказ және Орта Азия елдері көмірсутек қорын ұлғайту және түрлі бағыттар бойынша олардың экспортын арттыру арқылы экономикалық дамуды жеделдете алады.

«Әзербайжан өзінің газын «Оңтүстік дәліз» арқылы Еуропаға жеткізу арқылы  Батыспен мықты байланыс орната алады», - деді Морнингстар Бакуда АҚШ сауда палатасы мүшелерінің алдында сөз сөйлегенде.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 226
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 105
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 69