Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Адасқандар 6397 4 пікір 12 Сәуір, 2017 сағат 11:26

Сириядағы содырлардың басшысы болған 19 жастағы қазақстандық кім?

(Абдел Рахман Исламның қаза тапқандағы ғаламтордағы соңғы суретінің бірі)

«ZONA.kz» сайты 2014 жылы сириялық әскерилердің арнайы операциясы барысында, «Хорасан» содырларының басшысы болған, бұрынғы қазақстандық – Абдел Рахман Исламның өлтірілгендігі туралы ақпаратты хабарлады. Ол өз айналасындағыларға әйгілі «Абу Хурайра аль-Казахстани» есімімен танымал болған. Тек оның өзі ғана емес, қол астындағы бағынышты болған адамдардың да соғыс кезінде қаза тапқандығы жайлы ақпараттар БАҚ-та жарияланды. Атап айтсақ, оның жақтастарының бірі шешен ұлтынан Абу Масламның да қаза болғандығы хабарланған еді.

Хорасандағы соғыс туралы батыс және араб т.б. басылымдары жариялады. Латакияның солтүстік провинциясындағы «Айн аль-Байда» деген жердегі арнайы операция кезінде, бетіне оқ тиіп қаза тапқан екен. Бар-жоғы 19 жасында мерт болыпты. Алайда, ол террористік топтың арасында көзге түсіп, Хорасандағы содырлардың басшысы болып тағайындалған. Біз, Абдел Рахманмен ғаламтор арқылы хат жазысқан азаматшаны таптық. Олар ҚР болған кездері және экстремистік топтың қатарына өткенінде ғаламтор арқылы хат алмасыпты. Ол кісі Алматы қаласындағы, Каспий университетінің А... есімді 3 курста оқитын студенті. Бізге екеуінің арасындағы әңгімелерін жариялап, өз сұхбатын беруге келісімін берді.

– Хорасандағы содырлардың басшысы, экстремистік ұйымға кімдердің ықпалымен қосылды?..

– Біз екеуміз танысқан кезде, ол маған бір адамның бейне үндеулерін көретінін жазған. Мағанда көр деп айтатын. Мен, бірақ оған назарымды аударған жоқпын. Сол бойы ол бейне роликтерге мән бермедім. Теледидардан оның суретін көріп, қайтыс болғандығын естігенде таң қалдым. Содан кейін ғаламтордан ол туралы іздесем, Сириядағы достарының оған көңіл айтып жатқандығын көргенмін. Қазір сіз өтінген соң сол жазбаларды іздеп қарасам, оның бәрі өшірілген сияқты. Оның достары «жақсы адам болды» деген жылы сөздерін жазған. Оның тыңдаған бейне роликтері қазақ тілінде соғысқа шақыратын. Мен кейінірек ол тыңдап жүрген адамның атын, ютуб порталынан іздеп көрдім. Беттеріне қара бет пердені киген қазақ тілінде таза сөйлемесе де, қазақ тілінде сондағы соғыстарға шақырып жатыр. Бұл адамның атын қарастырып көрсем, тауып алуымыз әбден мүмкін!? Мен, бұл кезде кішкентаймын. Ешқандай арам ойым болмады. Не айтып жатыр деп, тіпті мүлдем ойламаппын? Оны жақсы есіме түсіре алмай тұрмын. Біз, агент желісі арқылы сөйлескенбіз! Ол содан кейін Сирияға кетіп қалды. Басында аты Рахман деп тұрған болатын, сол жаққа кеткен соң «Абу Хурайра аль-Казахстани» деген есіміне өзгертіп алды. Екеуміз сөйлескен кездері Сирия туралы ештеңе айтпады. Ол біраз уақыттың ішінде мүлдем хабарсыз кетті. 2014 жылы қал жағдайымды сұрап, бір рет Сирияда жүргенінде жазды-ау деймін?!.

Біз сұхбат берушімен бірлесе отырып, аталған бейне роликтегі соғысқа шақырушыны іздеп таптық. Ғаламтор желілері мен ВКонтакте желісінде ол бейне роликтегі ақпараттар сақталған екен. Ондағы бір топ қару асынған жастар, бет пердені киген адам сөз сөйлейді және өздерінің істерін дұрыс деп санайды. Таяу шығыстағы елдерде болып жатқан соғыстарға шақырып, өздеріне көмектесуді өтініп, оларға қосылуға шақырады. Бейне үндеудегі Абу Муад аль-Мухаджир (Abu Mu'adh al-Muhajir) қазақ тілінде өз үндеуін айтып, қазақстандық мұсылмандардың бәрін таяу шығыс елдеріндегі соғыстарға шақыруда. Бейне үндеудегі содырлардың шынайы аты-жөні белгісіз. Жүздерін қара бет пердемен жауып алған соң, олардың түрін анықтап көру бізге мүмкін болмады.

(Аталған бейне үндеудегі ғаламтордағы насихаттаушылардың  жасалынған скриншот)

Осы сияқты үндеулерге біздің жастарымыз еріп, өзге елдегі соғыстарға араласып жатыр. Олардың көбісі қазіргі кезде осындай өлілердің қатарында. Тіпті қай мемлекетте немесе қай террористік топтың қатарында соғысып жүргендерін нақты білмейміз. Сондықтан да ғаламтор желілеріндегі теріс діни насихаттардан сақтанғанымыз жөн.

Біз келесі кейіпкеріміздің сұхбатын да осы тақырыпқа арнасақ. Ондағы содырлардың күнделікті өмірін сипаттап жазуға тырыспақшымыз. Себебі, біздің тағы бір өзге 1995 жылғы Жаңаөзен қаласындағы кейіпкеріміз де, осылай ғаламтор арқылы ұзақ уақыт хат алмасып, қарым-қатынасын жасаған екен. Абдел Рахманның экстремистік және лаңкестік топтағы, ең алғашқы жылдары бірге болған өте жақын досымен сөйлескен. Біздің ендігі Ш... есімді кейіпкеріміз тек қана Рахманның досымен емес, олардың әйелдерімен де сөйлесіпті. Бұл сұхбатымызда, ондағы содырлардың өмірінің шынайы бет бейнесі ашылып қана қоймай, әйел адамдардың да тартқан ауыр азабтары мен қиыншылықтары жазылады.

Террордың жұбайы неліктен өкінеді?

  • Сәлеметсіз бе, Ш... ханым! Сіздер қалай таныстыңыздар, қай жылдары? Өзі қай жақтан еді?
  • Ш. –Сәлеметсіз! Негізі өзінің шынайы аты-жөнін нақты білмеймін. Әйтеуір, ғаламтор желілерінде неше түрлі аттары болды. Әлеуметтік желіде әртүрлі аттармен тіркелген. Орталық жақтан болуы керек. Мой мир мен Агент желілері арқылы танысқанбыз. 2012 жылдары болуы керек...
  • Не жайлы сөйлестіңіздер? Оның террорлық ұйымға кеткендігін қалай білдіңіз? 
  • Ш. -Діни мәселелер туралы сөйлестік. Шетелге барғысы келетіндігін жазды. Маған бір суретін жіберіп еді. Компьютердің алдында құлаққаппен отқан бір суреті болды. Ол жаққа қай кезде, қашан кеткендігін білмеймін. Маған «Усуд Альхарб» деген әлеуметтік желідегі тіркелуші айтқан. Ютуб порталын қарап отырған кезімде, наурыз айының аяғында болуы керек. Сол кезде соның суреті шығып тұрды бір бейне роликтен (Абдел Рахманның). Соны қарадым. Оның өлгені туралы бейнесін түсіріп шығарыпты. Ұялы телефон арқылы ВКонтакте желісін ашқанмын осы кездері. Менің достығыма көбінесе діни адамдар жинала бастады. «Усуд» деген бір жігіт болды. Ұлты өзбек екен. Ол маған смс жазды. Жаңағы бейнені жеке парақшама салдым. Содан кейін ол маған «Абу Хурайраны танисыз ба?» деді.
  • Қай тілде хат алмастыңыздар?
  • Ш. -Орыс тілінде сөйлестік. Мен, сіз оны танисыз ба дедім. Ол маған мен оның қасында болдым дейді. Содан кейін ол қайда жерленгендігін білетіндігін айтты. Осындай күні, осындай жерде қаза тапты деп.
  • Нақты қай күні екендігін білесіз бе?
  • Ш. -17 наурыз болуы керек. Сол бейне роликтеде жазылып тұрған. Осы күнді айтты. Сирияның Алеппо қаласында, бірдене деген шайқаста қаза тапты деді. Кейінірек Усуд Альхарбтың әлеуметтік желідегі қысқаша мәлеметтерінде үйленгендігі туралы ақпараты тұр екен.  Бір қыздың аты жазылып тұрған. Бұл кейін басқа қыздың атына ауысып кетті. Бұл қыздардың жеке парақшалары да әртүрлі. Ауыстырған келіншегімен сөйлесіп жүрдім. Келіншегі де айтып жүрді. Абу Хурайраны көрдім деп. Келіншегі осында (террорлық ұйымға) 2014 жылы қыс мезгілінде келдім дейді.
  • Осы сізбен хат алмасқан қыз қай жақтан екен?
  • Ш. -Қыз дағыстандықта, Усуд Ресейдің өзбегі болуы керек. «Абусамина», «Усуд», «Абдурошид» деген әлеуметтік желідегі парақшалары болды. Әлеуметтік желіде жаңалықтарды табу үшін, алдына арнайы белгі қойып іздегенде осының барша парақшалары да, жазбалары да шығады. Бұл әлі күнге дейін тірі болып шықты. Мен, Усудқа жазған болатынмын. Хурайраның зиратына алып барасыз ба, егер сіздердің қастарыңызға барсам деп?.. Ол алып баратындығын айтты. Усуд маған Хурайра бізге шынайы аты-жөнін айтпады дейді. Тек «Абу Хурайра» деп таныдық деген болатын. Онымен жақсы араласып кеткендігін жазды. Оны сағынып жүрмін деп еді. Мен барған кезде, олда жаңадан келіпті деген. Екеуміз бірге дайындалып, көп уақыт бірге болдық дейді. Сөйтіп, дос болып кеткендігін жазды. Қазіргі кезде Усуд сарапшы. Бұл екеуі алғаш барғанда, бұларға әскери дайындықты басқа адамдар үйреткен. Қазір Усуд жаңадан келгендерге үйретушілердің бірі екен. Басқа да өзінің Сирияға қалай барғандығын жазды. Жолдағы қиындықтарын айтып...
  • Террорлық ұйымға қалай барғандығын айтып бересіз бе? Есіңізге түсіріп!
  • Ш. -Ресейден жолға шыққан. Ресей арқылы Түркия мемлекетіне барыпты. Түркиядан әрі қарай автобус жүріпті. Одан кейін қайық арқылы бір өзендерден өттік дейді. Сол жолдарда адамдарды тексереді екен ғой. Сирияға кетіп бара жатыр ма, жоқ па деп. Содан аман-есен өттік деді. Ең алғаш барғанда, ешкім бір-бірін танымады ғой?! Ер адамдарды жеке, әйел адамдарды басқа орынға жіберіпті. Осылайша бардым деген. Негізі өзі «ДАИШ» ұйымына бара жатқан. Бірақ, ол «Джебхат ән-Нұсра» тобына қосылыпты. Екі ұйымды салыстырғандығын айтты. Ұйымдағы адамдардың қарым-қатынастары туралы. Одан кейін уағыздарды тыңдағандығын жазды. «Сайфуллах Шишаниды» және т.б. Көп нәрсені үйреніпті. Сөйтіп, «ДАИШ» ұйымына кетпей қалған. Негізі ары қарай «ДАИШ»-қа кетіп қалатын жол болыпты.
  • Нақты қай қалада немесе қай жерде болғандығын білемісіз?
  • Ш. -Білмедім. Сирияның бір жері болуы қажет. Әйтеуір, Түркияға шекаралас. Негізі өзі Ресейде шаштаразда жұмыс істепті. Осылай қаражат жинағандығын жазды. Ресейде әйелі және бала-шағасы болған. Бірақ, отбасы артынан бармаған. Өзі екі жақтада үйленген екен. Мен, сөйлескен «Муслима» деген қыз алтыншы әйелі. Усуд өзінің Ресейдегі баласының суретін әлеуметтік желіге салған болатын. Бүгін бес жасқа толды деп. Баласы өзінен аумайды.
  • Усудтың жасы қаншада? Сонда Усудтың қанша әйелі болған?
  • Ш. -1992 жылы дүниеге келген. Сирияда бесеу, Ресейде біреуі болған шығар, бәлкім?! Маған әйелі Муслима аяғы ауыр екендігін жазды. Әлеуметтік желімен сөйлескенде, көптеген құпияларын жазушы еді. Жүзім жегім келеді дейді. Оны күйеунің алып бермегендігін жазды. Бірақ, Усудқа айтпауымды өтінген болатын. Бір ретте ауырып жатқандығын жазды. Сол кезде де жолдасы көмекке бармапты. Маған бір сестра көмектесті деп жазады. Аяғының ауырлығына екі ай болыпты.
  • Әйелдерінен тек «Муслима» есімдісімен ғана байланыстыңыз ба?
  • Ш. -Иә! Осы «Муслима Абдуллаева» деп тіркелген. Оның қиындықтарына, сенің қасында болсам көмектесер едім деп жаздым. Ол сенің болмағанын жақсы деп жауап қайтарды. Анасы мен әкесінің тастап кеткендігін айтып, өзі өкінемін деді. Мен, онымен «Айша ...» деген парақшамен сөйлестім. Кейін бұл парақшам аяқ астынан бұғатталды. Бір ретте уланып қалғандығын жазған еді. Мен, одан қандай тамақ жегендігін сұрадым. Сонда ол қызанақ пен қиярды жегендігін жазды. Осыдан қатты ауырып жатырмын деген. Қызуының түспей жатқанын айтты. Мен, жолдасымды шақырсам да келмейді дейді. (Усудты) Күйеуім басқа үйге түнейді деді. Қасындағы бір сестра көмектесті деген.
  • Сізге осылайша өзінің сырымен бөлісіп, күйеуі екеуінің арасындағы мәселелерді жазушы ма еді?
  • Ш. -Иә! Жеке парақшасында кілең жылап тұрған жазбаларды, суреттерді жариялайды. Мұнды жазбалары көп. Мен араларын жақсы болмай жүрме деп сұрадым. Сонда тағыда ол үйленіп алған сияқты дейді. Өйткені, оның достығында «Амина» деген қыз пайда болды деген.
  • Сонда оның достығында тек әйел адамдар ғана болған ба?
  • Ш. -Тек қана әйел адамдар болды. Бірақ, менің де достығымда болды сол жігіт. Муслима осылай сырларын айтты. Жылап тұрған смайликтерді жіберуші еді. Маған келмеуім керектігімді жазды. Анасы мен әкесінің тастап кеткені үшін өкінемін дейді. Егер, мені отбасым қабылдаса қайтып барар едім деген. Кейін Муслимада ВКонтакте әлеуметтік желісіне кірмей кетті. Мен, ойлап едім босанатын уақытысы келген шығар деп. Бірақ, ол көп уақыт кірмей кетті. Кейін «Амина» деген тіркелушінің жеке парақшасына кіріп қарадым. Бұл Усудтың парақшасынан сілтемелер жасап жүр екен. «Мой муж!», «Мой храбрый!» деген сөздерді жазып. Муслима маған осы Аминаға күйеуінің үйленіп алды деген. Мен, ол Сирияда ма деп сұрағанда, жоқ деген болатын. Олар Skype желісі арқылы үйлене береді екен.
  • Сонда ғаламтор арқылы Аминамен некелескен бе?
  • Ш. –Иә! Ғаламтор желілерімен танысып, ұнатса үйлене береді. Кейін бір-бірін шақырады екен. Аминаның жеке парақшасына кірсем, Ресейден деп тұр. Мен бұрында Сириядан келгендердің сұхбатын берсе, оларды сатып алған деуші едім. Негізі ол жақта жүргендер, күшті қылып ақпараттарды таратады. Өздерінің арнайы жаңалықтар хабарлайтын жүйелері бар.
  • Сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Біздің Ш... есімді кейіпкеріміз, бұрынғы кездері террорлық ұйымға аттанбақшы болған жандардың бірі. Өзінің тұрғылықты мекен-жайындағы тиісті мамандар мен қызметкерлердің арқасында, бұрынғы ойынан қазіргі кезде қайтқан. Сондықтан да оқырман қауымға, осы бір өміріндегі құпияны ашуға бекінді. Террорлық ұйымдағы әйел адамдардың шынайы өмірін, осылайша ондағы жандармен ғаламтор арқылы тікелей сөйлесіп білген. 

  Біз Усудтың «Абусамина Муслим» деген, ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасын таптық. Бұл парақшаны табуға, Ш... есімді кейіпкеріміз көмектесті. Екеуі байланысқан кездері, Усуд өзін ғаламтор желілерінен қалай іздеп табу керектігін жазыпты. ВКонтакте желісі арқылы Усудтың осы жеке парақшасымен хат алмасып көрдік. Бірінші кезекте, оның террорлық және лаңкестік ұйымда екендігін сұрағанымызда, ол сонда екендігін растады. Және Ш... есімді кейіпкеріміздің бізге берген сұхбатын растау үшін, одан Абдел Рахман Исламды танитындығын сұрадық. Сонда ол өзінің өте жақын дос болғандығын жазды. Және ол туралы айтуын өтініп едік. Бірақ, ол уақытым тығыз дейді. Уақыты болғанда айтуға келісімін берген болатын. Алайда, «Абусамина Муслим» парақшасы ВКонтакте әлеуметтік желісінде бұғатталынып тасталынды. Бір аңғарған тұсымыз, кейіпкеріміз сұхбатта айтқандай Усудтың «Абусамина Муслим» деген парақшасының жазбалары, әскери дайындықтарға бейне роликтер арқылы үйретіп жүр екен. Қаруды қалай ата білу, пайдалану және т.б.

Қадірәлі САРЫПБЕК

Abai.kz

 

 

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1678
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1630
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1362
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1296