Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 5354 0 пікір 17 Сәуір, 2017 сағат 10:59

Қуат кермесі

Керме — адамның өзге адаммен байланысы кезінде туатын кері әсер ететін қуат арнасы. Екі басты ұғым бар: қуат арнасы және қуат кермесі. Екеуі бір нәрсе емес. Осы екеуінің аражігін ашып көрсетуге тырысайық.

Керме деген де арнайы торап, бірақ мұнда біз қуаттың бұзылуы туралы нәрсені зерттейміз. Керме адамның бір нәрсеге, басқа адамға тәуелділігінен шығады. Яғни, табиғат заңдылығына қарсы шыққан қуат. Адамның еркіндігіне кедергі келтіруші күш.

Қуат кермесінің қауіптілігі дамуды тежеуінде ғана емес, оған қоса осы керме арқылы кері әсер, көңілсіздік, күйзеліс туады.
Өмірде әр адам өзіне қуат кермесін жасап алады. Оны өзі сезбейді де. Бұл оның өміріне қаншалықты кедергі келтіретінін де білмейді. Қуат кермесі адамға тиянақты дамуға жол бермейді. Ал, адам жетілусіз деградацияға түседі.
Керменің пайда болуына табиғи даму заңдылықтың бұзылуы себепші. Жағымсыз көңіл күй неше түрлі сезімдерді тығырыққа тірейді. Оларды бірнешеге бөліп қарастырса да болады:
1. Қорқыныш, ашу;
2. Нәпсі, құмарлық;
3. Билікке ұмтылу немесе шектен тыс мойынсұну;
4. Махаббат пен жеккөрушілік;
5. Дамуға ұмтылу;
6. Ұстаным мен мақсат;
7. Эгрогендер.
Кермені бірнеше жолға бөліп қарастырсақ, оның әр тарабынан әр түрлі түске боялған қуат өтеді.
Керменің өзінен бұрын осы тараптарына бөлінген қуат арналарының қарым-қатынасындағы бұзушылық қауіптірек. Адам өзге адамды өзіне тәуелді етуге тырысқанда керме асқынады.
Керменің бас көтеруі адамдармен араласуды бұзады. Бірақ адам ұрысқан, бас тартқан адамына қатты тартылыс күшін сезеді. Керменің мықтылық деңгейі әр түрлі болады. Керме адамның еркіндігіне нұқсан келтіреді, өзгеге тәуелді етіп, рухани дамуын тежейді.
Керме адам қалауынан тыс пайда болады. Біреу көршісіне жамандық жасады делік. Екеуінің арасында қуат кермесі басталды деген сөз. Ол дегеніңіз қарым-қатынастың ізі.
Оны қолдан да жасауға болады. Өзгеге сыртынан қара дұға жасау осындай керме тудырады. Мұндай кезде керме түрлі түйін, байлау сипатында болады. Мұндай дұға адамның таза қуат көзін тұмшалайды. Қара дұға жасаушылардың да кермесі тұйықтала береді.

Қуат кермесі белсенді және баяу болуы ықтимал. Бәрі де қуаттың жылжуына байланысты.
Керменің мысалдарын келтірейік:
• Аяушылық, көмек көрсетуге, құтқаруға ұмтылыс. Көп адам осы ниеттен теріс жолға түсіп кетеді. Мен жақсылық жасап жүрмін деп ойлаған адам қуат жегіш ашқарақтың қақпанына түсіп қалады. Ол менсіз өмір сүре алмайды деп ойлаудың өзі қателік. Паразитке жем болу.

• Реніш. Бұл өте күшті сезім. Ол денсаулыққа қатер төндіретін күшке ие. Ренжіген адам ренжіткен адамға ойша қайта-қайта орала береді. Сол оймен оған өзінің қуат-күшін жегізеді.

• Кек. Өз дұрыстығыңды дәлелдеу. Кек аламын деген сайын ол адамды ойыңнан сызып тастай алмайсың. Не айтып, не істеймін деп өзіңді өзің тауысасың.

• Кінә сезіну. Өзіңе бағытталған ашу. Өзіңді қателік жасаудан тыю. Олай болмайды. Әр адамның қателікке қақысы бар. Кінә сезіну – өнімсіз сезім. Адам жасағанын өзгерте алмайды. Өзін өзі мүжігеннен ештеңе өзгермейді. Өзгенің алдында кінәсін сезінген адам қалай кешірімін алсам деп күндіз-түні мазасыздыққа түседі. Нәтижесі – қуат кермесі тас бекиді.

• Материалды шығын. Уақтылы қайтарылмаған қарыз екі адамды бір-біріне ұзақ мерзімге байлап тастайды. Қарыз мөлшері үлкен болған сайын қуат кермесі де мығым бола бермек. Қарыз берушінің таңдар жолы бар: ойша қарызды кешу. Сол ақшаны оған сыйладым деп есептесе кермені үзеді. Қарыз алушының жағдайы қиындау. Ол қарыз берген адамды ешқашан ұмытпайды. Бір ғана шешім бар: қарызды беру немесе есесін еңбекпен қайтару. Ұрлау, тонау, алаяқтық — мұның барлығы қылмыскер мен құрбан болар жанның арасында қуат кермесін түзеді. Түйін: ақша мен дүниеге құмартудан бойды аулақ ұстау керек.

• Қызмет көрсеткен адамға есесін қайтаруға ұмтылу. Мұнда да бір қарызданып қалған секілді беймазалық орын алады. «Саған берешекпін» дейді жақсылық көрген адам. Сол арқылы қуат кермесін жасап алады. Қарызды қайтару керек деген ой тиянақ таптырмайды. Бірақ екінші адам жақсылықты ерікті түрде жасағанын естен шығармау керек. Жай ғана риясыз алғыс айтудың өзі жеткілікті.

• Екі адам ұзақ уақыт бойы бірге тұрады. Бірақ бір біріне бөтен. Белгілі бір өмір жолын артқа тастады. Ары қарай не істеуін білмейді. Себебі, бір бірін байлап тастаған. Не екеудің бірі бұл қарым-қатынастан өсіп кетті, алға жылжиын десе, екіншісі кейін тартады. Бұл да қуат кермесін жетілдіреді. Әдет, парыз сақтау, міндет, ұрпақ алдындағы борыш, ортақ мүлікке деген басыбайлылық, серігіне деген аяушылық. Кез келген нәрсе. Тек махаббат емес.

• Өзге адамға иелік ету, құмарту, қызғаныш секілді беймаза сезімдер. Жүрекке түскен жегі құртын ұмытуға еш себеп таба алмайды. Ойы, санасы тек соны қалайды. Қайтсем қолға түсіремін деп естен адасады. Қалаған ойыншығына қолы жетпеген кішкентай бала сияқты болып кетеді. Соны ғана көреді. Басқа ештеңені қаламайды. Бұны махаббатпен шатастыруға болмайды. Бұл ауру. Махаббат өзгенің еркіндікке деген құқын таптамайды.

• Жауапсыз махаббат. Өте ұзақ уақытқа созылатын нәзік түйсікті құрылым. Ол адамның саулығына қатер төндіреді. Барлық сөлін сығып алады. Мұндай күй сүйген адамды да, оның махаббатына жауап қата алмаған адамды да күйзелтеді. Өте күшті қуат кермесі. Бар күш-жігерін жеп қояды. Оның үстіне қуаты тек бір адамға кетіп жатқан соң адам басқа махаббатты жолықтыра алмайды.

• Ең мықты қуат кермесі ата-ана махаббаты. Ата-ана (әсіресе, шешелер) өз баласының жүріп-тұрғанын үнемі мүлтіксіз қадағалағысы келіп тұрады. Оның дамуын өзінің бақылауы мен қамқорлығымен тұншықтырады. Бұны аналық махаббат деуге келмейді. Бұл өзге тұлғаны өз дегеніне көндіргісі келетін санасы дертті жанның белгісі. Нәтижесі өте қиын болуы ықтимал. Бала өзін мына кермеден азат ететін жол табады. Ол ата-анасына ат ізін салуды қояды. Немесе толыққанды тұлға болып қалыптаспай қалады. Жаны мүгедек болып қалмақ. Егер шешесі жеткіншек жастағы ұлын жеке тұлға ретінде қабылдай алмаса, онда ананың қуаты баласының негізгі азаматтық қасиеттерін жауып тастайды. Ұлының жеке өмірінде қиындықтар туады. Ал, әйел баласына әкесімен қарым-қатынасына мән беру керек. Дегенмен, әке мен қызы арасында қуат кермесі ана мен ұлы арасындағы кермеге қарағанда өте сирек кездеседі. Әкелер қызының бойжеткенін тез қабылдайды.

• Өзге адамға бағытталған шынайы сезімін жасырса қуат кермесі бой көтереді. Әрдайым жүректі тыңдау керек. Барлық стереотипті ысырып тастау шарт. Кім, не дейді деумен өмір сүруге болмайды. Біреулер ұнатқан адамына сезімін білдіруге ұялады. Ақымақ болып көрінуге, күлкілі жағдайға тап болуға қорқады. Немесе бұлай болу мүмкін емес, жұрт не дейді деген ой маза бермейді. «Мен ол ойлағандай адам емеспін» деу де қате пікір. Сезімді көрсету керек. Айту керек. Оны қалай ұнататыныңды, бағалайтыныңды, құрметтейтініңді білдіру күнә емес.
Өте маңызды! Қуат кермесі өте тез орнығады. Егер жаман көңіл күй күштілік етсе, онда кермеге байлана береді. Адам осындай қуат кермелерден құтылмаса, өмірінде бұрын орын алған жағдайларды, сондай адамдарды тарта береді. Барлық тартылыс күштері осы кермелерге тәуелді.
Артық кермеден құтылу сабақтары бар. Эзотерика саласында оларды шауып, өртеп, бұзып, құртады. Бірақ бұлай құтылу үшін адамға экстрасенсорлық қасиеттер керек.

Мұндай қасиеті жоқ адамдар не істемек? Егер адам өз кермесін байқай алмайтын болса, қайту керек? Кермеден құтылмас бұрын адам өз көңіл күйін немен қоректендіретінін қадағалауы қажет. Жағымсыз нәрселерді жоюға тырысқан абзал. Сүйген адамыңды бар болмысымен қабылдау, сүйе алмағаныңды жіберу. Сонда керме босайды.

Егер бұл қиын болса, ойлап қараңыз, өміріңіздің соңына дейін осы адам туралы жаман ойлап өткіңіз келе ме, әлде бәрін өзгерткіңіз келе ме? Сіз бұл адаммен әрбір өміріңізде кездесе беретін боласыз. Сондықтан мәселені бірден шешіп үйренген дұрыс.
Кермені жою рухани деңгейдегі байланысты үзбейді. Кермеден құтылған адамдар бір бірін жақсы көруден танбайды. Тек әр адам еркіндікке қол жеткізеді. Сонда әркім өз тағдырының иесі атанады. Шынайы махаббат деген осы.
Айналамыздағы нәрсенің бәрін сау көзбен көріп дағдылану қиын емес. Болымсыз дүние үшін ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ. Кермеден құтылу оңай екенін естен шығармаңыз.

Аударған Шынар Әбілдә

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1046
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 781
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 902