Сенбі, 4 Мамыр 2024
5755 7 пікір 11 Сәуір, 2017 сағат 16:52

Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеуге болады

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов қазақ тілін бар-жоғы 137 сөздің төңірегінде түсініп, сөйлеуге болатындығын айтып отыр.

 

- Қазақ тілінің әдістеме саласына келер болсақ, қазіргі таңда Орталық әдіскерлері мен мамандары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен «Қазақ тілін модельдер арқылы оқытудың мультимедиалық нұсқасын» және «Қазақ сөзі» оқу-әдістемелік құралын әзірлеп жатыр. Бұл әдістемеде тіл үйретуге қажетті сөздер сұрыпталып, күнделікті қолданылатын сөздердің минимумы алынды. Оның өзін белгілі бір деңгейге бөліп қарастырамыз. Алғашқы қазақ тілінің 137 сөзін білсеңіз, осы тілді түсініп, өзара қарым-қатынас орната аласыз. Біз сөздердің күнделікті қолданылу жиілігіне қарай, 137 сөзді таңдап, бастапқы деңгейге оқу-әдістемелік құрал шығардық. Ендігі кезекте осы құралдың жалғасы ретінде 500 сөзге құрастырылған оқулықты әзірлеп жатырмыз, -дейді ғалым.

Tilalemi.kz сайтынан қысқартылып алынды

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1115
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1014
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 752
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 863